Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 8 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің одақ (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 44-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 22 наурыздағы №24 шешімімен бекітілген Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 7-тармақтың "е" тармақшасы қазақша мәтінінде "топтары" деген сөзден кейін ", кіші комитеттер" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 13-тармақта:

      бірінші абзац қазақша мәтінінде "топтары" деген сөзден кейін ", кіші комитеттер" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац қазақша мәтінінде "топтарының" деген сөзден кейін ", кіші комитеттердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян