ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр | А. Ертаев |
| Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 "Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
А1 және А2-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
2. "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелді):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында:
334-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"есту қабілеті бұзылған Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс істейтін ұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері және бейіні;";
36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"34. Білуге тиіс:";
34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"35. Біліктілікке қойылатын талаптар:";
35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"36. Лауазымдық міндеттері:";
35-тармақтың он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"байқау кеңесінің барлық мүшелеріне келіп түскен ұсыныстар туралы хабарлайды және ұсыныстарда көрсетілген мәселелерді қарау және шешуде мүше ішіндегі әр адамның мүдделігін анықтайды;";
36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"37. Білуге тиіс:";
37-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"38. Біліктілікке қойылатын талаптар:";
38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"39. Лауазымдық міндеттері:";
114-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жатақханаға келгендерді қоныстандыруды жүзеге асырады, жатақханаға қоныстанған және шығып кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының уақтылы және дұрыс тіркелуін қадағалайды;";
129-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сақтау камерасына келіп түскен заттарға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы азаматтары (жолаушылары) жоғалтқан заттарға құжаттар ресімдейді, белгіленген мерзім өтісімен олардың қайтарылуын немесе сатуға тапсырылуын қамтамасыз етеді;";
438-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"зияткерлік меншік объектісінің құнын анықтаған кезде басшылыққа алу қажет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативті құқықтық актілері бойынша клиенттерге консультация береді;";
477-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"477. Лауазымдық міндеттері:
халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының азаматтарына кәсіптік өзін-өзі билеуде, кәсіби мансаптың қалыптасуына және дамуына, кәсіпті таңдауда немесе ауыстыруына негізді шешім қабылдауына, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты кәсіптік білім алуға жіберуге, қажеттілігіне, мүмкіндіктеріне, жасына, денсаулығына, кәсіби қабілетінің даму перспективаларына, соңдай-ақ еңбек нарығында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты көмек көрсетеді;
кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаттарына жетуге - қоғамның кәсіби, зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің артуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтенуі мен кәсіптік орнығуына, үздіксіз кәсіби дамуына, нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне ықпал жасайды;
білім алушы жастарды, жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған Қазақстан Республикасы азаматтарын, кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден босатылатын Қазақстан Республикасы азаматтарын, әскери қызметтен босатылған азаматтарды, мүгедектігі бар адамдарды және азаматтардың өзге де санаттарын кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау саласындағы бағдарламаларды, жұмыстың тиімді әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады, кәсіптік бағдарлау ақпараттық және әдістемелік материалдарды әзірлейді және таратады;
Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде нақты бір кәсіпорында, ұйымда, мекемеде, еңбек нарығы туралы, оның белгілі бір өңірдегі ерекшелігі туралы, кәсіптердің және лауазымдардың ерекшеліктері, оларда тұлғаға қойылатын талаптар туралы хабардар етеді;
Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптермен, мамандықтармен, нақты жұмыс орындарымен таныстырады;
ақпараттық және анықтама материалдарын, профессиограмма, психологиялық және кәсіптік диагностика тәсілдерін, кіру бақылау, алғашқы психодиагностика, тану қабілеттілігі диагностикасы (жады, ойлану, назар және өзге де) және тұлғалық ерекшеліктер, кәсіби маңызды ерекшеліктер диагностикасы тәсілдерін қолдану арқылы кәсіптік консультация жүргізеді;
нормативтік қойылатын талаптарға сәйкес адамның нақты бір мамандыққа (жұмыс орнына, лауазымға) кәсіби жарамдылығын айқындайды;
Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбек, кәсіби, әлеуметтік өзін-өзі ұсынуында кедергі болатын психологиялық проблемалардың өзектілігін азайту мақсатында психологиялық қолдау көрсетеді, қажет болған жағдайда тұлғалық ерекшеліктерінің диагностикасын жүргізеді және олардың психикалық жай-күйін түзетеді;
еңбек нарығы жағдайында Қазақстан Республикасы азаматтарын психологиялық және әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, жұмысты тиімді іздеу қабілетіне оқытады;
Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіби өзін-өзі ұсыну бойынша туындайтын проблемалары бойынша социологиялық зерттеулерге, халықтың кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау қызметіне қажеттілігін айқындау және осы қызметтің тиімділігін бағалау бойынша жұмысқа қатысады, отандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
статистикалық деректердің есебін жүргізеді, мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік нысандары бойынша есептер дайындайды;
халыққа еңбек, жұмыспен қамту, кәсіптік бағдарлау және халыққа психологиялық қолдау көрсету саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін қолдану бойынша консультация береді.";
262-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу субъектілерінің шаруашылық қызметін реттейтін заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілері;".
3. "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелді):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби мерекелердің тізбесінде:
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
25. | Қазақстан Республикасының қолөнершілер күні | – 7 шілде |
";
реттік нөмірі 50-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
50. | Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтарының күні | – 10 қазан |
";
реттік нөмірі 60-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
60. | Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері күні | – 29 қазан |
".
4. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (1-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 364 бұйрығына:
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (1-шығарылым) мынадай редакцияда жазылсын:
117-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматтары жол жүруден, ұшудан бас тартқан және өзге де жағдайларда олардан жол жүру және өзге де жағдайларда олардан жол жүру және өзге де құжаттарды қабылдау, олар төлеген ақшаны қайтару;";
396-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Білуге тиіс:
киім үлгілерін оның сипатына қарай көрсету тәртібін;
Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі костюмдердің тарихы мен сән бағыттарын;"
398-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"398.Білуге тиіс:
киім үлгілерін оның сипатына қарай көрсету тәртібін;
Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі костюмдердің тарихы мен сән бағыттарын;"
сегізінші абзац 411-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"жол жүру ақысы төленбейтін немесе жол жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктерге құқығы бар жолаушылар санаттарының тізбесі";
бесінші абзац 1075-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"эскалаторларға кіру және одан түсу кезінде қарт адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және балалары бар жолаушыларға көмек көрсету;"
5. "Персоналды басқару қызметтері қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 329 бұйрығына:
Персоналды басқару қызметтері қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
56-параграфта:
алтыншы абзац 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде болудың шекті жасына жеткен немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке карточкаларында (№ Т-2 нысаны) әскери есептен шығарылғаны туралы белгіні қою;".
6. "Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне құжаттарды аудару жөніндегі жұмыстарға салааралық уақыт нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 26 тамыздағы № 331 бұйрығына:
Орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне құжаттарды аудару жөніндегі жұмыстарға арналған салааралық уақыт нормаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бесінші абзац 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"уақыт нормаларын әзірлеу негізіне аудармамен, құжаттарды редакциялаумен, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының хаттарын аударумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін қолданыстағы ұйымдастыру материалдары алынған.".
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"уақыт нормаларында жазбаша аудару және құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының хаттарын редакциялау жөніндегі тапсырмаларды алуға және жұмысты тапсыруға жұмсалатын уақыт ескерілген.".