Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына "қуат" терминінің анықтамасына қатысты өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 14 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық одақ туралы шарттың 45-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 85-тобына Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертулері (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы 5-ескертумен толықтырылсын:

      "5. 8501 тауарлық позициядағы "қуат" термині номиналды шығыс қуатты білдіреді.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В.Христенко