Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасын әзірлеу туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 5 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабы 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің станок жасау саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасының жобасын әзірлесін және оны 2015 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленген тәртіппен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына енгізсін.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 
 

Қазақстан Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан