Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 124 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 11-бабына сәйкес алдын ала ақпаратты ұйымдастыру бөлігінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары ақпараттық жүйелерін пысықтау қажеттігіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 сәуірдегі №51 шешімінің 2-тармағы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 сәуірдегі №52 шешімінің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі №56 шешімінің 3-тармағы, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі №57 шешімінің 3-тармағы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі №62 шешімінің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
К. Минасян