БҰЙЫРАМЫН:
1. "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
екінші тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шағын жинақты мектептердің басшысы (директоры) үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы екі жыл немесе әдістемелік бірлестік басшысы ретіндегі еңбек өтілі кемінде бір жыл болуы;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, "педагог – модератор" немесе "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы тармақшаның 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.";
мынадай мазмұндағы 6-1-параграфпен толықтырылсын:
"6-1-параграф. Шағын жинақты мектептердің басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
63-1. Лауазымдық міндеттері:
оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді.
пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.
пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;
білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;
педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;
жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді;
оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;
оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;
педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
63-2. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
63-3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – модератор" немесе "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.";
мынадай мазмұндағы 6-2-параграфпен толықтырылсын:
"6-2-параграф. Шағын жинақты мектептердің басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
63-4. Лауазымдық міндеттері:
тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде цифрлық технологияларды қолданады;
киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
63-5. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
63-6. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
және білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог - модератор" немесе "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.";
мынадай мазмұндағы 7-1-параграфпен толықтырылсын:
"7-1-параграф. "Құқық негіздері" пәнінің мұғалімі
67-1. Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес "Құқық негіздері" пәнінің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушылардың құқықтық білімін, азаматтық ұстанымын, құқықтық санасын және заң мен қоғамға құрметпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді;
білім алушылардың құқықтық білімді заңмен реттелген практикалық жағдайларда қолдану қабілетін дамытуға ықпал етеді;
білім алушыларда елдің тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауды қалыптастырады;
білім алушыларға негізгі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды: адамгершілік, этика, азаматтылық, жауапкершілік, адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттері, заңдылық, құқықтық тәртіп, бірлік пен ынтымақтастық, демократиялық институттарды дарытады;
білім алушыны педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік әдебін сақтауға үйретеді;
білім алушы тұлғасының жалпы және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді педагогикалық технологияларын, нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалау қорытындысы негізінде талдау жүргізеді;
журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беруді іске асырады;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы мектептерде "Құқық негіздері" пәнінің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуда және тәрбиелеуде олардың дамуындағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған жұмысты жүзеге асырады;
қашықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
құқықтық, тәрбиелік, азаматтық және патриоттық сипаттағы сыныптан тыс іс-шараларды әзірлейді және өткізеді;
әдістемелік бірлестіктердің, педагогтер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды жүргізеді;
білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге кеңес береді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.
67-2. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, сондай-ақ азаматтық және азаматтық процестік заңнамасының негіздері;
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этика нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу қабілеті;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар.
67-3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талаптар қоймастан, тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты болған жағдайда, тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім;
немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты болған жағдайда, "Құқық" даярлық бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдарда немесе судья лауазымдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты болған жағдайда, "Құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінде немесе адвокаттық немесе нотариаттық қызметте жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
67-4. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
"Құқық негіздері" оқу пәнінің мазмұнын, білім алушылардың жеке дамуы үшін педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін біледі;
жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын (тәрбиелеу, даму) және бағалау құралдарын меңгереді;
танымдық, білім беру процесінің қағидаттарын ескере отырып сабақ (сабақ, қызмет, іс-шара) өткізеді және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асырады;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады;
ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді оқыту (тәрбиелеу, даму) нәтижелері туралы хабардар етеді, әріптестерімен білім алушылардың үлгерімін (дамуын) талқылайды;
оқыту практикасын жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара іс-қимыл жасайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасының нормаларын, этикалық нормаларды сақтайды;
2) "педагог-модератор":
білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;
білім алушылармен және ата-аналармен немесе өзге де заңды өкілдермен оқыту (тәрбиелеу, даму) нәтижелерін және оны жақсарту жолдарын талқылайды;
білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін өзінің практикасын және әріптестерінің өзекті тәжірибе нәтижелерін талдайды;
білім беру ұйымының әдістемелік кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік материалдарды немесе бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бекітілген тізбеге (бұдан әрі - № 514 Тізбе) немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы болып табылады;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді;
пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;
білім алушылардың қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;
білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз практикасының нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;
аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;
аудан/қала білім бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік материалдарды немесе бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
Тізбе № 514 немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді;
авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың (тәрбиелеу, даму) кіріктірілген процесін іске асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді;
педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлейді;
әріптестерімен бірге сабақты (оқуды, қызметті, іс-шараны) зерттейді және білім беру ұйымдарында оқыту (тәрбиелеу) практикасын жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады;
облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) ауданды/ қаланы қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені таратады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік материалдарды немесе бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика деңгейінде кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді;
практиканы зерттеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың (тәрбиелеу, даму) кіріктірілген процесін жоспарлайды және іске асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын құру бойынша тәжірибені таратады, этикалық нормаларды сақтаудың үлгісі болып табылады;
педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды дамыту бойынша тиімді ынтымақтастық тәжірибесін таратады;
білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетеді;
республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған авторлық бағдарламаларды әзірлейді және тәжірибеге енгізеді;
немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады;
№ 514 Тізбеге немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тізбеге сәйкес республика деңгейінде немесе халықаралық деңгейде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, чемпионаттарға қатысушылары бар;
№ 514 Тізбеге немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
республика деңгейде (кемінде 3 облысты қамти отырып) тәжірибе таратады.";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Лауазымдық міндеттері:
мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырады, кәсіби бағдар беру жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
білім алушылардың болашақ кәсібін саналы түрде таңдауына бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың бейімділіктері мен қызығушылықтарын анықтау үшін кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізеді және талдайды;
кәсіби бағдар беру нәтижелері бойынша ата-аналарға немесе басқа да заңды өкілдерге кеңес береді, білім алушыларға болашақ мамандықты таңдау бойынша ұсынымдар береді;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, білім алушылар үшін әртүрлі мамандықтардың өкілдерімен кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
құжаттаманы белгіленген нысан бойынша жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат және кәсіби бағдар беру қызметінің бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжат.";
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары";
10-тараудың 7-параграфынан кейін мынадай редакциядағы 11-тараумен толықтырылсын:
"11-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері";
8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскері";
9-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бөлімшесінің меңгерушісі";
10-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқу бөлімінің меңгерушісі";
11-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі нұсқаушысы (басшысы)";
12-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы"
12-параграфтың 287-тармағынан кейін мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:
"6-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының "Құқық негіздері" пәнінің оқытушысы"
287-1. Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес "Құқық негіздері" пәнінің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушылардың құқықтық білімін, азаматтық ұстанымын, құқықтық санасын және заң мен қоғамға құрметпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді;
білім алушылардың құқықтық білімді заңмен реттелген практикалық жағдайларда қолдану қабілетін дамытуға ықпал етеді;
білім алушыларда елдің тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау сезімін қалыптастырады;
білім алушыларға негізгі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды: адамгершілік, этика, азаматтылық, жауапкершілік, адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттері, заңдылық, құқықтық тәртіп, бірлік пен ынтымақтастық, демократиялық институттарды дарытады;
білім алушы тұлғасының жалпы және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді педагогикалық технологияларын, нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беруді іске асырады;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
қашықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
құқықтық, тәрбиелік, азаматтық және патриоттық сипаттағы сыныптан тыс іс-шараларды әзірлейді және өткізеді;
әдістемелік бірлестіктердің, педагогтер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды жүргізеді;
білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге кеңес береді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.
287-2. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, сондай-ақ азаматтық және азаматтық процестік заңнамасының негіздері;
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
педагогикалық этика нормалары;
медиация техникасы және қақтығыстарды шешу қабілеті;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар.
287-3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талаптар қоймастан, тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты болған жағдайда, тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім;
немесе "Құқық" даярлық бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдарда немесе судья лауазымдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
немесе "Құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінде немесе адвокаттық немесе нотариаттық қызметте жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
287-4. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
"Құқық негіздері" оқу пәнінің мазмұнын, білім алушылардың жеке дамуы үшін педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін біледі;
жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын (тәрбиелеу, даму) және бағалау құралдарын меңгереді;
танымдық, білім беру процесінің қағидаттарын ескере отырып сабақ (сабақ, қызмет, іс-шара) өткізеді және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асырады;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады;
ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді оқыту (тәрбиелеу, даму) нәтижелері туралы хабардар етеді, әріптестерімен білім алушылардың үлгерімін (дамуын) талқылайды;
оқыту практикасын жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара іс-қимыл жасайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасының нормаларын, этикалық нормаларды сақтайды;
2) "педагог-модератор":
білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;
білім алушылармен және ата-аналармен немесе өзге де заңды өкілдермен оқыту (тәрбиелеу, даму) нәтижелерін және оны жақсарту жолдарын талқылайды;
білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін өзінің практикасын және әріптестерін өзекті тәжірибе нәтижелерін талдайды;
білім беру ұйымының әдістемелік кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік материалдарды немесе бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы болып табылады;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді;
пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;
білім алушылардың қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;
білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз практикасының нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;
аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;
аудан/қала білім бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік материалдарды немесе бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді;
авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың (тәрбиелеу, даму) кіріктірілген процесін іске асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді;
педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлейді;
әріптестерімен бірге сабақты (оқуды, қызметті, іс-шараны) зерттейді және білім беру ұйымдарында оқыту (тәрбиелеу) тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады;
облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) ауданды/ қаланы қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені таратады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік материалдарды немесе бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика деңгейінде кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді;
практиканы зерттеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың (тәрбиелеу, даму) кіріктірілген процесін жоспарлайды және іске асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын құру бойынша тәжірибені таратады, этикалық нормаларды сақтаудың үлгісі болып табылады;
педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды дамыту бойынша тиімді ынтымақтастық тәжірибесін таратады;
білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетеді;
республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған авторлық бағдарламаларды әзірлейді және тәжірибеге енгізеді;
немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады;
№ 514 Тізбеге немесе облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) білім басқармасы немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
№ 514 Тізбеге немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
республика деңгейде (кемінде 3 облысты қамти отырып) тәжірибе таратады.".
13-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының алғашқы әскери даярлығының педагог-ұйымдастырушысы";
14-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру психологі, педагог-психологі";
15-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту аға шебері";
16-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі";
17-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің өндірістік оқыту шебері";
18-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханасының тәрбиешісі";
19-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"13-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог-ассисенті";
20-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"14-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогі";
21-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"15-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының педагог-ұйымдастырушысы";
22-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"16-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жастар ісі жөніндегі инспекторы";
23-параграфтың тықырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"17-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің әдіскері";
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Акпарова |