Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 78 шешімі

            Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналардың:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 19 шілдедегі № 112 шешімі 2-тармағы үшінші абзацының;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 18 қазандағы № 185 шешімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 6 наурыздағы № 31 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко