Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 203 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы "Кедендік декларация беру Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімнің тізбесін бекіту туралы" № 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) атауы және 1-тармақ "сәйкестікті бағалау туралы құжатты" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат жайындағы деректерді)" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) аталған шешіммен бекітілген кедендік декларация беру Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімнің тізбесінде:

      атауы "сәйкестікті бағалау туралы құжатты" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат жайындағы деректерді)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-графадағы 12-тармақ "8430-дан" деген сөздердің алдынан "8412-ден" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян