Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 28/160-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу турал

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 43/246-VІІІ шешiмi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2026 жылғы 15 шілдедегі № 49/279-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 15.07.2026 № 49/279-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №28/160-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6647-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына," деген сөз "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабының 1-тармағының 5) тармақшасына," сөзіне ауыстырылсын.

      7 тармақ, 4) тармақшаның 5 және 6 бөліктері алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ.Ахметов