Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім берет

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28848 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесіне Іріктеу өлшемшарттарында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын:

      "1-1-параграф. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары

Өлшемшарттардың атауы

1.

Аккредиттеу – қатысушы елдер үшін әлемдік деңгейдегі ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарына қатысу алдындағы міндетті рәсім.
Қазақстанның құрама командасы ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарын ұйымдастырушылар қойған квотаға сәйкес қалыптастырылады. Әлемдік маңызы бар ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының негізгі өлшемшарты - сандық құрамы ешқандай жағдайда өзгермейтін қатысушы елден бір құрама команданы ұсыну

2.

Құрама команданы республикалық бюджеттен қаржыландыру

3.

Барлық континенттер елдерінің қатысуы (80-нен астам қатысушы ел)

4.

Ұйымдастырушы елдің жыл сайын ауысуы

5.

Олимпиаданы 15 жыл бойы өткізу (үзіліссіз)

6.

Қатысушы елдер санының ұлғаюы

7.

Бір елден бір құрама командадан артық болмау

8.

Ұйымдастырушы елдің ресми сайтында жарияланған нәтижелердің орналастырылуы және оларды ұсыну

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ж. Шарабасов

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі