Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 53 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 256-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттары тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне № 6 қосымша) 3 және 5-тармақтарындағы "өткізетін" деген сөз "әкелетін" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз
Республикасынан
Ж. Разаков

Ресей
Федерациясынан
А. Силуанов