Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақ Сотының судьялары лауазымына тағайындау туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 1 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша) 10-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақ Сотының судьялары лауазымына:

      Галина Анатольевна Скрипкина;

      Айжамал Мусуратбековна Ажибраимова тағайындалсын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясынан