Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 32 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 12 ай өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян И. Петришенко Ә. Смайылов Ж. Разаков А. Силуанов