Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлар номенклатурасына самырсын жаңғақтарына қатысты өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 51 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 08 тобы (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпесімен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпесі:

      1. 0811 90 950 0 кіші қосымша позициясындағы мұздатылған самырсын жаңғақтары 35С-тан төмен температураға дейін салқындатылған самырсын жаңғақтары болып табылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік
30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко