"Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 438 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:

      мемлекеттік мекемелер – мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке жоспар);

      бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);

      мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты – түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.

      Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына және (немесе) жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларына және (немесе) іс-шаралар жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымына (бұдан әрі – бюджеттік сұранымы), Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен әзірленеді.

      Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері аппараттарына тұтастай бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына астана, облыс, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кірістер түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеуді, қаржы активтерді сатудан түскен түсімдерді және қарыздарды айлар бойынша бөлуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке төленетін төлемдерді төлеудің белгіленген мерзімдерін, өткен жылдарға бюджетке түсетін түсімдер серпінін, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік серпінін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныстар пен ұсыныстар деңгейін талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы келісімдер талаптарын негізге ала отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.";

      18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі жергілікті бюджет туралы астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңын іске асыру туралы Үкіметтің қаулысын бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге трансферттер мен бюджеттік кредиттерді аударуға байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін орталық атқарушы органға айлар бойынша бөлінген оларға көзделген трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.";

      27-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қазынашылық органы бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкім аппараттарымен барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбiр бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің жиынтық қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарларына, астананың және республикалық маңызы бар қаланың жиынтық қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерге немесе мемлекеттік органдардың функцияларын берген жағдайда төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша республикалық бюджеттің жиынтық жоспарларына сәйкестігін тексерудi жүргiзедi және қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне енгiзедi (жүктейдi).";

      31-тармақтың төртінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      33-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыруға қажетті өзгерістерді қоспағанда және Бюджет кодексінің 98-бабында көзделген бюджет түзетілген жағдайда, өткен айлардағы (қалыптасқан есепті кезең үшін) бекітілген түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың он бесінен күнінен кешіктірмейтін мерзімде астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органға жергілікті бюджеттердің кірістері түсімдерінің нақтыланған жоспарын жібереді.";

      71-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарламаның (кіші бағдарламаның) шеңберiнде жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз тиісті бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен үнемдеу сомасын жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім бойынша жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын және бір облыс шеңберінде жергілікті инвестициялық жобалар арасына ауыстыруды жүзеге асырады.";

      72-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде тиісті астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында қаражатты қайта бөледі.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Мемлекеттік қазынашылықта "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 89-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және Бюджет кодексінің 106-бабының 3-тармағында көзделген қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ашылады.";

      93-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім мынаны:

      қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын;

      ашу талап етілетін қолма-қол ақшаны бақылау шотының атауын;

      мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрін;

      мемлекеттік мекеменің орналасқан жерінің кодын;

      баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге де қаржыландыру көздеріне жол беретін Қазақстан Республикасы заңының атауы (сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары үшін – Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың, байланысты грант туралы келісімнің немесе ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қала жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыз шартының, бағалы қағаздар шығару проспектісінің не оны алмастыратын өзге құжаттың нөмірі мен күнін) қамтуы тиіс.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Кодтарды, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шоттарды жүргізуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан мемлекеттік қазынашылық органы жүзеге асырады.

      Астанада, облыстық және (немесе) республикалық маңызы бар қалада аудандық мемлекеттік қазынашылық органдары болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген рәсімдерді жүргізу астананың, облыстық және (немесе) республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік қазынашылық органы жүзеге асырылады.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты, іссапар шығыстарына арналған шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оларды жаңарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңына және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдеріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет түсімдері сыныптамасының кодтары бойынша бірыңғай қазынашылық шотқа есептеледі.

      Төлем құжатының "Бюджеттік сыныптама кодтары" деген ашық жолағындағы деректемелер Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес толтырылады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын Ұлттық Банкке жеткізеді.

      Түсімдердің жинақ төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың шотына есептеу үшін төлем құжатының банктік деректемелерін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен Ұлттық Банкі арқылы төлеушілерді одан әрі хабардар ету үшін екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеткізеді.";

      151-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қазынашылық органы қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін осы Рәсімдерге 134-қосымшаға сәйкес осы облыс (астана, республикалық маңызы бар) үшін 0-22 "Бюджетке есепке алуға жатпайтын бюджеттік сыныптама кодтары" нысаны бойынша есепті қалыптастырады және басып шығарады, оған мемлекеттік қазынашылық органының, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның, мемлекеттік кірістер органының басшылары қол қояды және мемлекеттік қазынашылыққа жіберіледі.";

      169 және 170-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "169. Қайтаруға және (немесе) есептеуге аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ түсімдерінің бюджет сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдердің сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе) есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдері қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе) есептеу тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі. Бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы кіші сыныбы бойынша дебеттік қалдықтар жол беріледі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген түсімдерін жекелеген бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша дебет сальдосына жол берілмейді.

      170. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) түсімдерінің бюджет сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе) есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе) есептеу тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі. Бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы сыныбы бойынша дебеттік қалдықтарға жол беріледі.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ түсімдерінің бюджет сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе) есептеу тұтастай алғанда аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады.";

      177-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:

      1) кейінгі жылдарға бекітілген (нақтыланған) бюджетте тиісті қаржыландыру болған жағдайда;

      2) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына байланысты;

      3) технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (жылдары) беруге себепші болатын активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалармен;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға, мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер көрсетуге, жұмыстарды ұсынуға;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын іс-шараларды өткізумен байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде олар әрекет еткен барлық мерзім ішінде тіркелуге жатады.";

      213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "213. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім мынадай түрде толтырылады:

      1) "Мемлекеттік мекеменің коды" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын коды көрсетіледі, "Бюджет түрі" ашық жолағында қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:

      01 – республикалық бюджет;

      02 – облыстық бюджет (астананың, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті);

      03 – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;

      06 – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті;

      "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіндегі "Мемлекеттік мекеменің коды", "Мемлекеттік мекеменің атауы", "Бюджеттің түрі" ашық жолақтары "Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім" нысанын ашқан кезде автоматты түрде жасалады;

      2) "Қаржыландыру көзі" ашық жолағында қаражаты есебінен шарт жасасқан қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:

      1 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;

      2 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражаты есебінен;

      3 – мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен;

      3) "№ өтінім" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын кодынан, бөлшек арқылы тіркеу жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы 2 санынан, дефис арқылы мемлекеттік мекеменің өтінімдерін тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірден тұратын өтінім нөмірі көрсетіледі;

      4) "Күні" ашық жолағында өтінім жасалған күн көрсетіледі;

      5) "Мемлекеттiк мекеменiң атауы" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi. Мемлекеттік қазынашылық органы мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi;

      6) "Шығыстың сипаттамасы" ашық жолағында шығыстардың экономикалық сыныптамасының құрылымына сәйкес жасасқан шарттың мәні көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс жерде ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта қосымша резидент емес ақша алушының атауы мен деректемелері көрсетіледі;

      7) "Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды (тауар түрінің коды)" ашық жолағында тоғыз мәннен тұратын Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бірыңғай коды (бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама кодтарының 3 мәнін білдіретін) және 3 мәннен тұратын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды көрсетіледі; мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен жасалған шартты тіркеу үшін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің коды қосымша көрсетіледі;

      8) "Ақша алушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), жеке сәйкестендіру коды, ақша алушы банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағында заңды тұлға үшін толық атауы және жеке тұлғаның толығымен тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) бар болса дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің жеке сәйкестендіру коды, атауы және банктік сәйкестендіру коды) көрсетіледі; мемлекеттік қазынашылық органының, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің жұмысын қиындатпайтын мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің атауын және ұйымдық-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында жасалған шартты тіркеген жағдайда, осы жолақта резидент еместің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта жолақта делдал-банктің деректемелері көрсетіледі;

      "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде "Ақша алушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (банктік сәйкестендіру нөмірі), жеке сәйкестендіру коды, ақша алушы банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағы Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдап алынады;

      9) "Валюта айырбастаудың ресми бағамы" ашық жолағында теңгенің шетел валютасына ресми бағамы және Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелген күніне белгіленген бағамына көрсетіледі;

      10) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің "Сомасы" ашық жолағында ағымдағы қаржы жылы мерзіміне арналған шарттың сомасы санмен көрсетіледі;

      11) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің "Жалпы сомасы" ашық жолағында қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасы санмен көрсетіледі;

      12) "ағымдағы қаржы жылының сомасы" ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының сомасы санмен көрсетіледі;

      13) "№ базалық шығыстар сомасы" ашық жолағында жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарындағы базалық шығыстарының сомасы санмен көрсетіледі, үш жылдан асатын болған жағдайда қалған сома жоспарлы кезеңнің үшінші жылдың базалық шығыстарында жалпы сомамен көрсетіледі;

      14) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің "(Сомасы жазбаша)" ашық жолағында шарттың сомасы жазбаша көрсетіледі (шетел валютасындағы шарт бойынша өтінім сомасы Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасына сәйкес тіркеу күніне белгіленген шетел валютасына теңгенің ресми бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі);

      15) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің "(Сомасы жазбаша)" ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының шарт сомасы жазбаша көрсетіледі;

      "Басшылардың қолы" бөлімінде құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы; орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеменің бірінші және екінші қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғаларының жеке қолы және қолының таратылып жазылуы (атының бас әрпі мен тегі) көрсетіледі. Лауазымның атауының алдында "Үшін" деген көмекші сөзді, қолдан жазылған "Орынб." деген жазу немесе қиғаш сызық (бөлшек) қоюға жол берілмейді. Қолдар қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады. Қол қою кезінде жарыққа төзімді сия пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалық мөр бедерін қойған кезде Қызыл ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, бедер анық және анық қойылады. "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімі электрондық цифрлық қолтаңбамен қойылады;

      16) "Құжат-негіздеме" ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;

      мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жасалған шартты біржақты бұзу кезінде шартты біржақты бұзу туралы хабарламаның нөмірі мен күні көрсетіледі;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі арқылы берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (қосымша келісімді) тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі;

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттары (қосымша келісімдері) және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі арқылы берген "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер шартын (қосымша келісімді) тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.

      17) "аванстық (алдын ала) төлем мөлшері (пайызбен)" ашық жолағында шарттың талаптарында көзделген аванстық (алдын ала) төлем мөлшерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;

      18) "сомасы" ашық жолағында аванстық (алдын ала төлем) сомасы цифрлармен көрсетіледі.

      Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің деректемелерін қолмен қандай да бір түзетуге және дұрыстауға жол берілмейді.";

      218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "218. Мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттік қазынашылық органдарына тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрде мыналарға:

      1) мемлекеттік мекеме атауының көрсетілу дұрыстығына;

      2) Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік кодының және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен жасалған шартты тіркеу кезінде тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) түрлерінің кодының және атауының болуына және дұрыстығына;

      3) шарт мәнінің шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкестігіне;

      4) аванстық төлем пайызының осы Рәсімдерде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;

      5) жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;

      6) қағаз тасығыштағы шартқа (қосымша келісімге) қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылады. Мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің бедері дәл және анық қойылады. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, мөр бедері дәл және анық қойылады. "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде мемлекеттік мекеменің және ақша алушының елтаңбалы мөрінің анықтығы тексеріледі;

      7) шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;

      8) қолданылу мерзімі тек осы Рәсімдерде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;

      9) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады;

      10) шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді;

      11) егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, шарт (шарт сомасын өзгертуге арналған қосымша келісім) талаптарында сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер және жұмыстар бойынша қосылған құн салығы сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, қосылған құн салығының болмауы;

      12) шарттың, оны мемлекеттік қазынашылық органы міндетті тіркегеннен кейін күшіне ену талаптарының шартта болуы;

      13) ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт сомасының жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында көзделген сомасынан асып түспеуі;

      14) ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт бойынша жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы немесе олардың қолданылу мерзімі кезеңінде техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы көшірмесінің немесе сканерленген түрінің ұсынылуы;

      15) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шарт бойынша сараптама сомасының және жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы бұйрықтың сәйкестігіне;

      16) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есебінен іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шартта орындаушы Ұлттық ғылыми кеңестің оң шешімін алғаннан кейін түпкілікті төлемді жүзеге асыру міндетті шартының болуы;

      17) шетел валютасындағы келісім-шарттың мәні 8-08 "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" нысанындағы шығыстардың рұқсат етілген бағыттарының сәйкестігіне;

      18) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын тауарларды (жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған шарттар бойынша шарттың кіріспесінде шарт жасалған Қазақстан Республикасының Заңының бабына (тармақшасына, тармағына) сілтеме міндетті түрде көрсетілуі бар болуы қажет.";

      228-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "228. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердің шетел валютасындағы шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жоспарлы тағайындаулары мен шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде өткiзiледi.

      Мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендiру кодтары осы Рәсімдерде белгiленген тәртiппен берiледi және тиiстi мемлекеттік қазынашылық органдары мен мемлекеттiк мекемелердiң назарына жеткiзiледi.

      Жеке жоспар шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органдары төлеуге берiлетiн шотты орындамай қайтарады.

      Республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органы бірінші кезекте бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстап қалуларды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, тұрғын үй төлемдерін, жеке тұлғаларға трансферттерді, стипендияларды, банк қызметтеріне ақы төлеуді, бюджеттік субвенцияларды, салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүргізеді.

      Бұдан әрі мынадай бағыттар: тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу, дәрілік заттарды, киім-кешек пен отынды сатып алу жөніндегі қызметтер (ғимараттарды жылыту бөлігінде), коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері, іссапар және қызметтік сапарлар, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер, студенттердің жеңілдікпен жол жүруіне өтемақы төлеу жөніндегі қызметтер, атқару құжаттары мен сот актілерін орындау, сондай-ақ мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Құрылтайының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша шығыстар жүргізіледі.

      Төтенше жағдай немесе жағдай туындаған жағдайда төлемдер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін бірінші кезектегі тәртіппен жүргізіледі.

      Жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органы бiрiншi кезекте жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған бюджеттер шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзіледi.

      Ақша болмаған жағдайда немесе қағаз жеткізгіште не "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электронды түрде түсіп, қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесіне енгізілген төлем шотын орындауға ақша жеткіліксіз болған жағдайда, төлем шоты келесі күні мемлекеттік мекемеге қайтару себебін негіздей отырып, орындаусыз қайтарылады.

      Тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салықтың (оның ішінде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың) және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң, мемлекеттік кірістер органдары және (немесе) уәкiлеттi органдардың құзыретi шегiндегi салықтық емес төлемдердiң артық төленген сомаларын салық төлеушiлерге қайтаруға төлем тапсырмаларын мемлекеттік қазынашылық органы орындауға қабылдамайды.

      Бірыңғай қазынашылық шоттан ақшаны есептен шығару мемлекеттік қазынашылық "Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14310 болып тіркелді) және "Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14333 болып тіркелді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясының төлем жүйелерi арқылы жiберiлген электрондық төлем құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.

      Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Заңының немесе мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасының Құрылтайына немесе мәслихатқа енгiзiлген күннен бастап, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ұсынған деректердің негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның нұсқауы бойынша мемлекеттік қазынашылық органы жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар), ерекшелiктер бойынша төлемдер жүргiзудi тоқтата тұрады.";

      231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "231. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шоттарын қалыптастыруын және мемлекеттік қазынашылық органының:

      1) бюджет қаражаты;

      2) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша;

      3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемеге олардың қайтарылуы не, белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аударылуы шарттарында берілетін ақша;

      4) мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алатын қайырымдылық көмектен түскен ақша;

      5) ақша түсімдерін есептеу және жәбірленушілерге өтемақы төлеуді жүргізу үшін жәбірленушілерге өтемақы қорының;

      6) Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын қаржыландыру мақсатында ақшаны жұмсауға арналған арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты, сондай-ақ заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстары есебінен жүргізуін қамтиды.";

      238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "238. Қағаз тасығышта төлеуге берілетін шот және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша түскен төлеуге берілетін шот былайша ресімделеді:

      1) "№ төлеуге берілетін шот" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы – төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі;

      2) "Күні" ашық жолағында төлеуге берілетін шот үзіндісінің күні көрсетіледі;

      3) "Мемлекеттік мекеме" бөлімінде:

      "Нақты төлеуші" ашық жолағында нақты төлеушінің толық немесе қысқартылған атауы көрсетіледі;

      "Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында нақты төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      "Мемлекеттік мекеменің коды" ашық жолағында Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын коды көрсетіледі;

      "Атауы" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі. Мемлекеттік қазынашылық органы мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанының және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;

      "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте/анықтамада көрсетілген мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      "Резиденттік елі" ашық жолағында ақша төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, резиденттік елі – ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 "Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тиісті елдің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі;

      "Мемлекеттік қазынашылық органы" ашық жолағында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін мемлекеттік қазынашылық органының атауы көрсетіледі;

      "Банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;

      4) тиісті жеке сәйкестендіру коды "Жеке сәйкестендіру коды" ашық жолағында мыналар бойынша көрсетіледі:

      операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоты:

      мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көзіне қарай республикалық бюджетке (астана бюджетіне, облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала бюджетіне), аудан (облыстық маңызы бар қала) не аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетіне) түсетін түсімдерді есепке алу;

      мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаны есепке алу және олардың есебінен есеп айырысулар жүргізу;

      қайырымдылық көмектен түсетін, олар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;

      мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;

      ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану;

      5) "Қаржыландыру көзі" жолында қаражат есебінен төлем және ақша аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзінің түрін білдіретін таңба көрсетіледі:

      1 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;

      2 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражаты есебінен;

      3 – мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;

      4 – қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен;

      5 – жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекеттік мекемеге қайтару шарттарында беретін ақша есебінен;

      8 – ерекше шығыстар есебінен;

      S – Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен;

      6) "Бюджет түрі" ашық жолағында қаражатының есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін белгі көрсетіледі:

      01 – республикалық бюджет;

      02 – облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) бюджет;

      03 – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;

      06 – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті;

      7) "Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды" ашық жолағында бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады.

      Бұл ашық жолағында бюджеттік бағдарлама әкімшісінің үш мәнді кодын, бюджеттік бағдарламаның үш мәнді кодын, бюджеттік кіші бағдарламаның үш мәнді кодын және шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің үш мәнді кодын білдіретін он екі мәнді код көрсетіледі.

      Мемлекеттік мекеме бюджеттік сыныптамасының коды заңды қолданылуын қамтамасыз етеді;

      8) "Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) коды" ашық жолағында мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды көрсетіледі;

      9) "Ақшаны алушы" бөлімінде:

      "Атауы" ашық жолағында – заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетін ақшаны алушының атауы көрсетіледі.

      Жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарламаға/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға, жеке сот орындаушысы ретінде қызметін атқару құқығына уәкілетті орган берген лицензияға немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға сәйкес атауы көрсетіледі.

      Мемлекеттік қазынашылық органының, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің жұмысын қиындатпайтын ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің ұйымдық-құқықтық нысанының және ақша алушының атауын қысқартуға жол беріледі;

      10) "Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында ақша алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;

      11) "Банк" ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі;

      12) "Банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағында ақшаны алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;

      13) "Жеке сәйкестендіру коды" ашық жолағында ақша алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі;

      14) "Нақты (түпкілікті) бенефициар" ашық жолағында нақты (түпкілікті) алушының толық немесе қысқартылған атауы көрсетіледі;

      15) "Жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі)" ашық жолагында нақты (түпкілікті) алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      16) "Резиденттік елі" ашық жолағында төлеуші немесе ақша алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, резиденттік елі – ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 "Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тиісті елдің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі;

      17) "Бенефициардың банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы" ашық жолағында төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, нақты (түпкілікті) алушының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы көрсетіледі;

      18) Делдал банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы" ашық жолағында төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, делдал банкінің атауы көрсетіледі;

      19) "Түсімдер бюджеттік сыныптамасының коды" ашық жолағында – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі;

      20) "Төлемнің мақсаты" ашық жолағында төлемнің мақсаты, растайтын құжаттың атауы, нөмірі мен күні (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе осының негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де түрі құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттың күні төлем шотын қалыптастыру күнінен кеш болмауы тиіс.

      Және қосымша:

      тіркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - хабарламаның нөмірі мен күні;

      жасалған шартқа (хабарламаға) сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

      сот актілерін орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақшаны уақытша орналастыру - ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімінің не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтың, сот бұйрығының нөмірі мен күні.

      Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны алу үшін төлеу шотын ұсыну кезінде комиссия шешімінің нөмірі мен күні, растайтын құжаттардың нөмірі мен күні (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де түрі құжат).

      "Бірыңғай сатып алу платформасы", электрондық шот-фактураларды және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылған төлеуге берілетін шотты алған жағдайда, "Төлем мақсаты" жолында электрондық шот-фактурадан төлемнің мақсаты автоматты түрде көрсетіледі. Бұл ретте хабарламаның нөмірі мен күні, растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетілмейді.

      Бюджеттік кредиттерді беруге, пайдалануға, қызмет көрсетуге және (немесе) өтеуге байланысты төлеуге берілетін шоттарда Бюджеттік кодекстің 154-бабына сәйкес бюджеттік кредитті беру, пайдалану, қызмет көрсету және өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін кредиттік шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;

      21) "Сомасы" ашық жолағында төлеуге берілетін шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетіледі;

      22) "Жазбаша сомасы" ашық жолағында – төлеуге берілетін шоттың теңгедегі сомасы жазбаша бас әріппен көрсетіледі, тиын сомасы – санмен көрсетіледі;

      23) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Мөр орны" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедері қойылады, елтаңбалы мөрді қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс.

      Мөр уақытша болмаған жағдайда құжаттар мемлекеттік қазынашылық органына "Мөр орны" ашық жолағында "Уақытша мөрсіз" деген белгімен мөрдің бедерісіз беріледі;

      24) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы" ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) көрсетіледі;

      25) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы" ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) көрсетіледі.

      "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының және орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының не бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының қолы қойылады.

      Қол қою кезінде өшпейтін төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

      "Ақша жөнелтушінің коды", "Бенефициардың коды", "Төлем белгілеу коды" ашық жолақтарын толтыру "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      241-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "241. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне барлық төлем қолма-қол ақшалай емес нысанда жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу олардың сомасын ақша алушының таңдауы бойынша банкте ашылған ағымдағы шоттарға немесе жинақ ақша шотына есептеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу:

      төлем карточкаларының қолданылу мерзімі бітуіне не төлем карточкаларын жоғалтқан кезде жұмысқа қайта қабылданған қызметкерлерге төлем карточкасын дайындаған;

      мемлекеттік мекеменің орналасқан жері бойынша банктің және олардың пункттарының немесе төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша құрылғылардың жоқ болған;

      сайлау комиссиялары мүшелерінің, консультанттардың, сарапшылардың, сараптамалық лингвистикалық комиссия мүшелерінің және Қазақстан Республикасының сайлау мен жалпыхалықтық референдум туралы заңнамасына сәйкес сайлауды және жалпыхалықтық референдумды өткізуге қатысатын басқа тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасында көзделген жалақыны өтеу үшін олардың негізгі жұмыс орны бойынша мәслихат кандидаттарының, депутаттарының ағымдағы шоты немесе жинақ ақша шоты болмаған жағдайларда мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы жүзеге асырылады.";

      259-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      264-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "264. Корпоративтік төлем карточкасын қолдану арқылы мемлекеттік мекемелердің шығыстары:

      1) шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің 97-қосымшасына сәйкес мөлшерінде бюджет қаражатының және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын ақша;

      2) айына жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мемлекеттік мекемелер үшін қайырымдылық көмектен түсетін ақша;

      3) мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу немесе белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға шектеусіз (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретін ақша есебінен жүзеге асырылады.";

      265-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      292-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кірістер органдарының инкассолық өкiмдерiн қоспағанда, инкассолық өкiм атқару парағы немесе сот шешiмi (үкiмi, ұйғарымы, қаулысы) немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығы негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негiздер бойынша берiлген бұйрықтың негізінде жасалады.";

      295-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "295. Инкассолық өкiмдi орындау:

      1) инкассолық өкім мемлекеттiк мекеменiң кодына қойылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының қабылданбаған мiндеттемелерi бойынша жоспарлы тағайындау сомасы. Сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының қолда бар үнемi инкассолық өкiмдi орындауға жiберiледi;

      2) қабылданбаған мiндеттемелер бойынша жоспарлы тағайындау сомасы және оны мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есептеумен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына қойған жағдайда, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақша;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны мемлекеттік мекемелер үшін алатын қайырымдылық көмектен түскен ақшаны есептеумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына қойылған жағдайда қайырымдылық көмек ақшасының қалдығы;

      4) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы ақша қалдығы және банктік Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес.";

      297-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "297. Инкассолық өкімді алғаннан кейін мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысы:

      1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкімді тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкімді қою және мына:

      мемлекеттік мекемелердің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша;

      міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша төлем жүргізу жөнінде;

      мемлекеттік мекеменің қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша төлем жүргізу жөнінде;

      осы Рәсімдердегі 293-тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама хат) жібереді. Мемлекеттік қазынашылық органында инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда – инкассолық өкімнің көшірмесімен бір мезгілде атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;

      2) сол күні мыналар бойынша:

      жалақы және басқа да ақша, оның ішінде техникалық персоналдың төлемдері;

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақшалай өтемақы;

      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      міндетті зейнетақы жарналары;

      кәсіби зейнетақылық жарналары;

      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;

      әлеуметтік аударымдар;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;

      банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қоспағанда, қызметтерін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.";

      302-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "302. Инкассолық өкiмдi шығарылған кезде және мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, қабылданбаған мiндеттемелер мен бюджеттiк бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы жұмсалым сомасы болмаған кезде мемлекеттік қазынашылық органы оны алады және толық орындалғанға дейін не ол кері қайтарылғанға дейін сақтайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, квазимемлекеттік сектор субъектісіне қойылған инкассолық өкімді алған кезде және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында қаражат болмаған кезде мемлекеттік қазынашылық органы оны қабылдайды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкімді орындау үшін жеткілікті ақша сомасы түскенге дейін сақтайды.";

      310-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "310. Мемлекеттік қазынашылық органына сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, сот санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, атқару құжатын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау туралы қаулылары түскен кезде мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысы:

      1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:

      мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:

      жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде техникалық персонал бойынша;

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақшалай өтемақы;

      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;

      мiндеттi зейнетақы жарналары;

      кәсіби зейнетақы жарналары;

      жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерден ұстаулар;

      әлеуметтiк аударымдар;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар;

      банк қызметтерiне ақы төлеу;

      Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары алушылары болып табылатын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жүргендерге степендиялық қамтамасыз етуге ақшалай қаражаты;

      аймақты зейнетақысы, қосымша төлемдері бойынша қаражаттарын аудару бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар бюджеттік сыныптамасының кодтарын қоспаған жағдайда;

      2) ақылы қызметтер, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына атқарушы құжаттың сомасына инкассалық өкiм қойылған жағдайда;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына инкассалық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік мекемеде мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау бойынша бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) болмаған жағдайда, осы тармақтың 1) тармақшасында берілген шығыстарды қоспағанда, ол арқылы сот актісінде, қаулыда көрсетілген мемлекеттік мекемені ұстау жүзеге асырылатын, ол бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі не мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) оқшаулауға жатады.

      Оқшаулау тиісті орган осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген сот актілерін, қаулыларды кері қайтарғанға дейін жүзеге асырылады.";

      313-тармақта:

      үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.";

      жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттері, қарыздары, гранттары, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттері қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды), осы тармақтың төртінші бөлігін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылында бiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) шеңберiнде және бір облыстың шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдарына аталған соманы жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:

      астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың тиісті бюджет комиссиясының қарауысыз бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу арқылы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының;

      ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауынсыз бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу арқылы облыстың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының;

      аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратымен келiсiм бойынша және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен соманы ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруына рұқсат берiледi.";

      321-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "321. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында бюджеттік субсидиялар төлеу көзделген болса, оларды төлеу тәртібі Бюджет кодексінің 14-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.";

      343-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      406-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "406. Республикалық бюджет комиссиясының немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының шешімі негізінде есепті кезеңнің соңында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмай қалған, бюджеттен алынған есепті қаржы жылының соңындағы қаражат қалдықтары:

      1) бұрын қаржы-экономикалық негіздемені түзету арқылы бюджет қаражаты бөлінген бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруға пайдаланылады;

      2) жаңа қаржы-экономикалық негіздемені әзірлеу арқылы осы квазимемлекеттік сектордың осы субъектісі шеңберінде өзге де бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланылады;

      3) акционерлік қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектісі осы Рәсімдердің 7-тарауының 4-параграфына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне қаражат қалдығын аударуға арналған төлем тапсырмасын мемлекеттік қазынашылық органына ұсынудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етеді.";

      466 және 467-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "466. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар қайтарып алу немесе белгілі бір жағдайлар туған, кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен берген ақша ұлттық та және шетел валютасында да түсуі мүмкін.

      467. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер, оларды қайтару не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін, шетел валютасында түскен ақша қайта айырбастауға және осы Рәсімдерде көзделген тәртіппен тиісті қайырымдылық қолма-қол ақшасын бақылау шотына немесе ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасын бақылау шотына ұлттық валютада есептеуге жатады.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған шетел валютасын қайта айырбастау міндетті болып табылмайды.";

      469 және 470-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "469. Ақылы қызмет қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша операцияларды, Бюджет кодексінің 102-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 6 мамырдағы бұйрығымен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышы (бұдан әрі – № 219 Сыныптауыш) және Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына сәйкес тиісті саланың орталық мемлекеттік органы айқындайтын өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі (бұдан әрі – Ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібі) негізінде мемлекеттiк мекемелер жүзеге асырады.

      470. Шығыстардың функционалдық сыныптамасының, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң кодтарын, пайда болу көздерi мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етiлген түсiмдердi пайдалану бағыттары № 219 сыныптауышта көрсетіледі.";

      477-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "477. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітуге ұсынылған жоспарлардың осы Рәсімдердің 473, 474, 475, 476 және 478-тармақтарында белгіленген талаптарға, № 219 сыныптауышқа және ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.";

      478-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      480-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "480. Осы Рәсімдердің 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір түрі бойынша жиынтық жоспар бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тарапынан екі данада бекітіледі және ағымдағы қаржы жылының он бесінші ақпанына дейін осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір мемлекеттік мекеме бойынша жоспарлармен, түсіндірме жазбамен және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде әрбір түсім мен шығыс түрі бойынша негізделген есептеулермен бірге мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге ұсынылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарлардың және 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспардың дұрыс жасалуын, олардың осы Рәсімдердің 473, 474, 475, 476, 477, 478 және 479-тармақтарында белгіленген, № 219 Сыныптауышқа және ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібіне сәйкестігін қамтамасыз етеді.";

      495-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "495. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес № 219 Сыныптауышқа тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жаңа түрлері енгізілген жағдайда, осы Рәсімдерде белгіленген тәртіпте жаңа жоспарлар және мемлекеттік мекемелер жөнінде жиынтық жоспар жасалады, келісіледі және бекітіледі.";

      497-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "497. Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды, сондай-ақ жыл басындағы қалдықтар мен ағымдағы жылдың түсімдерін көшіруді мемлекеттік мекеменің хаты негізінде мемлекеттік қазынашылық органы мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстарының функционалдық сыныптауышының кодтарын қаржы жылы ішінде, өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрі сақталған кезде мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарлар бекітілгеннен және келісілгеннен және жоспарлар бекітілгеннен кейін өзгерген;

      2) Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстарының функционалдық сыныптауышына жаңа кодтар енгізілген;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес № 219 Сыныптауышқа тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жаңа түрі енгізілген;

      4) қаржы жылы ішінде, мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспарлар бекітілгеннен және келісілгеннен кейін жаңа мемлекеттік мекеме құрылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосылу немесе бөліну жолымен мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылған және мұндай мемлекеттік мекемелерге оларды өткізгеннен түсетін ақша өз биліктерінде қалатын етіп тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге құқық берілген жағдайларда жүзеге асырады.

      Жоспарлы тағайындауларды және бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды, сондай-ақ жыл басындағы қалдықтарды және ағымдағы жылдың түсімдерін ауыстыруға арналған хатпен бір мезгілде мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына мынадай құжаттарды:

      1) жаңа кодтары бойынша ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын;

      2) ескі кодтар бойынша жоспарлы тағайындауларды азайтуға ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы ұсынады.

      Бұл ретте ескі кодтар бойынша жоспарлы тағайындауларды азайтуға арналған анықтамада жылдың басынан бастап жоспардың сомасы ағымдағы тоқсандағы жалпы сомамен көрсетіледі.";

      507-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "507. Қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.";

      11-тараудың 7-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетін ақша бойынша операцияларды жүзеге асыру";

      515-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "515. Ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша операциялары жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаны мемлекеттік мекемелерге қайтару шартымен не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайда іске асырылады.";

      519, 520 және 521-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "519. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетін ақша бойынша мемлекеттік мекеме жоспарлар жасалмайды.

      520. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетін ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған жағдай туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды салған тұлғаларға қайтарылуы не тиісті бюджетке аударылуы тиіс.

      Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілген ақшаны уақтылы қайтаруды не оларды тиісті бюджетке аударуды (бұдан әрі – қайтару/аудару) қамтамасыз етеді.

      521. Қайтару/аудару осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде уақытша орналастыру шотындағы қолма-қол ақшаны бақылау шоты ақша қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.

      Ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты сот актілерін орындау жөніндегі ақшаны қайтаруды/аударуды атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті аумақтық орган қағаз жеткізгіште төлеуге берілетін шот негізінде, атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органның мөрімен куәландырылған атқарушы құжаттың көшірмесін қоса бере ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде сот актісінің немесе атқарушы құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органның мөрімен куәландырылған атқарушы құжаттың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжаттарды қоса тіркейді) отырып, жүзеге асырады.

      Бұл ретте, мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органның мөрімен куәландырылған ұсынылған төлем шоттарын және қоса берілген атқарушылық құжаттардың көшірмелерін атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органның қолтаңбаларының үлгісімен және мөр бедерімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласында аумақтық органның қолдары мен мөр бедерінің үлгілерімен ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің төлемге шотын орындаусыз қайтарады.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгілі бір жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды қайтару немесе аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге берілетін ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға, оларды енгізген тұлғаларға, немесе тиісті бюджет кірісіне қайтаруға/аударуға оларды ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шотын есепке алусыз рұқсат берілмейді.

      Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшін уақытша ақша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшін банктік қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебінен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізіледі, тез бұзылуға ұшырайтын немесе оларды сақтау елеулі материалдық шығынын талап ететін заттай айғақты сатудан алынған, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған ақшаны есептеудің, банктік қызметтерге ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өкілеттік берілген органдардың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары есебінен жүргізілетін қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есептеу жағдайлары қосылмайды.";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Сайлауларды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындары өтемақысының тәртібі";

      12-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Сайлауларды, жалпыхалықтық референдумды мемлекеттік қаржыландыру";

      522, 523, 524, 525 және 526-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "522. Қазақстан Республикасы Президенттінің, Құрылтай депутаттарының, жалпыхалықтық референдум, мәслихаттар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерінің негізінде сайлауын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен осы мақсаттар үшін жергілікті атқарушы органдарға ашылған арнайы шоттар арқылы жүргізіледі.

      Әкімдерді сайлау облыстық бюджеттен осы мақсаттар үшін жергілікті атқарушы органдарға ашылған арнайы шоттар арқылы қаржыландырылады.

      523. Мемлекеттік қазынашылық жергілікті атқарушы органдарға:

      1) Қазақстан Республикасының Президентін, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум кезінде сайлау іс-шараларын жүргізуге арналған шығыстар жөніндегі операцияларды есепке алуға арналған арнайы шоттарын (бұдан әрі – сайлауларды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру үшін шоттар);

      2) әкімдерді сайлау кезінде сайлау іс-шараларын өткізуге арналған шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған арнайы шоттарды (бұдан әрі – әкімдерін сайлауды қаржыландыруға арналған шоттар) ашуды жүзеге асырады.

      Сайлауды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру үшін шоттар Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты негізінде ашылады.

      Әкімдерді сайлауды қаржыландыру үшін шоттар облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты негізінде ашылады.

      Сайлауды, республикалық референдумды қаржыландыру үшін шоттар және әкімдерді сайлауларды қаржыландыру үшін шоттар сайлау іс-шараларын, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру аяқталғанға дейінгі мерзімге ашылады.

      Мемлекеттік қазынашылық сайлауды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы сайлауды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы әрбір аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.

      Мемлекеттік қазынашылық әкімдерді сайлауды қаржыландыру үшін шоттарды ашқаннан кейін бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері әкімдерді сайлауларды қаржыландыру үшін ашылған шоттардың нөмірі мен күні туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама береді.

      Сайлауды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру үшін шот бойынша және әкімдерді сайлауды қаржыландыру үшін шот бойынша операциялар жүргізу үшін аумақтық сайлау комиссиясы мемлекеттік қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы сайлау комиссиясы шешімінің көшірмесі мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады.

      524. Сайлауды, жалпыхалықтық референдумды мемлекеттік қаржыландыруды Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

      Әкімдерді сайлауды мемлекеттік қаржыландыруды облыстық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджетінің шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік қазынашылық органына ұсынады.

      525. Бекітілген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберінде сайлау науқанын, жалпыхалықтық референдумды жүргізу үшін бөлінетін бюджет қаражатына иелік етушілер тиісті сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады.

      Сайлау, жалпыхалықтық референдум өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау, әкімдерді сайлауды қоспағанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі.

      Әкімдерді сайлауды өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргізіледі.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті сайлау комиссияларының төрағаларына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға және төлемдерді жүзеге асыру үшін міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жеткізеді.

      Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған шарттарды тиісті сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заңы) көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберінде жасасады.

      526. Сайлау, жалпыхалықтық референдум дайындау және өткізу уақытында жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік қазынашылық органына қойылған қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты ұсынады. Бұл ретте бірінші қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледі, екінші қол қою құқығы тиісті аппарат әкімінің бас бухгалтеріне (қаржы қызметінің басшысына) тиесілі болады.

      Құжат жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөрінің үлгісін, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін – оны мәслихат сайлағанға дейін шығып кеткеннің орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешімінің) нөмірі мен күнін көрсете отырып ресімделеді. Сайлауды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыруға арналған шоттан және әкімдерді сайлауды қаржыландыруға арналған шоттан қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлауларды, жалпыхалықтық референдумды, әкімдерді сайлауды дайындау және өткізу мерзіміне, қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін алпыс күнтізбелік күнге дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешіктірмей (егер сайлау қазанның соңғы жексенбісінде өткізілген жағдайда) белгіленеді.

      Осы тармақпен қарастырылған мерзім өткеннен кейін жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды қайтару бойынша төлемдерді жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар қайтару сомасы бойынша төлемдерді аудару үшін үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге қолдар мен мөр бедерінің уақытша үлгілерін мемлекеттік қазынашылық органдарына ұсынады.";

      529, 530, 531, 532, 533, 534 және 535-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "529. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға жұмсалған:

      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметіне:

      сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің жалақысына;

      сайлау комиссиялары мүшелерінің қосымша еңбек ақысына;

      жалақыға есептеуге;

      техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);

      көлік шығыстарына;

      бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      байланыс қызметтеріне, пошта шығыстарына;

      еңбек келісімдері негізінде техникалық персонал орындайтын жұмыстарға;

      полиграфиялық шығыстарға;

      кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алуға;

      сайлауларды дайындау және өткізу барысында нотариаттық қызметтер және мұрағатшы қызметтерін сатып алу;

      2) үй-жайларды жалға алуға;

      3) іссапар шығыстарына;

      4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерінің, электрондық сайлау жүйесін енгізуді жүзеге асыратын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      5) Сайлау туралы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтін сөздеріне;

      6) Сайлау туралы Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшілікке сайлау алдында іс-шаралар өткізуге және партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға;

      7) партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мөлшерде көлік шығыстарына;

      8) сайлау комиссиясы үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Құрылтай және мәслихаттардың депутаттарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар туралы, бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум туралы ақпараттық плакаттар дайындауға жұмсалатын шығыстар өтеледі.

      Облыстық бюджет қаражатынан:

      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметіне:

      сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің жалақысына;

      сайлау комиссиялары мүшелерінің қосымша еңбек ақысына;

      жалақыға есептеуге;

      техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);

      көлік шығыстарына;

      бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      байланыс қызметтеріне, пошта шығыстарына;

      еңбек келісімдері негізінде техникалық персонал орындайтын жұмыстарға;

      полиграфиялық шығыстарға;

      кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәміздер үшін материалдар сатып алуға;

      2) үй-жайларды жалға алуға;

      3) iссапар шығыстарына;

      4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;

      5) кандидаттардың көлік шығыстарына;

      6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беру пунктінде орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.

      530. Аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша іссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік мекемелердің басшылары және басшыларының орынбасарларына белгіленген мөлшерде, ал Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша сайлаушылардың бірлескен отырысына қатысатын мәслихат депутаттарына учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелеріне мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне белгіленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларымен жүзеге асырылады.

      531. Сайлауды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру шотынан және әкімдерді сайлауды қаржыландыру шотынан сайлаулар өткізуге қаражатты жұмсау тиісті аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегінде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретіндей етіп беріледі, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелеріне сатып алынған материалдық құндылықтар үшін шығыстар төленеді. Пайдаланылмаған есеп берілетін сомалардың қалдығын сайлаулар, жалпыхалықтық референдум аяқталғаннан кейін үш күн мерзімде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру шотына немесе әкімдерді сайлауды қаржыландыру шотына есепке алу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады;

      2) аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары әкімдерді сайлауды өткізу кезінде орталық сайлау комиссиясы/бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекіткен олардың қаржыландыру жоспары шегінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекіткен, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжат ұсынылғаннан кейін төленеді. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргізіледі. Аванстық есепті алғаннан кейін әкім аппаратының бас бухгалтері (қаржы қызметінің басшысы) растайтын, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттардың ресімделу дұрыстығын тексереді және оларды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына бекітуіне береді.

      Есеп берілетін соманың пайдаланылмаған қалдығын аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары сайлау, жалпыхалықтық референдум аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша сайлауды, жалпыхалықтық референдумды қаржыландыру шотына немесе әкімдерді сайлауды қаржыландыру шотына есептеу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады.

      532. Сайлау науқандарына, оның ішінде кандидаттарға, жалпыхалықтық референдумға бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      533. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткізуге жұмсалған шығыстар бөлігін кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бірлестіктің шотына жатқызу туралы шешімі болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтіру бір қаржы жылында жүргізілсе, соңғысы жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына сайлауларды, жалпыхалықтық референдумды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіруге қаражат аударады.

      Республикалық бюджеттен шығыстарды бір қаржы жылында, ал қаражатты қалпына келтіру келесі қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат тарапынан Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының түсімдер сыныптамасының 206106 "Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражатты қайтару" коды бойынша республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Бұл ретте көрсетілген шешімді: Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде – Орталық сайлау комиссиясы, Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде – аумақтық сайлау комиссиялары, мәслихат депутаттарын сайлау кезінде – округтік сайлау комиссиялары қабылдайды.

      534. Бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Құрылтай депутаттарын сайлауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентін, Құрылтай депутаттарын сайлауды, жалпыхалықтық референдумды, мәслихат депутаттарын, әкімдерді және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау Бюджет кодексінің 130 және 131-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      535. Белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлуі Бюджет кодексінің 14-бабының 7-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлу тәртібін әзірлейді және оны мүдделі бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.

      Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Құрылтайы республикалық бюджетті бекіту (нақтылау) туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылданған күннен кейін бес жұмыс күннің ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлу тәртібін бекіту туралы бұйрық жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға келісу үшін жолдайды.

      Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлу тәртібі бөлінетін бюджеттік бағдарлама бекітілген бюджет құрамында бөлінетін бюджеттік бағдарлама бекітілген жағдайда ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешіктірмей немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама нақтыланған бюджет құрамында бекітілетін жағдайда Қазақстан Республикасы Құрылтайы республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұйрығымен бекітіледі.

      Осы тармақтың екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде көзделген нормалар бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізуді, мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртiбiне қолданылмайды.";

      547-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "547. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде мемлекеттік әріптеспен жүргізіледі.";

      565-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "565. Сыйақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде мемлекеттік әріптеспен жүргізіледі.";

      578-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "578. Жалдау төлемақысын төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе астана, облыстар және республикалық маңызы бар қала мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде мемлекеттік әріптес жүргізеді.";

      587-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "587. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың жылдық көлемдері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарымен немесе астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерімен анықталады.";

      599-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "599. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа шығу үшін ұлттық валютада бағалы қағаздар шығару жолымен сыртқы қарызды тарту кезінде ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына ашылатын сыртқы қарыздың қолма-қол ақшасын бақылау шотына қаражатты есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру Бюджет кодексінің 140-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте жүргізіледі.

      Ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатын немесе сыртқы қарыздардың байланысты гранттарын несие шотынан алу Қазақстан Республикасының заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен тартылған қаражатты есепке алуы, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына "жасыл" жобаларға жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін бюджетті қазынашылық атқару процесінде мынадай түрде:

      Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдер ретінде сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударған кезде;

      Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдер мен шығыстар (бір мезгілде) ретінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тікелей берушілерге аударған кезде ескеріледі.

      Сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың арнайы шотына, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына қаражат аудару шетел қарыз берушілерінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына қарыз қаражатын немесе байланысты грантты беретін донорлар қарыз немесе байланысты грант туралы шарт талаптарына сәйкес шоттардан қаражат алуға бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің өтінімі негізінде жүргізіледі.";

      614-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "614. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын/қосымша келісімдерді тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар органдар әрбір жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасы бойынша:

      осы Рәсімдерге 136-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімді;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын/қосымша келісімді;

      тиісті бюджет комиссиясының шешімін немесе астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала мәслихатының мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешімін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына, оның ішінде сараптама жүргізуге уәкілетті астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бизнес-жоспарға сараптаманы (жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде) мемлекеттік қазынашылық органына "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.";

      20-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      25-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Рәсімдерге 26-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      27 және 28-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      35 және 36-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      38, 39, 40, 41, 42 және 43-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Рәсімдерге 47-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      54-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      56-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      59-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      68-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Рәсімдерге 72-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      86-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      96-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Рәсімдерге 97-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      98-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      100 және 101-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      105-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      109 және 110-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      112 және 113-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Рәсімдерге 115-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      116, 117 және 118-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      120-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      126, 127, 128, 129, 130 және 131-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      147-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1)осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев