Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органының) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 10 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 99-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органының) "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімінің күші жойылды деп танылсын.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан