Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу жоспарының ІІ бөліміне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 56 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгеріс енгізу және күшін жою тәртібінің 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың 3-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 31-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне өзгеріс енгізу жөніндегі жоспардың ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы 39-позициямен толықтырылсын:

"39. Қаптаманың
қауіпсіздігі туралы (КО ТР 005/2011) (техникалық регламентті қолдану практикасының нәтижелері бойынша оның жекелеген талаптарын нақтылау бөлігінде № 4 өзгеріс)

Беларусь Республикасы

мүше мемлекеттер

20121 жылғы
ІҮ тоқсан

36"

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян И. Петришенко Ә. Смайылов Ж. Разаков А. Силуанов