Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасының 9-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 128 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 360-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №210 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасының 9-тармағының "а" тармақшасының алтыншы абзацы "(оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 161-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес аталған кедендік рәсім қимылдарын аяқтау бағамдалатын тауарларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К.Минасян