"Маңғыстау ауданында оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күшін жою туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 31/233 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Маңғыстау ауданында оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 24/190 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 219384 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Е. Махмутов