Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 21 наурыздағы № 31 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесінің 47-позициясы мынадай редакцияда жазылсын:


"47. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімге қол қойылған күннен бастап 9 ай ішінде".



      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян