"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық э

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 72 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополиялар реттеу комитеті туралы Ереженің 15-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2) және 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19-1) тарифтердің өсуі есебінен тұтынушыларға түсетін жүктеменің біркелкі және теңгерімді бөлінуі тұрғысынан талдау жүргізу;

      19-2) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақталуын және табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      19-3) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізетін уәкілетті тұлғалардың (сарапшылар, сараптау ұйымдары) тізімін (тіркелімін) жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополиялар реттеу комитеті заңнамада белгілінген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіге және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында оның алғашқы ресми жарияланған күнінен орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындауын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жұманғарин