Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 96 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі №29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесінің ХІХ бөлімі мынадай мазмұндағы 761 -тармақпен толықтырылсын:

"761. Үшінші елдермен кедендік ақпарат алмасу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында электрондық ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруды қамтамасыз ету

2018 ж.
ІІ тоқсан.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т.Саркисян