Турбореактивті қозғалтқыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 161 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 26 мамырдағы № 77 шешімімен бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 12 300 7 және 8411 12 800 1 кодтарымен сыныпталатын турбореактивті қозғалтқыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімі қоса алғанда 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 12300 7 және 8411 12800 1 кодтары бар позициялардағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "4С" сілтеме "53С" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 53С ескертпесімен толықтырылсын:

      "53С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.01.2018 бастап қоса алғанда 31.12.2020 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, бірақ ерте дегенде ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян