Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кеден аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Техникалық реттеу хаттамасының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 9 қосымшасы) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің № 2 қосымшасының 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса берілген Өздеріне қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" техникалық регламенті (КО ТР 035/2014) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 66 шешіміне ҚОСЫМША |
Өздеріне қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" техникалық регламенті (КО ТР 035/2014) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестілікті бағалау туралы құжат | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Сигаралар, сигариллалар (сигариттер), сигареттер, кретек, папиростар, биди |
2402 10 000 0 | сәйкестілік туралы декларация | |
2. Шегетін жіңішкелеп кесілген темесі, кальянға арналған темекі, түтік темекісі |
2403 11 000 0 | сәйкестілік туралы декларация |
|
Ескерту: | 1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет. | |
2. Кеден одағының "Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 035/2014) техникалық регламенті таралмайтын темекі өнімі: |