ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
| бұйрығына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілерінің лауазымдарына арналған үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілерінің лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
10-тармақтың алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты, жергілікті атқарушы органдарды және Еңбек ресурстарын дамыту орталығын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;
ұлттық жобалар, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын есепке алуды жүзеге асырады;";
37-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көрсетілетін қызметтің түрі, алушының санаты, ұсынылатын орны, ұсынылу ұзақтығы, көрсетілетін қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалатын қорытынды дайындайды және оны астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.";
58-тармақтың бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты, жергілікті атқарушы органдарды және Еңбек ресурстарын дамыту орталығын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;
ұлттық жобалар, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын есепке алуды жүзеге асырады;
жұмыс берушілердің Электрондық еңбек биржасында орналастыратын ағымдағы бос жұмыс орындары және ұлттық жобалар мен астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарлары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы бос жұмыс орындарының есебін жүргізеді;".
2. "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 200 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу" кәсіптік стандартында:
2-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) мансап орталығы – астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудандарда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек мобильділігі орталығының филиалы;".
3. "Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік даму қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 397 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған ұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік даму қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) мансап орталығы – астанада, республикалық маңызы бар қалаларда, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек мобильділігі орталығының филиалы;".
4. "Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 422 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мансап орталығы – астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудандарда оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек мобильділігі орталығының филиалы;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Біліктілікті арттыру ұйымы тестілеу аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің тестілеу нәтижелері туралы мәліметтерді жібереді.";
32-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің тестілеу нәтижелері туралы мәліметтерді алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы:";
2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Тізбеге 1-қосымша Еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің тестілеу нәтижелері туралы мәліметтер
№ | Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала | Жұмыс орны | ТАӘ (ол болған жағдайда) | Лауазымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Аттестаттау рәсімі | Тестілеу балдары | Тестілеу нәтижелері бойынша шешім |
6 | 7 | 8 |
| Тізбеге 2-қосымша Еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Біліктілік санатын беру туралы куәлік
______________________________________________________шешімімен
(астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың халықты
әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
атқарушы органы)
20___ жылғы "____" _______________,
__________________________________________________________________
(ТАӘ (ол болған жағдайда))
атқаратын лауазымына сәйкес келеді _________________________________
(лауазымның атауы)
Куәліктің қолданылу мерзімі 20___ жылғы "____" "_________".
Басшы ________________________________________________________
(ТАӘ (ол болған жағдайда), қолы)
М.О.
Берілген орны ___________________________________________________
(қала, облыс)
Күні 20_________жылғы "______" "_____________"
| Тізбеге 3-қосымша Еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы куәлік
______________________________________________________шешімімен
(астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың халықты
әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
атқарушы органы)
20___ жылғы "____" _______________,
__________________________________________________________________
(ТАӘ (ол болған жағдайда))
атқаратын лауазымына сәйкес келеді _________________________________
(лауазымның атауы)
Куәліктің қолданылу мерзімі 20___ жылғы "____" "_________".
Басшы ___________________________________________________
(ТАӘ (ол болған жағдайда), қолы)
М.О.
Берілген орны ___________________________________________________
(қала, облыс)
Күні 20_________жылғы "______" _____________