Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің жемістерді өңдеудің жекелеген өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 61 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 2007 99 500, 2007 99 500 4, 2007 99 500 5 және 2007 99 500 7 кодтарымен сыныпталатын жемістерді өңдеудің жекелеген өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы аралықта кедендік құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2007 99 500 3, 2007 99 500 4, 2007 99 500 5 және 2007 99 500 7 кодтары бар позицияларында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертудегі "30С)" сілтеме "54С)" сілтемемен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 54С) ескертумен толықтырылсын:

      "54С) кедендік құнының 0 (нөл) пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз
Республикасынан
Ж. Разаков

Ресей
Федерациясынан
А. Силуанов