Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 687 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 маусымдағы № 86 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 14-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден органдарының лицензияланатын тауарларды ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелуді және осы аумақтан әкетуді бақылауының бірыңғай тәртібі туралы ереже туралы" № 687 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян