Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 159 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік декларациялар толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Ереженің 1-тармағының "г" тармақшасында көзделген өзгерістер (Осы Шешімге қосымша) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 159 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден төлемдерін төлеу жөніндегі жеңілдіктер сыныптауышының 1.1 кіші бөлімде (7-қосымша):

      а) СМ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің туын көтеріп жүзетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген және 2018 жылғы 1 қаңтарды қоса алғанда, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттін кемелер тізілімінде тіркелген  балық, теңіз, өнімдерін (ЕАЭО СЭҚ ТН 8902 00 100 0 коды) қайта өңдеу мен консервілеу үшін балық аулайтын кемелерге, жүзбелі базалар мен өзге де кемелерге қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

CM";
 

      б) ВЛ коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Аэроғарыш саласында пайдаланылатын титан құймалары мен қорытпаларын өндіруге арналған және 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңде жыл сайын 40 тоннадан аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 кодымен сыныпталатын титан оксидтеріне қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

ОТ";
 

      в) ПЛ коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 57 шешімімен бекітілген Қабылдаулар үйінің құрылысы мен ресми іс-шаралар өткізу мақсатында Қырғыз Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың тізбесіне сәйкес 2016 жылы Қабылдаулар үйінің құрылысы мен ресми іс-шаралар өткізу мақсатында Қырғыз Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

ДП";
 

      г) СК коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 64 шешімімен бекітілген кеме жасау өнеркәсібі үшін станоктардың жеке түрінің тізбесіне сәйкес Ресей Федерациясының мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мақсатында кеме жасау өнеркәсібі үшін 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 2016 жылғы 31 қазанды қоса алғанда, Ресей Федерациясына әкелінетін станоктарға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

СЗ";
 

      2. Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәлімет түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):

      а) 1-бөлімде:

      01018 коды бар позиция алып тасталсын;

      01018 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"01081

Дәрілік заттарды әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)";

      01332 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"01341

құрамында озонды бұзатын заттар бар озонды бұзатын заттар мен өнімдерді әкелуге және (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)";

      б) 10-бөлімнің 10051 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"10051

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Дәрілік заттар айналымының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 14-бабында көзделген немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің дәрілік заттарының мемлекеттік тізіліміне сәйкес келетін Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарының бірыңғай тізіліміне тіркелген дәрілік заттарды енгізу туралы мәліметтер".