"Цифрлық үкіметтің" операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 5 қазандағы № 591/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Цифрлық үкіметтің" операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Цифрлық үкіметтің" операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтерінің тізбесінде:

      2-тармақтың:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі;";

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы;";

      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Smart Bridge" цифрлық платформасы;";

      9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Әлеуметтік әмиян".";

      10) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация архитектурасы және саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев