"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабының 2-2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 15 бұйрығына толықтырулар енгізілсін:
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақты мынадай мазмұндағы 225), 226) және 227) тармақшалармен толықтырылсын:
"225) арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу және бұзу саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
226) арнайы инвестициялық келісімшартты дайындауды іске асырады;
227) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу, тіркеу бойынша рәсімдерді іске асырады және мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нағаспаев |