Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия жанынан кеден заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" № 61 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 51 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия жанынан кеден заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" № 61 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз
Республикасынан
Ж. Разаков

Ресей
Федерациясынан
А. Силуанов