Балықтың ұрықталған уылдырығының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 44 шешімі

            2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

            1. ЕАЭО СЭҚ ТН 0511 91 901 9 кодымен сыныпталатын балықтың ұрықталған уылдырығының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 2018 жылғы 30 сәуірді қоса алғанда, осы Шешім күшіне енген күннен бастап кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

            2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші бағандағы ЕАЭД СЭҚ ТН 0511 91 901 9 коды бар позиция ескертпеге "47С)" сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпе мынадай мазмұндағы 47С ескертпемен толықтырылсын:

      "47С) кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшерінде кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2018 жылғы 30 сәуірді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко