БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.";
1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;";
2) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.";
2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалған құзырет шегінде көші-қон процестерін реттеу және мониторинг жүргізу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу;";
"3) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мониторингті жүзеге асыру;";
"4) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу қағидаларын әзірлеу;";
"5) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, арасында бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Министрлікке енгізу;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) комиссияның құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу; қосалқы мердігердің немесе қызметтерді орындаушының, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, объектіні (объектілерді) пайдалануға бергеннен кейін бір жыл өткенге дейін;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлеу;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) алдағы жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Министрлікке енгізу;";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған босқынның жол жүру құжатын ресімдеу және оны беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді қоспағанда, босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;";
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"32) астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) жеке тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады;".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылдауды;
2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Ертаев |