"Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы № 650 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 1 қазандағы № 666 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы №650 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Акциздік бекеттің қызметін басқаруды және үйлестіруді акцизделетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша МКО басшылары жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев