Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшесінің және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің кандидатуралары туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 8 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі болып вице-премьер-министр Валерий Исидорович Дильдің тағайындалғаны туралы Қырғыз Республикасының ақпараты назарға алынсын.

      2. Қырғыз Республикасының ұсынысы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері болып мына адамдар бекітілсін:

      Алқа мүшесі (Министр) – Мұқай Асанұлы Қадырқұлов;

      Алқа мүшесі (Министр) –Данил Тұрсұнбекұлы Ибраев.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияға жалпы штат саны шегінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің 2 хатшылығын қосымша құруға рұқсат берілсін.

      4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2011 жылғы 19 желтоқсандағы № 5 "Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің саны туралы" шешімінің 1-тармағындағы "11" деген цифрлар "13" деген цифрлармен ауыстырылсын.

     
      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
     

Армения Республикасынан

Беларусь
Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 
 

Ресей Федерациясынан