"Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мем

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 78 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:

      19-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сыртқы үкіметтік қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру болжанатын МИЖ инвестициялық ұсыныстарын әзірлеу ББӘ қарыз қаражатын тарту туралы шешім қабылдаған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "МИЖ инвестициялық ұсынысына салалық қорытындыны ББӘ квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды енгізген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. МИЖ инвестициялық ұсынысына қажетті сараптамаларды жүргізу осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды қарауды және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ББӘ-нің инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды дайындауын білдіреді.

      Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ББӘ-нің инвестициялық ұсынысын мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген жобаны экономикалық орындылығы, мақсаттарының экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.

      Сыртқы үкіметтік қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысты қарау және оған экономикалық қорытынды беру мерзімі 12 (он екі) жұмыс күнінен аспайды.

      Бұл ретте сыртқы үкіметтік қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыру болжанатын мемлекеттік инвестициялық жобалар экономикалық сараптамаға қайта енгізілген жағдайда, инвестициялық ұсынысты қарау және оған экономикалық қорытынды беру мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнінен аспайды.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. ББӘ МИЖ-дің инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытынды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға сұрау салуды ұсынады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге оң экономикалық қорытындының, ББӘ-нің қаржыландыруға арналған хатының, техникалық тапсырманың негізінде МИЖ инвестициялық ұсыныстары бойынша қорытындыны 10 (он) жұмыс күні ішінде қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына енгізеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша олардың қорытындысын 10 (он) жұмыс күні ішінде қалыптастырады және БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге оң экономикалық қорытындының, ББӘ-ні қаржыландыруға арналған хатының, техникалық тапсырманың негізінде оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Инвестициялық ұсыныстарда қамтылған, бюджет комиссиялары мақұлдаған БИЖ бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тізбе қалыптастырады, олар бойынша БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Әрбір жоба бойынша қаржыландырудың атауы мен сомасын қамтитын БИЖ-дің ТЭН тізбесі, әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның актісімен бекітіледі, оларды дайындауды бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасы Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындаған заңды тұлғаға толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша тиісті қорытынды бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.

      Сыртқы үкіметтік қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру болжанатын БИЖ ТЭН-і бойынша қарау және экономикалық қорытынды беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды.

      Бұл ретте сыртқы үкіметтік қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру болжанатын БИЖ ТЭН-і экономикалық сараптамаға қайта енгізілген жағдайда, БИЖ ТЭН-ін қарау және экономикалық қорытынды беру мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі