Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 ақпандағы № 21 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-баптарына және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 13 қосымша) 6-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 59 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже мынадай мазмұндағы 71-тармақпен толықтырылсын:

      "71. Комитет төрағасының орынбасары болып Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер құзыретіне кіретін Комиссия департаментінің директоры тағайындалады.

      Комитет төрағасы болмаған жағдайда Комитет төрағасының орынбасары осы Ереженің 7-тармағында көзделген Комитет төрағасы функцияларын орындайды.";

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян