"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 394 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрық 12.06.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:

      694 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "111 Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі шығыстары";

      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:

      1 "Отын және энергетика" функционалдық кіші тобында:

      241 "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      041 "Жылу-электр энергетикасын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 108 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "108 Отын-энергетикалық кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      227 "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      002 "Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "102 Жасанды интеллект саласындағы жобаларды бизнес-инкубациялау және/немесе акселерациялау";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      410 "Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу" кіші сыныбында:

      "


418

Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру.
Лизинг қызметтері бойынша негізгі құралдарды сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру 159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша жіктеледі.


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


418

Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін, оның ішінде лизинг қызметтері бойынша шарт шеңберінде сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру.


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев