Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 4203 10 000 1 және 4203 10 000 9 кіші қосалқы позицияларына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 95 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешіміне қосымша) 4203 10 000 1 және 4203 10 000 9 кіші қосалқы позицияларының үшінші графасындағы " - " белгісі "дана" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян