"Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.02.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "1. "Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28915 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі бекітілсін.";

      Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ж. Шарабасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  2026 жылғы 15 қаңтардағы
№ 16-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 333 бұйрығына
бекітілген

Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі

Іс-шара атауы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар

1.

Математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad (Интернейшэнал Математикал Олимпиад)

2.

Физикадан халықаралық олимпиада (International Physic Olympiad (Интернейшэнал Физик Олимпиад)

3.

Химиядан халықаралық олимпиада (International Chemistry Olympiad (Интернейшэнал Кэмистри Олимпиад)

4.

Биологиядан халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad (Интернейшэнал Байолоджи Олимпиад)

5.

Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad (Интернейшэнал Джиографи Олимпиад)

6.

Информатикадан халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatic (Интернейшэнал Олимпиад Ин Информатик)

7.

Лингвистикадан халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad (Интернейшэнал Лингуистик Олимпиад)

Ғылыми жобалардың халықаралық конкурсы

8.

Regeneron International Science and Engineering Fair халықаралық конкурсы (Редженерон Интернешнл энд Сайенс Фэйр)