Жапырақ тұқымдастардан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған сүректі целлюлозаның жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 29 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4703 29 000 1 кодымен сыныпталатын, жапырақ тұқымдастардан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған сүректі целлюлозаның жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 мамырды қоса алғандағы аралықта кедендік құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4703 29 000 1 позиция төртінші бағанда ескертпеге "4С)" сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 14С ескертпеде "2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 29 шешімі күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 мамырды қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешім 2-тармақтың "а" тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешімнің 2-тармағының "а" тармақшасы 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян