Экспресс-жүктер үшін жолаушы кедендік декларациясын пайдаланып, кедендік декларациялау жүзеге асырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баж, салықтар төлеу туралы құжаттарды толтыру тәртібінің 10-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 5 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі 52-бабының 5-тармағына және 266-бабының 24-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 шешімімен бекітілген Экспресс-жүктер үшін жолаушы кедендік декларациясын пайдаланып, кедендік декларациялау жүзеге асырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баж, салықтар төлеу туралы құжаттарды толтыру тәртібінің 10-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      он бірінші және он екінші абзацтарда екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Ресей Федерациясында элемент толтырылмайды";

      он үшінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Ресей Федерациясында элемент толтырылмайды".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян