Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 126 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі №29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесінің 56-позициясы мынадай редакцияда жазылсын:

"56. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2018 ж. IV тоқсан.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
К. Минасян