"Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 386 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 16-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 21-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 23, 24 және 25-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 28 және 29-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 33 және 34-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 39-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 43, 44 және 45-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 48, 49 және 50-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 52-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 55 және 56-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 63 және 64-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 66, 67, 68 және 69-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 77-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 81-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 92-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 102-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 105-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 109, 110 және 111-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 115, 116, 117, 118, 119, 120 және 121-қосымшаларға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 123, 124 және 125-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілінде "Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы "__"_______
№ ___бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
123-қосымша
№ 408–ДБ–в нысан

_______________________________________________________________

Мемлекеттік мекеменің (орталықтандырылған бухгалтерияның) атауы

______ жылдың ________________ айындағы 23–мемориалдық ордер

Бюджетке түсетін түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша

дебиторлық берешек жөніндегі жинақтау ведомосі

Р/с №

Күні

Құжаттың атауы, құжаттың нөмірі

Бюджеттік сыныптама коды

Есеп

Айдың басына қосалқы шоттар бойынша қалдық

1292, 1293, 1294, 1295 шоттар/қосалқы шоттар дебеті






Дебет

Кредит

Шоттар/қосалқы шоттар кредиті

Жиыны

6081, 6082

5240




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Жиыны











      кестенің жалғасы

1292, 1293, 1294, 1295 шоттар/қосалқы шоттар кредиті

Айдың соңына шоттар/ қосалқы шоттар бойынша қалдық

Шоттар/қосалқы шоттар дебеті

Жиыны

Дебет

Кредит

1046, 1047, 1048, 1049

6081, 6082

5240


13

14

15

16

17

18

19








      Орындаушы ____________________________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бас бухгалтер __________________________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ескертпе:

      № 408–ДБ–в нысаны бойынша жинақтау ведомосі бюджетке түсетін түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешекті есепке алу үшін қолданылады және 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1294 "Негізгі капиталды өткізуден есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1295 "Мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шоттары бойынша жасалады.

      "Шоттар/қосалқы шоттар дебеті" бағанында: 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шоты бойынша және 6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер" қосалқы шоты бойынша шоттар/қосалқы шоттар кредитінде салық төлеушілердің дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп негізінде бюджетке түсетін салықтық түсімдерден түсетін кірістерді (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сомалар) тану бойынша кірістер танылған жазбалар жүргізіледі.

      1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шоты бойынша 6082 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерден алынатын кірістер" қосалқы шотының кредитінде "е–Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінің (бұдан әрі – ИАЦЖ) Талдау орталығының (бұдан әрі – ТО) кіші жүйесінен "Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдамалық материалдарды дайындау" ТО құрауышынан алынған түсімдерді тану бойынша жазба жүргізіледі.

      "Шоттар/қосалқы шоттар дебеті" бағанында: 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1294 "Негізгі капиталды өткізуден есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1295 "Мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шоттары бойынша және 5240 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі" шотының кредитінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдыңғы есепті кезеңдер үшін дебиторлық берешекті толық есептеу бойынша жазбалар жүргізіледі.

      "Шоттар/қосалқы шоттар кредиті" бағанында: 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1294 "Негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден түскен түсімдер бойынша есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1295 "Мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", "Шоттар/қосалқы шоттар дебетінде":

      1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", 1048 "Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ", 1049 "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ" республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден түскен түсімдер есепке алынады.

      6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер", 6082 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерден алынатын кірістер" ағымдағы түсімдер бойынша қосымша ұсынылған есеп айырысулар негізінде жасалған бухгалтерлік анықтама негізінде бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша есептелген сомалар бойынша түзетпеу жазбасы есепке алынады; 5240 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі" қосымша ұсынылған есеп айырысу негізінде жасалған бухгалтерлік анықтамаға сәйкес алдағы есепті кезең үшін бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің дұрыс есептелген сомасы бойынша түзету жазбасы ескеріледі.

      Айдың соңында 12 "Шоттар/қосалқы шоттар кредиті" бағаны бойынша жиыны мен 17 "Шоттар/қосалқы шоттар дебеті" бағаны бойынша жиыны мемориалдық ордер ресімделгеннен кейін "Бас журнал" № 308 нысаны бойынша кітапқа көшіріледі. № 408–ДБ–в нысаны бойынша 23 мемориалдық ордерге орындаушы мен мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері немесе олар уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы "__"_______
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
124-қосымша
№ 408–KБ–в нысан

_______________________________________________________________

Мемлекеттік мекеменің (орталықтандырылған бухгалтерияның) атауы

______ жылдың ____________айындағы 24–мемориалдық ордер Бюджетке түсетін

түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек

жөніндегі жинақтау ведомосі

Р/с №

Күні

Құжаттың нөмірі құжаттың атауы

Бюджеттік сипаттама коды

Шоты

Айдың басына қосалқы шоттар бойынша қалдық

3281, 3282, 3283, 3284, 3285 шоттар/қосалқы шоттар дебеті

Дебет

Кредит

Шоттар/ қосалқы шоттар кредиті

Жиыны

1292, 1293, 1294, 1295

1046, 1047, 1048, 1049



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













Жиыны










      кестенің жалғасы

3281, 3282, 3283, 3284, 3285
шоттар/қосалқы шоттар кредиті

Шоттар/қосалқы шоттар бойынша айдың соңындағы қалдық

Шоттар/қосалқы шоттар дебеті

Жиыны

Дебет

Кредит

7260

5240




12

13

14

15

16

17







      Орындаушы ____________________________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бас бухгалтер __________________________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ескертпе:

      № 408–KБ–в нысаны бойынша жинақтау ведомосі 3281 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3282 "ҚҚС төлеу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3283 "ҚҚС қайтару жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3284 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3285 "ЕАЭО–ға мүше–мемлекеттер алдындағы бөлінетін кеден баждары бойынша кредиторлық берешек" қосалқы шоттары бойынша жасалады.

      "Шоттар/қосалқы шоттар дебеті" бағанында: 3281 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3282 "ҚҚС төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3284 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3285 "ЕАЭО–ға мүше–мемлекеттер алдындағы бөлінетін кеден баждары бойынша кредиторлық берешек" және "Шоттар/қосалқы шоттар кредитінде": 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1294 "Негізгі капиталды өткізуден есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1295 "Мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" салық төлеушілердің дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есебі (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сомалар) негізінде салық төлеушінің дебиторлық берешегін бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің бір түрі бойынша және кредиторлық берешегін басқа түрі бойынша есепке жатқызу.

      3281 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3282 "ҚҚС төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3283 "ҚҚС қайтару бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3284 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3285 "ЕАЭО–ға мүше–мемлекеттер алдындағы бөлінетін кеден баждары бойынша кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", 1048 "Жәбірленушілерге өтемақы қоры", 1049 "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ" қосалқы шотының кредиті бойынша "е–Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінің (бұдан әрі – ИАЦЖ) талдау орталығының (бұдан әрі – ТО) кіші жүйесі "Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдамалық материалдарды дайындау" ТО құрауышынан алынған түсімдер бойынша есептер нысандары негізінде салық органдарының төлем тапсырмалары негізінде артық (қате) төленген түсім сомаларын бюджеттен қайтару есепке алынады.

      3283 "ҚҚС қайтару бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ" қосалқы шотының кредиті бойынша салық органының төлем тапсырмалары мен өкімдері бойынша Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге ҚҚС қайтару есепке алынады.

      "Шоттар/қосалқы шоттар кредиті" бағанында 3281 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" және 7260 "Бюджетке түсетін түсімдерді азайту бойынша шығыстар" шоты бойынша "Шоттар/қосалқы шоттар дебетінде" салық төлеушілердің дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есебі (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сомалар) негізінде түзетпеу жазбасы көрсетіледі.

      Салық төлеушілердің дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есебі (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сомалар) негізінде ағымдағы есепті кезең үшін "Шоттар/қосалқы шоттар кредиті" бағанында: 3282 "ҚҚС төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3283 "ҚҚС қайтару бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3284 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3285 "ЕАЭО–ға мүше–мемлекеттер алдындағы бөлінетін кеден баждары бойынша кредиторлық берешек" және 7260 "Бюджетке түсетін түсімдерді азайту бойынша шығыстар" шоты бойынша "Шоттар/ қосалқы шоттар дебетінде" ҚҚС бойынша кредиторлық берешекті есептеу көрсетіледі.

      "Шоттар/қосалқы шоттар кредиті" бағанында 3281 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3282 "ҚҚС төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3283 "ҚҚС қайтару бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3284 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3285 "ЕАЭО–ға мүше–мемлекеттер алдындағы бөлінетін кеден баждары бойынша кредиторлық берешек" және 5240 "Бюджетке түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі" "Шоттар/қосалқы шоттар дебетінде" өткен кезеңдер бойынша салықтар, өсімпұлдар, айыппұлдар мен салықтық емес түсімдер бойынша салық төлеушілермен есеп айырысулар бойынша кредиторлық берешекті қалпына келтіру есепке алынады.

      Айдың соңында 11 "Шоттар/қосалқы шоттар кредиті" бағаны бойынша жиыны мен 15 "Шоттар/қосалқы шоттар дебеті" бағаны бойынша жиыны мемориалдық ордер рәсімделгеннен кейін "Бас журнал" № 308 нысаны бойынша кітапқа көшіріледі. № 408–КБ–в нысаны бойынша 24–мемориалдық ордерге орындаушы мен мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері немесе олар уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы "__"_______
№ ___ бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
125-қосымша
№ 381–в–нысан

_______________________________________________________________

Мемлекеттік мекеменің (орталықтандырылған бухгалтерияның) атауы

__________жылғы 25–мемориалдық ордер Республикалық, жергілікті бюджеттің

қолма–қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қозғалысы бойынша жинақтау ведомосі

Р/с

Күні

Құжаттың нөмірі және атауы

Бюджеттік сыныптама коды

Айдың басындағы қалдық

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6


























Барлығы





      кестенің жалғасы

1046, 1047, 1048, 1049 шоттары/қосалқы шоттары дебетінен

шот/қосалқы шоттар кредитіне

1292

1293

1294

1295

6081

6082

6083

6085

Жиыны

7

8

9

10

11

12

13

14

15














































      кестенің жалғасы

КБК

1046, 1047, 1048, 1049
шоттары/қосалқы шоттары дебетінен

Ай соңындағы қалдық

шот/қосалқы шоттар кредитіне

Жиыны

3281, 3282, 3283, 3284, 3285

7470






Дебет

Кредит

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26
























































      Орындаушы ___________________________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бас бухгалтер __________________________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ескертпе:

      Республикалық, жергілікті бюджеттің қолма–қол ақшаны бақылау шоттардағы қаражат қозғалысы бойынша жинақтау ведомосінде республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есепке жатқызу бойынша есеп жүргізіледі. № 381–в нысаны бойынша жинақтау ведомосі 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", 1048 "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ", 1049 "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ" қосалқы шоттары бойынша толтырылады.

      "Шоттар/қосалқы шоттар дебетінен" бағанында 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", 1048 "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ" және "шоттар/қосалқы шоттар кредитіне", 1049 "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ": 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" салық төлеушілердің дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есебі (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сомалар) негізінде салық төлеушілердің төлем тапсырмалары бойынша салықтық түсімдер есепке алынады.

      "Шоттар/қосалқы шоттар дебетінен" бағанында 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", 1048 "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ", 1049 "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ" және "шоттар/қосалқы шоттар кредитіне" 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1294 "Негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1295 "Мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" "е–Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінің (бұдан әрі –ИАЦЖ) Талдау орталығының (бұдан әрі – ТО) кіші жүйесінен "Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдамалық материалдарды дайындау" ТО құрауышынан алынған түсімдер бойынша есептер нысандары негізінде салықтық емес түсімдер, негізгі капитал мен мемлекеттің қаржылық активтерін өткізуден түскен тиісті бюджетке түсетін түсімдер есепке алынады.

      "Шоттар/қосалқы шоттар дебетінен" бағанында 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", 1048 "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ", 1049 "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ" және 6085 "Трансферттердің бюджетке түсуі" қосалқы шотының "шот/қосалқы шоттар кредитіне" тиісті бюджетке трансферттер (қайтару және бюджеттік алып қоюлар) түсімдерінің есепке алынуы ескеріледі. "Шоттар/қосалқы шоттар кредитінен" бағанында 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", 1048 "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ", 1049 "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ" "шоттар/қосалқы шоттар дебетіне" 3281 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3282 "ҚҚС төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3283 "ҚҚС қайтару бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3284 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3285 "ЕАЭО–ға мүше–мемлекеттер алдындағы бөлінетін кеден баждары бойынша кредиторлық берешек" бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомаларын қайтару салық органдарының қорытындылары немесе қосымша ұсынылған есеп айырысу негізінде жасалған бухгалтерлік анықтама негізінде есепке алынады.

      "Шоттар/қосалқы шоттар кредитінен" бағанында 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", 1048 "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ", 1049 "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ" "шоттар/қосалқы шоттар дебетіне" 7470 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ–лары бойынша шығыстар" тиісті бюджеттің ҚБШ–сынан шығыстардың жүргізілуі көрсетіледі.

      Айдың соңында "шоттар/қосалқы шоттар дебетінен" 14–баған бойынша қорытынды мен "шоттар/қосалқы шоттар кредитінен" 26–баған бойынша қорытынды 25–мемориалдық ордер рәсімделгеннен кейін "Бас журнал" № 308 нысаны бойынша кітапқа көшіріледі. №381–в нысаны бойынша 25–мемориалдық ордеріне орындаушы мен мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері немесе олар уәкілеттік берген тұлға қол қояды.