БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:
2-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:
мемлекеттік мекемелер – мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке жоспар);
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);
мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты – түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.
Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына және (немесе) жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларына және (немесе) іс-шаралар жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымына (бұдан әрі – бюджеттік сұранымы), Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен әзірленеді.
Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.";
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын мемлекеттік мекемелер шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамалары бойынша мынадай талаптардың негізінде әзірлейді:
бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік сұранымда ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;
бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер;
басқа да нормативтік құқықтық актілер;
міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;
өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын ескере отырып әзірлейді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысы немесе кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараттына айларға бөле отырып, жоспарларды айға бөлу негіздемесімен бірге:
бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын;
қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынады.
Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің бюджеттік кредиттер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері аппараттарына тұтастай бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша да, сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бойынша да ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімімен немесе төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Рәсімдерде белгіленген форматта қағаз және электрондық тасығыштарда, жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын – тек электрондық тасығыштарда ғана ұсынады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының шынайылығын, дұрыс ресімделуін және мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.";
13-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
14 және 15-тармақтарда орыс тіліндегі мәтіндер өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіндер өзгермейді;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Мемлекеттік қазынашылық Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысы қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жергілікті бюджет туралы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты жергілікті бюджет туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру кезінде айлар бойынша шығыстар түсімдерден асып кеткен жағдайда мемлекеттік қазынашылық немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган шығыстарды ай сайын бөлуді қайта бөлу үшін шығыстар бойынша жоспарлы тағайындауларды азайту қажет сомалар мен айларды көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларын қайтарады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бір күн мерзімде мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарының түзетілген жобасын ұсынады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төлемдер бойынша түзетілген жоспарлы тағайындауларды ұсынғаннан кейін теңгерімдеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде болжамды тапшылықты жабу мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен жоспарланады.
Мемлекеттік қазынашылық қарыздар бойынша түсімдер жоспарының орындалуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жоспарлаған шығыстар сомасының түсімдердің жоспарлы сомасынан қандай кезеңдерде және қандай көлемде асып түсетінін хабарлайды. Өз кезегінде, қарыздар бойынша түсімдер жоспарының орындалуына жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында тиісті кезеңдерге арналған қарыздар бойынша жоспар сомасын қайта бөледі.";
23 және 24-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті орган облыстық бюджеттер бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді бөлумен байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін жергілікті атқарушы органға айлар бойынша бөлінген облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне, берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді бөлумен байланысты бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ететін жергілікті атқарушы органға айлар бойынша бөлінген аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомасын береді.
24. Мемлекеттік қазынашылықтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітетін түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, республикалық бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына олардың жасалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды және мемлекеттік қазынашылықтың елтаңбалық мөрімен куәландырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітетін түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, тиісті жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына олардың жасалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының басшысы бекітетін түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл және ауылдық округ бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына олардың жасалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының елтаңбалы мөрімен куәландырылады.";
27-тармақтың сегізінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан алынған кірістер түсімдерінің жиынтық жоспарларын (ерекшеліктер деңгейіне дейін) екі жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жеткізеді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бағамдық айырмашылықтың өзгеруіне байланысты үкіметтік борышты өтеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде, республикалық және жергілікті бюджеттердің ай сайынғы түсімдері мен шығыстарын түзетуді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларындағы және қаржыландырудың жеке жоспарларындағы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі кіші бағдарлама мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері арасында соманы түзетуді талап ететін факторлар пайда болған кезде жүргізіледі.
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдер негізінде және салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін кірістер түсімдерінің жоспарларын өзгертуге өтінімдер негізінде мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты қалыптастыратын түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте кіріс түсімдерінің жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдер ағымдағы айдың жиырма бесі күнінен кейін келесі жұмыс күні беріледі.
Қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекемелерден алынған есептемелер және өзгерістер негіздемесі қоса берілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінімдер (бұдан әрі – мемлекеттік мекеменің өтінімі) негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалыптастыратын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жасалған қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы мың теңгемен, бөлшек қалдығы бар, үтірден кейін бір белгіден аспайтын санмен көрсетіледі. Өтінімдер мен анықтамалар осы Рәсімдерге 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41 және 42-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (зейнетақылар мен жәрдемақылар) бойынша жоғары тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, атқарушылық құжаттарды орындау, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ блоктық бюджеттеуге қатысатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бөлінген бюджет қаражатын қайта бөлу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына айына бір реттен асырмай, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – ағымдағы айдың жиырмасы күнінен кешіктірмей екі реттен асырмай өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Бұл ретте, "Блоктық бюджеттеуді іске асыру (ендіру) қағидаларын және блоктық бюджеттеуге қатысатын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 602 қаулысына сәйкес блоктық бюджеттеуге қатысатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуді ағымдағы қаржы жылының соңғы айында ағымдағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей екі реттен асырмай жүзеге асыра алады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердiң өтiнiмдерi негiзiнде төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттiк мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама (бұдан әрi – қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама) қалыптастырады.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн өзi орналасқан жерi бойынша мемлекеттік қазынашылық органына тиiстi шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру қажеттiлiгi туралы хатпен өтiнiш жасайды.
Мемлекеттік қазынашылық органы қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жөніндегі рәсiмдер аяқталғанға дейiн жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргiзудi тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қазынашылық органы 4-20 "Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 4-20 нысаны) барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге береді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелер шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертілетін кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеменің өтінімі мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:
ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;
жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестікті сақтауды;
төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан аспаған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;
қабылданған, бірақ ақы төленбеген міндеттемелерді;
инкассолық өкімдердің болуын;
шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жоспарлы соманы қабылданған міндеттемелерді шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалады;
жоспарлы соманы бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiктерi бойынша ұлғайту (азайту) қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегiнде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы азайту (ұлғайту) есебiнен, бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылады;
бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеменің өтініміне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде – тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негіздемесі ағымдағы айдың он күнінен кешіктірілмей тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне беріледі.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған анықтамаларды қайтару (қабылдамау) кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ағымдағы айдың жиырмасы күнінен кейін қайтарылған (қабылдамаған) кезден бастап бір жұмыс күні ішінде (қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысы жоқ жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар үшін) бір жұмыс күні ішінде бір рет мемлекеттік қазынашылық органының ескертулерін ескере отырып түзетілген анықтамаларды ұсынады.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Осы Рәсімдерде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiтедi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге үш данада бекiтедi, олардың бiреуiн мемлекеттiк мекемеге, екiншiсiн өзiнiң орналасқан жері бойынша мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данадағы тiзiлiммен бiрге жiбередi және үшiншiсiн өзiнде қалдырады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi өзiнiң орналасқан орны бойынша мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Рәсімдерге 36 және 38-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бектілген анықтамалардың электрондық нұсқасын жібереді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізіліммен бірге осы Рәсімдерге 36 және 38-қосымшаларға сәйкес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтамалардың электрондық нұсқаларын, жібереді, оларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылады.
Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамаларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің мемлекеттік қазынашылық органдарына "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша, ал барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ қорғаныс саласындағы құпиялауға жататын мәліметтер тізбесіне кіретін мемлекеттік мекемелерге қағаз және электрондық тасығыштарда мынадай тәртiппен бередi:
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама бекітілген күннен бастап ағымдағы ай ішінде ұсынылады;
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстерге қатысты емес жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалар бір мезгілде барлық мемлекеттік мекемелер бойынша, ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына кемiнде бiр рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында – осы Рәсімдердің 33-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы айдың жиырмасыншы күнiнен кешiктiрілмей айына екі реттен асырмай берiледi.
Мемлекеттік қазынашылық органы қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысы жоқ өзгерістерді жеке қаржыландыру жоспарларына енгізу туралы анықтамаларды қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жүктегеннен кейін, "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, сондай-ақ тиісті жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына, соңғысының бюджеттік мониторинг жүргізуі үшін қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне аталған анықтамаларды жүктегенін растау туралы хабарлама жіберіледі.
Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезiнде мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкестiгiн, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттен немесе жоғары тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.";
39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы бекiткеннен кейiнгi кезеңде мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелердi қабылдауы немесе кассалық шығыстарды жүргiзуi себепті жоспарларлы тағайындаулар жетіспеген, Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының сәйкес келмеген, жоспарлы тағайындаулар дұрыс бөлiнбеген, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтамаларды ұсыну мерзімдерін сақтамаған және осы Рәсімдердің 32-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік қазынашылық органы:
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтаманы – бюджеттік бағдарлама әкімшісіне;
2) түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтаманы – бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына орындаусыз қайтарады ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша себебін көрсете отырып қайтарады).";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Рәсімдердің 33-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінім (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі) қалыптастырады, оны ол енгізілетін өзгерістердің тиісті негіздемелерімен бірге мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жібереді.";
43, 44, 45, 46 және 47-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінім, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақылар және жәрдемақылар, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы төлемдер, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау) бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың атқарушылық құжаттарын орындау, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезіндегі және тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы жағдайларды қоспағанда, айына кем дегенде бір рет ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, тиісті бюджет комиссиясының шешімі бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша немесе атқарушылық құжаттарды орындау үшін қаражат бөлуге бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі – ағымдағы ай ішінде, ал соңғы айда – ағымдағы қаржы жылының аяқталуына үш жұмыс күні қалғанда қабылданады.
Мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағам айырмасының, баға өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесінен үнемдеу, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, сапарға шығу немесе іс-шараларды өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты іссапарлар кестесінің өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.
Мемлекеттік қазынашылыққа, жергiлiктi уәкiлеттi органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына азайтылатын айларға қатысты айлардың жоспарларын ұлғайту жолымен өткен айлардың жоспарларын ағымдағы немесе алдағы азайтуға арналған өтiнiмдер беруге жол берiледi, бұл ретте осы өзгерiстер өткен есептi кезеңдi қозғамайды. Тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында теріс сальдо болған немесе ағымдағы қолма-қол ақша тапшылығы құрылған жағдайда алдағы айлардың төлемдер бойынша жоспарларын ағымдағы айға және азайтылатын айға қатысты алдындағы айларға көшіруге жол берілмейді.
Бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын азайту бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына азайтылатын соманы ағымдағы немесе келесі айлардан ағымдағы жылдың желтоқсан айына көшіру бойынша міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім енгізеді.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге өтiнiмдi қағаз және электрондық тасығыштармен бередi.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтініміне орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал ондай болмаған жағдайда – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал олар болмаған кезеңде – тиісті бұйрықтармен олардың міндеттерін атқару жүктелген адамдар қол қояды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөрімен расталады.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының жобаларын және қаржыландырудың жеке жоспарларын мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына берудің дұрыстығын, дұрыс ресімделуін және уақытылы ұсынылуын және бюджет қаражатын қайта бөлудің негізділігін қамтамасыз етеді.
44. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды және олар мақұлдаған жағдайда төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар қалыптастырады.
Анықтаманы қалыптастыру осы Рәсімдердің 35-тармағында көзделген талаптарды, сондай-ақ мынадай шарттарды ескере отырып жүргізіледі:
осы Рәсімдердің 20-тармағына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерімділігін сақтау;
жиынтық жоспардың "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімінде түсімдер мен өтеудің көлемін өзгерту бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.
45. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының өтінімдерін мемлекеттік қазынашылық, жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратымен олар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты ұсынылған өзгерістер бойынша негіздемені және осы Рәсімдердің 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында белгіленген шарттардың сақталуын тексереді.
Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінімдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетілетін кезең бойынша төлемдер бойынша шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден асып кетуіне әкеп соқтырса, сондай-ақ бұл ретте осы Рәсімдердің 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарында айқындалатын басқа да шарттар бұзылса, онда мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қабылдамайды.
Өтінімді қабылдамаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылықтың, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының ескертулерін есепке ала отырып, түзетілген өтінімді ұсынады.
46. Мемлекеттік қазынашылық, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны электрондық форматта тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жібереді.
47. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік қазынашылықтан, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратынан алған анықтаманың негізінде дәл сол күні бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді және қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітеді.";
50, 51, 52 және 53-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Салықтық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомасының, қарыздардың бюджетке түсетін түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуді кредиттік шарттарға, қарыз шарттарына, борышты қайта құрылымдау келісіміне енгізілген өзгерістердің негізінде және осы Рәсімдердің 32-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттің қаржы активтерін сату жоспарын өзгертудің негізінде аталған түсімдер тізбесі бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтінімдері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты жүзеге асырады.
Ағымдағы қаржы жылына түсімдер болжамының жылдық сомаларын өзгерту, бағамдық айырмашылықтың өзгеруіне байланысты үкіметтік борышты өтеу жөніндегі міндеттемелер өзгеру жағдайларын қоспағанда, тек ағымдағы қаржылық жылға бюджетті нақтылау кезінде ғана рұқсат етіледі.
Жоғары тұрған бюджеттің түсімдердің жиынтық жоспарына және төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылардың, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу сомасының жоғары тұрған бюджетке түсетін түсімдер жоспарына өзгерістер енгізуді төмен тұрған бюджеттер кірістерінің жоспарын асыра орындаудың, кредит шарттарының талаптарын өзгерту негізінде және жоғары тұрған бюджет түсімдерінің бірдей ай сайынғы сомасын және төмен тұрған бюджеттердің тиісті шығыстарының сомасын сақтап қалу мақсатында төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының өтінімі бойынша жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
51. Кірістердің түсімдері, кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді, қарыздарды өтеу жоспарларын өзгертуге өтінімдер қабылданбаған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептері мен негіздемесін көрсете отырып, өтінім берген мемлекеттік органға, төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жоспарларды өзгертуден бас тартатыны туралы хабардар етеді.
52. Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгiзу туралы анықтаманы осы Рәсімдердiң 2-тарауында белгiленген тәртiппен төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты осы Рәсімдерге 40 және 41-қосымшаларға сәйкес жоғары тұрған бюджеттiң тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ұсынған жоғары тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы негiзiнде қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бекітілгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде береді.
Төмен тұрған бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерге трансферттердi беруiне, борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы осы Рәсімдердiң 2-тарауында белгiленген тәртiппен және жоғары тұрған бюджеттiң уәкiлеттi органы ұсынған жоғары тұрған бюджет түсiмдерiнiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама негiзiнде төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты қалыптастырады.
53. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманың бiр данасын оларды бекiткеннен кейiн екі жұмыс күнi iшiнде бір мезгілде мемлекеттік қазынашылық органдарына берген кезде осы Рәсімдерге 28, 40 және 42-қосымшаларға сәйкес түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін, осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппараты басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылады.
Бюджет нақтыланған жағдайда мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 28, 40 және 42-қосымшаларға сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және осы Рәсімдерге 43-қосымшаға сәйкес нақтыланған жоспардың осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау кезiнде мемлекеттiк мекемелер қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi – бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларын, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты – бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Рәсімдердің 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64-тармақтарында және 28-тармағының бесінші бөлігінде белгiленген тәртiппен оларға өзгерiстер енгiзу жолымен нақтылайды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім ұсынады.
Қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына осы Рәсімдердің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын ұсынады.
Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппаратының ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде бекітіледі.";
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында қаражатты қайта бөледі.";
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін қарыздардың, гранттардың, нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына жүргізілген бюджеттік мониторингтің негізінде тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) ішінде бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында қаражатты қайта бөледі.";
73-тармақ алынып тасталсын;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Мемлекеттік қазынашылық, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты осы Рәсімдердің 71, 72 және 73-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Рәсімдердің 2-тарауының 4-параграфында айқындалған тәртiппен түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi.";
78-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім ұсынады.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Бюджеттiң атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады. Бірыңғай қазынашылық шотқа түсiмдердi есепке алу және оларды бірыңғай қазынашылық шоттан есептен шығару жөнiндегi операциялар ақша нысанында есептеледi.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, уәкілетті органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық қолдау операторлары, дербес білім беру ұйымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекет кепілдік берген қарыз тартқан қарыз алушылар, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлер, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторы түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.";
85-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру үшiн мемлекеттік қазынашылық органына мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Рәсімдерге 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінімді ұсынады.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Мемлекеттік мекемелерге Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес төлемдерді жүзеге асыру және операцияларды жүргізу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен шоттар ашылады.";
100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"100. Шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттарды, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшаны бақылау шотына шоттарды ашу үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қазынашылыққа осы Рәсімдерге 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті шотты ашуға өтінім береді.
Мемлекеттік мекеменің өтінімі мынаны қамтуы тиiс:
шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
орналасқан жерінің коды;
шоттың атауы;
валюта түрi (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) олар бойынша айырбастау және қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын валюталар түрлерінің тізбесіне сәйкес);
қаржыландыру көзі (республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты, бірлесіп қаржыландыру қаражаты немесе қаржыландырудың өзге көзі);
шығыстар бағыттарының мақсаты;
шот ашу үшін негіздеме.";
108, 109, 110 және 111-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Мемлекеттік қазынашылық органдары тиісті мемлекеттік кіріс органдары оларды мемлекеттік қазынашылық ашылған күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекемелердің ақылы көрсетілетін қызметтердің, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашқаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
109. Осы Рәсімдердің 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда заңды тұлға осы Рәсімдерге 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қазынашылық органына қолдар мен мөр бедерінің үлгілерін ұсынады.
Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері мемлекеттік қазынашылық органдарына екі данада ұсынылады. Бір данасы заңды тұлғаның құжаттар жинағында сақталады, екіншісін мемлекеттік қазынашылық органы қолжетімділігі шектеулі қағаз тасығышта азаматтық-құқықтық мәміле жасасқан заңды тұлғаның қаржы құжаттарындағы қолдардың және мөр бедерінің дұрыстығын тексеру кезінде пайдаланады.
Қойылатын қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен (мемлекеттік мекеме үшін – Елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бірінші басшымен куәландырылады.
110. Қолдар мен мөр бедерлерінің үлгісі жарыққа төзімді сиямен орындалуы тиіс, мөр бедерлері (мемлекеттік мекеме үшін – Елтаңба) дәл және анық болуы тиіс. Ұшатын сиямен толтырылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Мөр бедерін (мемлекеттік мекеме үшін – Елтаңба) қою кезінде Қызыл ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады. Арнайы мақсаттарға арналған мөрлерді қолдануға жол берілмейді.
111. "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсетілетін заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаның құжаттар жинағы қалыптастырылмайды.";
113 және 114-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"113. Заңды тұлғалар заңды тұлғаның деректерін қалыптастыру үшін мемлекеттік қазынашылық органдарына ұсынылатын құжаттарда көрсетілген деректердің дұрыстығына жауапты болады.
Мемлекеттік қазынашылық органы ұсынылған құжаттардың толықтығы мен осы параграфта белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес тексерілген құжаттарды заңды тұлғаның құжаттар жинағына тігеді және сақтайды.
114. Мемлекеттік қазынашылық органының кодтарды, ақылы көрсетілетін қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, шетелдік валютадағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, мемлекеттік мекемелердің сыртқы қарыздарының шоттарына немесе байланысты гранттарына шоттар, мемлекет кепілдік берген ұлттық және шетел валютасындағы қарыздар шоттары, ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттары, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ерекше мәртебесі бар сыртқы қарыздың қолма-қол ақшасын бақылау шотына шоттар қазынашылықпен жүргізу, қолма-қол ақша мен шоттардың тиісті бақылау шоттарынан төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыруды және ұсынуды қамтиды.
Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.
Ағымдағы қаржы жылының бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда есепті қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ есепті қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП "Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар" шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.
Ақылы көрсетілетін қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыруда, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастауда қолма-қол ақшасын бақылау шоттарында, мемлекет кепілдік берген қарыздардың ұлттық және шетел валютасындағы шоттарында, ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында, қаржылық қолдау операторларының шоттарында, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында, ағымдағы қаржы жылының бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы шоттарда пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі..
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған шетел валютасын есепке жатқызуға арналған шетел валютасындағы шоттарда, мемлекет кепілдік берген қарыздардың шетел валютасындағы шоттарында, шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарында, сондай-ақ бағдарламалық сыртқы қарыздардың қаражатын есепке жатқызуға арналған шоттарда ағымдағы қаржы жылының бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына да жол беріледі.
Есепті кезеңнің соңында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қалған бюджеттен алынған қаражаттың пайдаланылмаған қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) қаражаты болып табылады.";
115-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) қоспағанда, тиісті бюджет кірісіне аударылуға жатады.";
117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"117. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақшаны иеленушілер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.
Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы және (немесе) шоттардағы қаражатты иеленушілер тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және (немесе) шоттар ашылған заңды тұлғалардың басшылары болып табылады.";
119-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Тиiстi бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақшаның қозғалысы және Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес шығыстар жөнiндегi есептердi берудi мынадай нысандар бойынша күн сайын мемлекеттік қазынашылық органы жүзеге асырады:
осы Рәсімдерге 52-қосымшаға сәйкес электрондық тасығышта 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының жағдайы туралы есеп";
осы Рәсімдерге 53-қосымшаға сәйкес электрондық тасығышта 5-52 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп";
осы Рәсімдерге 54-қосымшаға сәйкес қағаз тасығышта 5-20 "Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме" (бұдан әрі – 5-20-нысан) және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға берiледi.";
120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"120. Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызын қайта айырбастау, ұлттық валютадағы мемлекеттік емес қарыздарға және қызмет көрсетудің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы, қаржылық қолдау операторларының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шоттарындағы, шетелдік валютадағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттардағы, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарындағы, мемлекет кепілдік берген қарыздардың ұлттық және шетел валютасындағы шоттарындағы, сондай-ақ оларды ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарындағы ақша қозғалысы бойынша есептерді мемлекеттік қазынашылық органдары жүзеге асырады және:
мемлекеттік мекемелерге:
1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:
5-20-нысаны;
осы Рәсімдерге 55-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарындағы қалдықтар туралы есеп 5-33-нысаны бойынша;
осы Рәсімдерге 56-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары, сыртқы қарыздар немесе оларға байланысты гранттардың арнайы шоттары, сондай-ақ сыртқы қарыздар немесе оларға байланысты гранттардың арнайы шоттарына қатысты шоттары бойынша үзінді 8-17-нысаны бойынша (бұдан әрі – осы Рәсімдерге 56-қосымшаға сәйкес 8-17-нысан бойынша үзінді);
2) ай сайын:
осы Рәсімдерге 57-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы қалдығы 5-30-нысаны бойынша;
осы Рәсімдерге 58-қосымшаға сәйкес шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп 8-07-нысаны бойынша;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі үші күніне дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Рәсімдерге 59-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарындағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есепті 5-34А-нысаны бойынша;
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық қолдау операторларына, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай 5-20-нысаны бойынша берiледi.";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Мемлекеттік қазынашылық органдары күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші қаңтарынан кешіктірмей мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын тексерудi жүргiзедi және он екі ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге осы қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
Мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының қолданылуы қажеттігі туралы хатты хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда осы қолма-қол ақшаны бақылау шоттары жабылмайды.
Мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жабылу жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын мемлекеттік қазынашылық органының кейіннен мемлекеттік қазынашылық органының мемлекеттік мекемені, квазимемлекеттік сектор субъектісін, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерді қолма-қол ақшаның бақылау шотын жабуы туралы хабардар ете отырып, мемлекеттік қазынашылық органының хаты негізінде мемлекеттік қазынашылық дербес түрде жабады.";
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"125. Мемлекеттік мекеменің кодын осы Рәсімдерге 60-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының кодын және қолма-қол ақшаны бақылау шотын осы Рәсімдерге 61-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының өтінімі негізінде, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызын қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын, шетел валютасындағы шотты осы Рәсімдерге 62-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің өтінімі негізінде жабу мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынған, мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған ақшаны пайдалану құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының Заңдарынан тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен шотты ашу үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
4) тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шотына мен шотының болу құқығын беретiн Қазақстан Республикасы Заңының нормасы жойылған;
5) ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;
6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабу күні басталған немесе байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен, оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыздың қолма-қол ақшаны бақылау шотына шот ашылған;
7) "Астана" Халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес бағалы қағаздар шығару проспектісіне немесе оны алмастыратын өзге де құжатқа сәйкес эмитенттің міндеттемелерін орындау күні басталған кезде жүзеге асырылады.
Жабылатын кодтарда, қолма-қол ақшасын бақылау шоттарында және/немесе шоттарда қалдық болған кезде осы Рәсімдерге 60, 61 немесе 62-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор, білім берудің автономды ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры немесе мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы ұсынған өтінім мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы тарапынан қайтару себебі көрсетіле отырып, орындалмастан қайтаруға жатады.";
126-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
128-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қазынашылық квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының кодын және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын жапқаннан кейін, мемлекеттік қазынашылық органы жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне, қаржылық қолдау операторына, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторға, дербес білім беру ұйымына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға қайтарады.";
129, 130, 131, 132 және 133-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"129. Жабылатын ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына берілген шотында, ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шотына берілген шотында, шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жабылатын:
1) ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудына түскен ақшаға иелік ету құқығы берілсе);
тиісті бюджеттің кірісіне мынадай жағдайларда:
құқықтық мирасқор болмағанда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берілмеген құқықтық мирасқор анықталғанда;
құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) коды болмағанда;
2) қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе екінші деңгейдегі банктегі шотына;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда салымшыға;
құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиісті бюджеттің кірісіне;
3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
салымшыға;
құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған шетел валютасын қайырымдылық және/немесе ақшаны ұлттық валютада уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеумен;
құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы шотына;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
квазимемлекеттік сектор субъектісі құрылтайшысының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
белгіленген тәртіпте инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастырып отырған квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыру құқығы берілсе);
6) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
республикалық бюджеттің кірісіне – шетел валютасының ең аз ақша бірлігін сатып алу және сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына қалдықты қалпына келтіру үшін ақша жетпеген жағдайда;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
7) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:
қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;
құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына берілген шотта:
шетел валютасындағы ақша қалдығын қарыздың валютасына қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып;
9) ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
қарыз шартының талаптарына сәйкес қарыз берушіге, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес бағалы қағаздар шығару проспектісінің немесе оны алмастыратын өзге құжаттың талаптарына сәйкес орналастыру жөніндегі агентке;
құқықтық мирасқор ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарызының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
жергілікті бюджет кірісіне;
10) Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
республикалық бюджеттің кірісіне;
11) тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органы құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
12) ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шетел валютасындағы ақша қалдығын қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың сыртқы қарыздың қолма-қол ақшаны бақылау шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып;
13) мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында құқықтық мирасқордың мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына (егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруға құқық берілген жағдайда);
14) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
15) қаржылық қолдау операторының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қаржылық қолдау операторының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
қаржылық қолдау операторының құрылтайшысының шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
16) мемлекеттік емес қарыздардың қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шартының талаптарына сәйкес қарыз берушіге;
құқықтық мирасқордың мемлекеттік емес қарыздарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
17) ұлттық валютадағы қызмет көрсету шотында:
мемлекет кепілдік берген ұлттық валютадағы қарыз шотына;
құқықтық мирасқордың ұлттық валютасындағы қызмет көрсету шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
18) мемлекет кепілдік берген шетел валютасындағы қарыз шотында:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шартының талаптарына сәйкес қарыз берушіге;
құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шотына;
19) шетел валютасындағы қызмет көрсету шотында:
мемлекет кепілдік берген шетел валютасындағы қарыз шотына;
құқықтық мирасқордың шетел валютасындағы қызмет көрсету шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
20) дербес білім беру ұйымының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодына;
21) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
22) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотында Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
23) білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына (егер жобаларды іске асыру аяқталмаған жағдайларда);
Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шотты/төлем тапсырмасын ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде электрондық бейнені қалыптастырады) немесе шетел валютасын қайта айырбастауға өтінімді ұсынады.
130. Мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қайта ұйымдастырылған жағдайда, осы Рәсімдердің 129-тармағында көзделген шығыстардың бағыттары бойынша қолма-қол ақшаның жабылатын бақылау шотындағы ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шот немесе төлем тапсырмасын беру мүмкіндігінің болмауы және елтаңбалық мөрдің жойылуы және қаржы құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдардың болмауы себебінен құқық мирасқоры қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме қызмет көрсеткен мемлекеттік қазынашылық органына, квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор осы Рәсімдердің 129-тармағында көзделген шығыстардың бағыттары бойынша қолма-қол ақшаның жабылатын бақылау шотындағы ақша қалдығын аудару туралы қолдаухат жібереді.
Ақша қалдығы қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе құқық мирасқорының шотына аударылған жағдайда, қолдаухатқа құқықтық мирасқорлықты растайтын құжаттар қосымша қоса беріледі.
Құқықтық мирасқордың қолдаухатында қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелері болуға тиіс: мемлекеттік мекеменің немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, коды, қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы аударуға жататын қолма-қол ақшаны бақылау шотында және аударуға қажетті барлық деректемелер қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік қазынашылық органы өтінішхатты алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Рәсімдердің 129-тармағында көзделген шығыстардың бағыттары бойынша қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігер, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор таратылған және мөрдің жойылуы және таратылатын қаржы құжаттарына қол қоюға құқығы бар адамдардың болмауы себебінен өтінішхат беру мүмкіндігі болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өтінішхатын тарату комиссиясы ұсынады.
131. Мемлекеттік қазынашылық органдары мемлекеттік мекемелердің (ақылы көрсетілетін қызметтердің, қайырымдылық көмектің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторының, дербес білім беру ұйымының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігердің, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың кодтары мен қолма-қол ақшаның бақылау шоттарының жабылғаны туралы тиісті мемлекеттік кіріс органдарын мемлекеттік қазынашылық оларды жапқан күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
132. Мемлекеттік мекемелерге Бюджет кодексінде белгіленген төлемдерді жүзеге асыру және операцияларды жүргізу үшін мынадай шоттар ашылады:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шартта айтылған немесе екінші деңгейдегі банктегі байланысты гранттар бойынша, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын шетел валютасында ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
2) ұлттық (шетел) валютасында төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың шотына шот;
3) үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу есебіне қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке жатқызу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет ақшасын есептеу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін екінші деңгейдегі банктегі валюталардың түрлері бойынша заң шығару билігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органының сыртқы саяси қызметін немесе қызметін қаржылық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға ашылатын шетел валютасындағы шот;
5) банктің чектері бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып қолма-қол ақша алу үшін екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шот;
6) Бірыңғай қазынашылық шоттың уақытша бос бюджет ақшасын есептеу үшін екінші деңгейдегі банктегі және Ұлттық пошта операторындағы ағымдағы шот;
7) республикалық бюджетке кіріс алу мақсатында пайыздарды есептей отырып, бірыңғай қазынашылық шоттың уақытша бос бюджет ақшасын белгілі бір мерзімге орналастыру үшін Ұлттық банктегі, Ұлттық почта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шот.
Мемлекеттік мекемелердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде үшінші тұлғалардың атына шоттар ашуына жол берілмейді.
133. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге ағымдағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнаулы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнаулы шотына шоттар, бюджет ақшаларын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға және Қазақстан Республикасының заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органының қызметін қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемеге екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шотты (бұдан әрі – іссапар шығыстарына арналған шот) ашу тәртібі банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.";
136-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
149, 150 және 151-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"149. Түсiмдердi тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жинақтап, оларды кейiннен бөлу үшiн мемлекеттік қазынашылықта ашылатын банкiшiлiк транзиттiк шот түсiмдердiң жинақ шоты болып табылады.
Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Арнаулы мемлекеттік қорына төленетiн түсiмдер сомасын қайтару жүзеге асырылады.
150. Мемлекеттік қазынашылық бюджетті қазынашылық атқару процесінде:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйесі арқылы екінші деңгейдегі банктерден немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетін түсімдер жөніндегі электрондық төлем құжаттарын Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдауды жүзеге асырады;
2) электрондық төлем құжаттарының ресімделу дұрыстығын және толықтығын тексеруді жүзеге асырады;
3) түскен электрондық төлем құжаттары негізінде Түсімдердің жинақ шотына түсімдердің түсуін есепке алуды жүргізеді;
4) кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, түсімдер сомасын республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан түсетін түсімдер сомасын Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына аударуды жүзеге асырады;
6) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан түсетін түсімдер сомасын Ұлттық Банкте ашылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық банктерінің шоттарына аударуды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, бюджеттен тыс қорлардың, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының бюджет деңгейлері арасында бюджетке түсетін түсімдерін бөлу нормативтерін жүргізуді жүзеге асырады;
8) тиісті мәслихаттың шешіміне сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің сомасын қайта есептеуді жүзеге асырады.
151. Төлем құжаттарын тексеру жеке сәйкестендіру кодының, банктік сәйкестендіру кодының, банктік сәйкестендіру нөмірінің болуына және сәйкестігіне, Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджеттік сыныптама кодының болуына жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тура салықтарды және мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерді, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының ережелерін бұзғаны үшін түсімдерді тексеру төлеушінің мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкестігіне жүзеге асырылады.
Электрондық төлем құжаттарында төлемнің мақсатын және/немесе аумақтық тиесілігін айқындауға мүмкіндік бермейтін, осы өңір үшін бюджеттік сыныптамасының коды жол берілмеген және төлеуші мұнай секторы ұйымдарының тізбесіне сәйкес келмеген жағдайда, түсімдер сомасы тиісті мемлекеттік кіріс органдары бойынша "Республикалық бюджетке түсетін өзге де салықтық түсімдер" түсімдердің бюджеттік сыныптамасы кодына электрондық төлем құжаттарын қабылдау күні есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органы "Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсімдер" түсімдердің бюджеттік сыныптамасы кодына сомаларды олар есептелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепке алу себептерін анықтауды қамтамасыз етеді және төлем тапсырмаларының негізінде түсімдердің тиісті кодына қате аударылған төлемдерді есепке жатқызуды жүргізеді.
Мемлекеттік қазынашылық органы қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін осы Рәсімдерге 134-қосымшаға сәйкес осы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін 0-22 "Бюджетке есепке алуға жатпайтын бюджеттік сыныптама кодтары" нысаны бойынша есепті қалыптастырады және басып шығарады, оған мемлекеттік қазынашылық органының, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның, мемлекеттік кірістер органының басшылары қол қояды және мемлекеттік қазынашылыққа жіберіледі.";
152-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес және Бюджет кодексінің 58-бабының 3-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымдары тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша мемлекеттік қазынашылық жүзеге асырады (бөлудің I кезеңі).";
158-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"158-2. Мемлекеттік қазынашылық органы тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілетін шоттарды:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен интеграциялау арқылы ұсынылған шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің бар-жоғына.
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруді білдіреді.";
169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"169. Қайтаруға және (немесе) есептеуге аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ түсімдерінің бюджет сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдердің сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе) есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдері қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе) есептеу тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы кіші сыныбы бойынша дебеттік қалдықтар жол беріледі.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген түсімдерін жекелеген бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша дебет сальдосына жол берілмейді.";
171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"171. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты орталық уәкiлеттi органдар есепке алуды, бақылау мен мониторингті, сондай-ақ бюджеттен қайтару және (немесе) артық (қате) бюджетке төленген сомаларды өтеу есебіне есептеуді жүзеге асыруы үшін "е-Қаржымині" және/немесе "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйелері арқылы дербес бюджетке түскен сомалар туралы, кейіннен өздерінің аумақтық және/немесе құрылымдық бөлімшелеріне ақпаратты жеткізуімен, ресми ақпаратты алады.
Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты және өздеріне "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсетілетін уәкілетті органдар бюджетке түскен, сондай-ақ бюджеттен қайтарылған және артық (қате) төленген сомаларды есепке жатқызу сомалары туралы ақпаратты алу үшін осы Рәсімдерге 72 және 73-қосымшаларына сәйкес 2-14 "Бір айдағы түсімдерді жинау жөніндегі есеп" және 2-43 "Бюджет сыныптамасының коды бойынша түсімдер" нысандары бойынша есептерді дербес қалыптастырады.";
175 және 176-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"175. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қазынашылық органына ұсынылған төлеуге берілетін шоттың негізінде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттің түсімдерінің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегінде жоғары тұрған бюджет түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күніне дейін аударады.
Осы талап орындалмаған кезде мемлекеттік қазынашылық органы жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган шығыстарының жеке бағыттарын жергілікті бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы Қазақстан Республикасының Заңында (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең аз көлемдерден төмен қаржыландыру кезінде, белгіленген сомадан, оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасын жоғары тұрған бюджетке мемлекеттік қазынашылық органына ұсынылатын төлеуге берілетін шот негізінде аударады.
Осы талап орындалмаған кезде мемлекеттік қазынашылық органы жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ақшалай өтемақы төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен жалақыдан ұсталатын басқа да сомаларды, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейін тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
176. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды мемлекеттік қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғары тұрған деңгейге берген кезде нысаналы трансферттерді аударудың толықтығына бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуына бақылауды мемлекеттік қазынашылық органы жүзеге асырады.";
179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"179. Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады.
Бюджет кодексінің 110-бабының 4-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелері тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін айқындайды.
Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:
1) тауарларды сатып алған, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайларда шот-фактураның, хабарлама шотының, шоттың, орындалған жұмыстар актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың;
2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;
3) төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер аударған кезде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлеуге берілетін шотының;
4) инкассолық өкімнің;
5) осы тізбеге енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізінде қабылданған болып есептеледі.";
184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"184. Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi бойынша жол берiледi:
141 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу";
142 сатып алуға аванстық (алдын ала) төлем ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етілетін "AusylVac – Al" және "AusylVac – Оіl" аусылға қарсы отандық ветеринариялық вакциналарды сатып алуды қоспағанда, "Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу".
Осы Рәсімдердің 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 199-1, 200 және 201-тармақтарында көрсетiлген ерекшелiктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығыстар түрлерiн қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетiлген тiзбеге енбейтiн ерекшелiктерi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының отыз пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру кезiнде негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк мекеме ағымдағы жылы осы мақсаттарға көзделген соманың отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемдi шығыстардың экономикалық сыныптамасының 418 "Мемлекеттiк кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру" ерекшелiгi бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттiк кәсiпорындар қайта жасасқан және бұрын жасасқан ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша күрделi жөндеу мен қалпына келтiруден басқа, жаңа объектілерді салу және қолданыстағыларын реконструкциялау үшін республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн мемлекеттiк мекеме экономикалық шығыстар сыныптамасының 435 "Мемлекеттiк кәсiпорындардың жаңа объектілерін салу және қолданыстағы объектілерін реконструкциялау" ерекшелiгi бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекеме бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 423 "Мемлекеттiк кәсiпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделi жөндеу" ерекшелiгi бойынша мемлекеттiк кәсiпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтiрудi және күрделi жөндеудi жүргiзу үшiн республикалық немесе коммуналдық меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыруға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлемдi жүзеге асырады.";
186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"186. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 431 "Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау" ерекшелiгi бойынша:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бір түрін өнім беруші ұсынған жағдайда инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде дайындаудың технологиялық мерзiмi бiр жылдан асатын күрделi энергетикалық жабдықтар құнының;
2) әскери мақсаттағы жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы бар объектілерді реконструкциялауға жұмсалатын шығындарға ақы төлеу үшін ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының;
3) өнім беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бір түрін ұсынған жағдайда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын медициналық жабдықтар мен медициналық техниканың құнының елу пайыздан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етiледi.
Әскери мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 149 "Өзге қорларды сатып алу" ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 413 "Көлік құралдарын сатып алу" ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
Әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 414 "Машиналар, жабдықтар, құралдар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын сатып алу" ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.";
189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"189. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 431 "Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау" ерекшелiгi бойынша биологиялық қауіпсіздік саласындағы объектілерді салу үшін өнім беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бір түрін ұсынған жағдайда, дайындаудың технологиялық мерзімі алты ай және одан да көп болатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде технологиялық жабдық құнының жүз пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.";
191, 192 және 193-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"191. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, астық нарығы жөніндегі операторға қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді қоспағанда, құрылыспен не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді реконструкциялаумен, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекеменің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес аванстық (алдын ала) төлемнің бұрын төленген сомасын ұстап қалуды қамтамасыз етеді.
Қолдану мерзімі қаржы жылынан асатын шарттар бойынша өткен жылдардан ұсталмаған аванстық сомасы болған жағдайда, жаңа қаржы жылында төленуге жататын аванс, атқарылған жұмыстар көлемімен бұрын төленген аванс толық өтелгеннен кейін төленеді.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлінген жағдайда, сондай-ақ қаражат объектіні салуды бастауға бөлінгенде, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген шарттар бойынша бес пайызды ұстау жүргізілмейді. Бұл ретте көрсетілген жағдайларда объектілер бойынша ағымдағы қаржы жылына түпкілікті төлем мемлекеттік қазынашылық органына мемлекеттік мекеме ұсынған орындалған жұмыстардың актісі негізінде жүргізіледі.
Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан кейін және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушімен қол қойылған объектіні пайдалануға қабылдау актісін мемлекеттік қазынашылық органына ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
192. Астықтың резервтік қорын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде астық нарығы жөніндегі операторға ақша қаражатын аудару төлеуге берілетін шоты негізінде шартқа сәйкес астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.
193. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу төлеуге берілетін шоты негізінде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының жүз пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.";
196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"196. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруды және пайдалануды жүзеге асыру кезінде астық нарығы жөніндегі операторға ақша қаражатын аудару төлеуге берілетін шоты негізінде жүз пайыз мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.";
202-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"202. Мемлекеттік мекемелердің өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, көшені жарықтандыру, қоқыс шығару қызметтері, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтері, байланыс қызметтері, телерадио хабарларын тарату қызметтері, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері), көлік қызметтері, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, тауарға билік ету құжаттары (талондар/отын карталары) бойынша автожанармай құю станцияларынан алынған мұнай өнімдері үшін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу үшін төлеуіне жол беріледі.";
204-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"204. Мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес;
бюджетті нақтылаған, түзеткен;
өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Рәсімдерде көрсетiлген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулылардың жобаларын енгiзеді;
мемлекеттік тапсырмаларды іске асырумен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан асатын жұмыстарды, қызметтерді көрсетумен байланысты жасалған шартқа өзгеріс енгізілген;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптары қолданылмайтын тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға жасалған шартқа, оның ішінде Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу бөлігіне өзгеріс енгізілген жағдайда жасалады.";
208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"208. Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалары бойынша секвестрдің салдарынан және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша болмаған не жеткіліксіздігі болған кезде туындаған кредиторлық берешекті өтеу, есепті қаржы жылдың азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша, Қазақстан Республикасы ратификациялаған үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша, сондай-ақ халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін келесі қаржы жылында бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі.
Кредиторлық берешек секвестр салдарынан және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде пайда болғанда жасасқан шарттарды тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына кредиторлық берешек өтелетін айдың бірінші күніне кредиторлық берешек пайда болған шарттың көшірмелерін қоса беріп (тіркей отырып) кредиторлық берешек сомасына азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді және кредиторлық берешектің болуын және сомасын растайтын салыстырмалы акті ұсынады. Салыстырмалы актіге мемлекеттік мекеменің және өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.
Сондай-ақ кредиторлық берешек пайда болған міндеттемені тіркеу туралы соңғы хабарламаның нөмірі мен күні, тіркелген міндеттеменің төленбеген бөлігінің сомасы және кредиторлық берешектің пайда болу себебі көрсетілетін түсіндірме жазба ұсынылады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша кредиторлық берешек болған кезде, жасасқан шарттарды тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде – мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына кредиторлық берешек өтелетін айдың бірінші күніне кредиторлық берешекті өтеуге арналған шарттың, кредиторлық берешектің пайда болу себебі көрсетілген түсіндірме жазба көшірмелерін қоса беріп (тіркей отырып) кредиторлық берешек сомасына азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді және кредиторлық берешектің болуын және сомасын растайтын салыстырып тексеру актісін ұсынады. Салыстырмалы актіге мемлекеттік мекеменің және өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.
Мемлекеттік мекеменің есептілігінде көрсету шартымен мемлекеттік мекеменің өткен қаржы жылының халыққа мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін берешекті ағымдағы қаржы жылының қаражаты есебінен берешекті өтеуге шарт жасасу жолымен төлеуіне жол беріледі.
Ол үшін мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына берешекті өтеуге шарт пен берешек өтелетін айдың бірінші күніне берешектің бар екенін және сомасын растайтын салыстырып тексеру актісінің түпнұсқасы мен көшірмелерін ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген түрін) қоса беріп (тіркей отырып) берешек сомасына азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінім ұсынады. Салыстырып тексеру актісіне мемлекеттік мекеме мен өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.
Сондай-ақ халыққа көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша берешектің туындау себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба қоса беріледі.
Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті түрде тіркеуді талап етпейтін шығыстардың ерекшеліктері мен түрлері бойынша мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына кредиторлық берешекті өтейтін айдың бірінші күнгі жағдай бойынша салыстырмалы актіні қоса беріп (тіркей отырып) төлеуге берілетін шотты ұсынады.
Төлеуге берілетін шоттың "Төлемнің мақсаты" деген ашық жолағында қосымша кредиторлық берешектің пайда болу себебі көрсетіледі.
Кредиторлық берешектің өтелуі кредиторлық берешек пайда болған ерекшелік бойынша жүргізіледі.";
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты немесе қосымша келісімді (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында (бұдан әрі – № 59 қағидалар) белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалалау-сметалық құжаттаманы түзету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы ұлғайған жағдайда) тіркеу үшін мемлекеттік мекеме, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай құжаттардың бірінің: жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енген жағдайда жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шарттардың көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді қағаз тасығышта ұсынады. Оған қоса: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген) бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында (бұдан әрі – № 304 қағидалар) белгіленген тәртіппен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі. Бұл ретте, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.";
жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
""Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жасалған Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты немесе қосымша келісімді (№ 59 қағидаларда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасы ұлғайған жағдайда) тіркеу үшін мемлекеттік мекеме "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қазынашылық органына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мынадай құжаттардың бірінің: жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарттың құнына енген объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша шарттардың сканерленген түпнұсқасын қоса бере отырып, "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың деректерін беру жолымен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді береді. Оған қоса: № 304 қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту/қайта бекіту туралы бұйрықтың сканерленген түпнұсқасы. Бұл ретте, осы тармақтың жетінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.";
213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"213. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім мынадай түрде толтырылады:
1) "Мемлекеттік мекеменің коды" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын коды көрсетіледі, "Бюджет түрі" ашық жолағында қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
01 – республикалық бюджет;
02 – облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджеті);
03 – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;
06 – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті;
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіндегі "Мемлекеттік мекеменің коды", "Мемлекеттік мекеменің атауы", "Бюджеттің түрі" ашық жолақтары "Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім" нысанын ашқан кезде автоматты түрде жасалады;
2) "Қаржыландыру көзі" ашық жолағында қаражаты есебінен шарт жасасқан қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
1 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
2 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражаты есебінен;
3 – мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен;
3) "№ өтінім" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын кодынан, бөлшек арқылы тіркеу жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы 2 санынан, дефис арқылы мемлекеттік мекеменің өтінімдерін тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірден тұратын өтінім нөмірі көрсетіледі;
4) "Күні" ашық жолағында өтінім жасалған күн көрсетіледі;
5) "Мемлекеттiк мекеменiң атауы" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi. Мемлекеттік қазынашылық органы мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi;
6) "Шығыстың сипаттамасы" ашық жолағында шығыстардың экономикалық сыныптамасының құрылымына сәйкес жасасқан шарттың мәні көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс жерде ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта қосымша резидент емес ақша алушының атауы мен деректемелері көрсетіледі;
7) "Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды (тауар түрінің коды)" ашық жолағында тоғыз мәннен тұратын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бірыңғай коды (бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама кодтарының 3 мәнін білдіретін) және 3 мәннен тұратын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды көрсетіледі; мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен жасалған шартты тіркеу үшін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің коды қосымша көрсетіледі;
8) "Ақша алушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), жеке сәйкестендіру коды, ақша алушы банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағында заңды тұлға үшін толық атауы және жеке тұлғаның толығымен тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) бар болса дара кәсіпкер ретінде ісін бастау туралы хабарлама/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде қызмет етуге құқық беретін уәкілетті органмен берілген лицензия немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растау, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің жеке сәйкестендіру коды, атауы және банктік сәйкестендіру коды) көрсетіледі; мемлекеттік қазынашылық органының, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің жұмысын қиындатпайтын мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің атауын және ұйымдық-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында жасалған шартты тіркеген жағдайда, осы жолақта резидент еместің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған және Қазақстан Республикасынан тыс ұлттық валютада одан әрі төлемді көздейтін шартты тіркеу кезінде осы жолақта жолақта делдал-банктің деректемелері көрсетіледі;
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде "Ақша алушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (банктік сәйкестендіру нөмірі), жеке сәйкестендіру коды, ақша алушы банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағы Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдап алынады;
9) "Валюта айырбастаудың ресми бағамы" ашық жолағында теңгенің шетел валютасына ресми бағамы және Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелген күніне белгіленген бағамына көрсетіледі;
10) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің "Сомасы" ашық жолағында ағымдағы қаржы жылы мерзіміне арналған шарттың сомасы санмен көрсетіледі;
11) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің "Жалпы сомасы" ашық жолағында қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасы санмен көрсетіледі;
12) "ағымдағы қаржы жылының сомасы" ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының сомасы санмен көрсетіледі;
13) "№ базалық шығыстар сомасы" ашық жолағында жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарындағы базалық шығыстарының сомасы санмен көрсетіледі, үш жылдан асатын болған жағдайда қалған сома жоспарлы кезеңнің үшінші жылдың базалық шығыстарында жалпы сомамен көрсетіледі;
14) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің "(Сомасы жазбаша)" ашық жолағында шарттың сомасы жазбаша көрсетіледі (шетел валютасындағы шарт бойынша өтінім сомасы Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасына сәйкес тіркеу күніне белгіленген шетел валютасына теңгенің ресми бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі);
15) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің "(Сомасы жазбаша)" ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының шарт сомасы жазбаша көрсетіледі;
"Басшылардың қолы" бөлімінде құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы; орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеменің бірінші және екінші қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғаларының жеке қолы және қолының таратылып жазылуы (атының бас әрпі мен тегі) көрсетіледі. Лауазымның атауының алдында "Үшін" деген көмекші сөзді, қолдан жазылған "Орынб." деген жазу немесе қиғаш сызық (бөлшек) қоюға жол берілмейді. Қолдар қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады. Қол қою кезінде жарыққа төзімді сия пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалық мөр бедерін қойған кезде Қызыл ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, бедер анық және анық қойылады. "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімі электрондық цифрлық қолтаңбамен қойылады;
16) "Құжат-негіздеме" ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;
мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жасалған шартты біржақты бұзу кезінде шартты біржақты бұзу туралы хабарламаның нөмірі мен күні көрсетіледі;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі арқылы берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (қосымша келісімді) тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі;
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарттары (қосымша келісімдері) және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі арқылы берген "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер шартын (қосымша келісімді) тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.
17) "аванстық (алдын ала) төлем мөлшері (пайызбен)" ашық жолағында шарттың талаптарында көзделген аванстық (алдын ала) төлем мөлшерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;
18) "сомасы" ашық жолағында аванстық (алдын ала төлем) сомасы цифрлармен көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің деректемелерін қолмен қандай да бір түзетуге және дұрыстауға жол берілмейді.";
217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"217. Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінім қосымша келісімнің деректемелерін ескере отырып, осы Рәсімдерде көзделген тәртіппен толтырылған өтінім негізінде жүзеге асырылады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде өтінімді қалыптастыру кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтінімнің электрондық түріне растау құжаттарымен бірге міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күні, шарт талаптарының өзгеру себебі, сондай-ақ өзгерген кезде шарт сомасы көрсетілетін мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі, қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша – шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бөлінісінде жылдар бойынша бөлінген сомалар, олар өзгерген кезде.
Шарт сомасы, шарттың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлінген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша сомасы) немесе тараптардың деректемелері (атауын қоспағанда) өзгерген кезде мемлекеттік мекеме бұрын орындалған міндеттемелерді (кассалық шығыстарды) шегере отырып, шарттың жаңа сомасына арналған өтінімді ұсынады ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша жібереді).
Қосымша келісімді тіркеу үшін Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) ұсталған кезде, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге екі өтінім береді (бір өтінім ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын шегере отырып, шарт сомасына,екіншісі ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасына беріледі).
Бұл ретте мемлекеттік мекеменің өтінімдер беруі негізгі шарт бойынша түпкілікті төлем жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады.
Шарт сомасын кассалық шығыс сомасына дейін азайтуға арналған қосымша келісімді не қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын, ағымдағы қаржы жылына арналған сома ішінара не толық жоспарлы кезеңнің екінші және/немесе үшінші жылына ауыстырылатын және нөлге тең шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін мемлекеттік мекеме нөлдік сомамен (бойынша) өтінім жасайды және ұсынады. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген кезде "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі.
Шарттың сомасы кассалық шығыс сомасына дейін азайтылған кезде қағаз тасығышта жасалған қосымша келісім мемлекеттік мекеменің хатымен бірге электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынылады (хатта міндетті түрде міндеттемені тіркеу туралы хабарламаның нөмірі мен күні, шарт талаптарының өзгеру себебі, сондай-ақ ол өзгерген кезде шарттың сомасы көрсетіледі).
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын шартқа және (немесе) активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды және жеткізуді, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға, жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға қосымша келісімді тіркеу үшін, өтінім өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігінің жалпы сомасына және ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың сомасына жасалады және беріледі ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).
Өткен қаржы жылында орындалмаған және ағымдағы қаржы жылында жыл басындағы бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен қаржыландырылуға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға арналған қосымша келісімді тіркеу үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) немесе республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден бөлінетін даму мақсатындағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органының резервтерінен бөлінетіндерін қоспағанда, өтінім өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және ұсынылады (немесе "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде қалыптастырылып жіберіледі).
Тараптардың атауына өзгерістер енгізілетін қосымша келісімдерді ұсыну үшін өтінім жасалмайды.";
220-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"220. Мемлекеттік қазынашылық органы өтінімді мыналарға:
белгіленген нысанға сәйкестігіне;
өтінім деректемелерінің шарт деректемелеріне сәйкестігіне;
шығыс сипаттамасының шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыс бағытына сәйкестігіне;
мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестігіне;
ақша алушы деректемелерінің Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестігіне;
өтінімдегі қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар қағаз тасығыштағы құжатқа сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады.";
228-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органы бірінші кезекте бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді, жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстап қалуларды, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, тұрғын үй төлемдерін, жеке тұлғаларға трансферттерді, стипендияларды, банк қызметтеріне ақы төлеуді, бюджеттік субвенцияларды, салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүргізеді.";
230-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"230. Мемлекеттік мекеме мыналарды:
1) құжаттарды қағаз және (немесе) электрондық тасығышта ұсынған кезде мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесiнiң сақталуын;
2) төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн;
3) төлеуге берілетін шоттағы көрсетілген деректемелердің және төлеуге берілетін шоттағы сомалардың және растайтын құжаттардың анықтығын;
4) төлемдерді ақша алушылардың пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;
5) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде орындалған жұмыстардың қол қойылған актісі негізінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде мердігерге ақы төлеуді;
6) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығын;
7) растайтын құжаттардың дұрыстығын;
8) Мемлекеттік қазынашылық органына тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – электрондық шот-фактураны немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатты (актіні) немесе лизингтік төлемдерді өтеу кестесін (тауарды лизингке сатып алған жағдайда), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде – орындалған жұмыстардың немесе актілер жасалмайтын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, көрсетілген қызметтердің актісін (бұдан әрі – растаушы құжаттар), тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде беруді.
Растайтын құжаттарға өнім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Бұл ретте, осы Рәсімдердің 2-тармағына сәйкес қағаз тасығышта ұсынылатын растайтын құжаттардың көшірмелері орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады;
9) Салық кодексінің талаптарына сәйкес жазылған электрондық шот-фактураны алған кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы төлем шотын қалыптастыру;
10) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының немесе техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін немесе сканерленген түрін ұсынуды;
11) "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және орталық атқарушы органның бухгалтерлік қызмет басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның немесе мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен дұрыстығын;
12) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген қамтамасыз етеді.";
233-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"233. Аванстық (алдын ала) төлем жүргізу кезіндегі төлем шоттарын қоспағанда, мемлекеттік мекеме қағаз тасығышта төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 90-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, алдын ала төлем үшін төлеуге берілетін шоттарды қоспағанда, осы Рәсімдердің 246, 251, 255, 256, 257 және 258-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттарды ұсынады.";
238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"238. Қағаз тасығышта төлеуге берілетін шот және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша түскен төлеуге берілетін шот былайша ресімделеді:
1) "№ төлеуге берілетін шот" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы – төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі;
2) "Күні" ашық жолағында төлеуге берілетін шот үзіндісінің күні көрсетіледі;
3) "Мемлекеттік мекеме" бөлімінде:
"Нақты төлеуші" ашық жолағында нақты төлеушінің толық немесе қысқартылған атауы көрсетіледі;
"Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында нақты төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
"Мемлекеттік мекеменің коды" ашық жолағында Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын коды көрсетіледі;
"Атауы" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі. Мемлекеттік қазынашылық органы мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанының және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;
"Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте/анықтамада көрсетілген мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
"Резиденттік елі" ашық жолағында ақша төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, резиденттік елі – ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 "Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тиісті елдің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі;
"Мемлекеттік қазынашылық органы" ашық жолағында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін мемлекеттік қазынашылық органының атауы көрсетіледі;
"Банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
4) тиісті жеке сәйкестендіру коды "Жеке сәйкестендіру коды" ашық жолағында мыналар бойынша көрсетіледі:
операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоты:
мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көзіне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетіне), аудан (облыстық маңызы бар қала) не аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетіне) түсетін түсімдерді есепке алу;
мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаны есепке алу және олардың есебінен есеп айырысулар жүргізу;
қайырымдылық көмектен түсетін, олар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;
мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;
ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану;
5) "Қаржыландыру көзі" жолында қаражат есебінен төлем және ақша аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзінің түрін білдіретін таңба көрсетіледі:
1 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
2 – үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражаты есебінен;
3 – мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
4 – қайырымдылық көмектен түскен ақша есебінен;
5 – жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекеттік мекемеге қайтару шарттарында беретін ақша есебінен;
8 – ерекше шығыстар есебінен;
S – Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен;
6) "Бюджет түрі" ашық жолағында қаражатының есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін белгі көрсетіледі:
01 – республикалық бюджет;
02 – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджет;
03 – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;
06 – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті;
7) "Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды" ашық жолағында бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады.
Бұл ашық жолағында бюджеттік бағдарлама әкімшісінің үш мәнді кодын, бюджеттік бағдарламаның үш мәнді кодын, бюджеттік кіші бағдарламаның үш мәнді кодын және шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің үш мәнді кодын білдіретін он екі мәнді код көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме бюджеттік сыныптамасының коды заңды қолданылуын қамтамасыз етеді;
8) "Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) коды" ашық жолағында мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды көрсетіледі;
9) "Ақшаны алушы" бөлімінде:
"Атауы" ашық жолағында – заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетін ақшаны алушының атауы көрсетіледі.
Жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарламаға/"Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға, жеке сот орындаушысы ретінде қызметін атқару құқығына уәкілетті орган берген лицензияға немесе "Электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "Е-лицензиялау" порталынан растауға сәйкес атауы көрсетіледі.
Мемлекеттік қазынашылық органының, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің жұмысын қиындатпайтын ақша алушының және оған қызмет көрсететін банктің ұйымдық-құқықтық нысанының және ақша алушының атауын қысқартуға жол беріледі;
10) "Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" ашық жолағында ақша алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
11) "Банк" ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі;
12) "Банктік сәйкестендіру коды" ашық жолағында ақшаны алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
13) "Жеке сәйкестендіру коды" ашық жолағында ақша алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі;
14) "Нақты (түпкілікті) бенефициар" ашық жолағында нақты (түпкілікті) алушының толық немесе қысқартылған атауы көрсетіледі;
15) "Жеке сәйкестендіру нөмірі (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі)" ашық жолагында нақты (түпкілікті) алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
16) "Резиденттік елі" ашық жолағында төлеуші немесе ақша алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, резиденттік елі – ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 "Елдердің атаулары мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес тиісті елдің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі;
17) "Бенефициардың банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы" ашық жолағында төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, нақты (түпкілікті) алушының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы көрсетіледі;
18) Делдал банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы" ашық жолағында төлеуші немесе алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, делдал банкінің атауы көрсетіледі;
19) "Түсімдер бюджеттік сыныптамасының коды" ашық жолағында – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі;
20) "Төлемнің мақсаты" ашық жолағында төлемнің мақсаты, растайтын құжаттың атауы, нөмірі мен күні (тауарларды жеткізу туралы шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе осының негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де түрі құжат) көрсетіледі. Бұл ретте растайтын құжаттың күні төлем шотын қалыптастыру күнінен кеш болмауы тиіс.
Және қосымша:
тіркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - хабарламаның нөмірі мен күні;
жасалған шартқа (хабарламаға) сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
сот актілерін орындау бойынша ақшаны қайтару/аудару бойынша төлемге берілетін шоттар бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақшаны уақытша орналастыру - ақшаны алу үшін түскен сомаларды растайтын факті, сот шешімінің не сот актілерінің негізінде берілген атқарушылық парақтың, сот бұйрығының нөмірі мен күні.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны алу үшін төлеу шотын ұсыну кезінде комиссия шешімінің нөмірі мен күні, растайтын құжаттардың нөмірі мен күні (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де түрі құжат).
"Бірыңғай сатып алу платформасы", электрондық шот-фактураларды және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылған төлеуге берілетін шотты алған жағдайда, "Төлем мақсаты" жолында электрондық шот-фактурадан төлемнің мақсаты автоматты түрде көрсетіледі. Бұл ретте хабарламаның нөмірі мен күні, растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетілмейді.
Бюджеттік кредиттерді беруге, пайдалануға, қызмет көрсетуге және (немесе) өтеуге байланысты төлеуге берілетін шоттарда Бюджеттік кодекстің 154-бабына сәйкес бюджеттік кредитті беру, пайдалану, қызмет көрсету және өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін кредиттік шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
21) "Сомасы" ашық жолағында төлеуге берілетін шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетіледі;
22) "Жазбаша сомасы" ашық жолағында – төлеуге берілетін шоттың теңгедегі сомасы жазбаша бас әріппен көрсетіледі, тиын сомасы – санмен көрсетіледі;
23) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Мөр орны" ашық жолағында мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедері қойылады, елтаңбалы мөрді қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс.
Мөр уақытша болмаған жағдайда құжаттар мемлекеттік қазынашылық органына "Мөр орны" ашық жолағында "Уақытша мөрсіз" деген белгімен мөрдің бедерісіз беріледі;
24) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы" ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) көрсетіледі;
25) қағаз тасығыштағы төлем шотының "Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы" ашық жолағында – құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)) көрсетіледі.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда – қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының және орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының не бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының қолы қойылады.
Қол қою кезінде өшпейтін төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
"Ақша жөнелтушінің коды", "Бенефициардың коды", "Төлем белгілеу коды" ашық жолақтарын толтыру "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
248-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5-15А нысанын мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру үшін жарналар және (немесе) төлемдер жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады.";
249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"249. Жалақы бойынша төлемдерді және басқа да ақшалай төлемдерді қайтару сомасы осы Рәсімдерге 93-қосымшасына сәйкес 5-56 "Жалақы бойынша төлемдерді және басқа да ақшалай төлемдерді қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есепте көрсетіледі, зейнетақы төлемдерін қайтару сомасы осы Рәсімдерге 94-қосымшасына сәйкес 5-57 "Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, міндетті элеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын және (немесе) жарналарын қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есепте көрсетіледі.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер көрсетілген есептерді дербес жасайды.";
251-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"251. Мемлекеттік қазынашылық органында тіркелген шарттың талаптарына сәйкес төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына екі данада қағаз тасығышта төлем шоттарының тізілімін, төлем шоттарын және:
шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің) (тауарларды сатып алу не жеткізу жағдайда) немесе лизингтік төлемдерді өтеу кестесінің көшірмесі (тауарды лизингке сатып алған жағдайда), орындалған жұмыстар көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерінің (жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету жағдайда) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге түрінің көшірмесі, сондай-ақ аванстық (алдын ала) төлемдерден кейінгі төлемдерді жүргізу кезінде, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны шарт құнына енгізілген басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар, бойынша қосымша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын көшірмесін ұсынады жобалау-сметалық құжаттама немесе төлем жүргізу кезінде техникалық-экономикалық негіздеме бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
осы Рәсімдерге 95-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық валютада қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысты гранттарды жұмсаған кезде үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім ұсынады.";
255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"255. "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығына (бұдан әрі – № 242 бұйрық) сәйкес мемлекеттік қазынашылық органында жасалған шарттарды тіркеу талап етілмейтін шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шарттар жасаса отырып, шығыстардың түрлері бойынша төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік мекеме екі данада қағаз тасығышта төлем шоттарының тізілімін, төлем шоттарын және:
тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактура немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге түрін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – актілер жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің актісін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрін;
осы Рәсімдерге 95-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды ұлттық валютада жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiмді;
осы Рәсімдерге 99-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімді және чек;
сот мөрінің бедерімен расталған заң күшіне енген шешім не ұйғарым, не қаулы, не сот бұйрығын;
инкассалық өкімді ұсынады.
№ 242 бұйрыққа сәйкес жасалған шарттарды тіркеу талап етілмейтін шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде төлем жүргізу кезінде растаушы құжат ретінде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграцияланған және мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған шот-фактураның электрондық бейнесі, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес электрондық шот-фактура жазылмайтын жағдайларды қоспағанда, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің түпнұсқасынан сканерленген бейнесі болып табылады.
Сатып алынуы бірнеше шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жіктелетін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бірнеше түрлеріне бір құжатты ресімдеген жағдайда төлеуге берілетін шотты жасау әрбір шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша жеке жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) шартты тіркеусіз сатып алуды жүзеге асыру үшін негіз болатын растайтын құжатта мынадай ақпараттың болуы міндетті:
атына құжат ресімделген мемлекеттік мекеменің атауы (мемлекеттік қазынашылық органының және мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі);
ақша алушының, оның ішінде алушы банктің деректемелері;
растайтын құжаттың ресімделген күні ағымдағы қаржы жылына (күні, айы, ағымдағы қаржы жылы) сәйкес болуы тиіс;
жеткізілген тауардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) атауы, саны мен (қосылған құн салығының сомасын міндетті түрде көрсету немесе жеткізуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда қосылған құн салығының жоқ екенін көрсете отырып) сомасы көрсету;
ақша алушының қолы мен мөр бедерінің болуы (олар болған кезде).";
257, 258 және 259-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"257. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын және толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарға зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын есепке жатқызуға арналған ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан төлем жүргізу кезінде аванстық төлем сомасын қоспағанда, комиссия шешімінің көшірмесі, растайтын құжаттың (шот-фактураның немесе жүкқұжат, тауарларды, көрсетілген қызметтерді жеткізу туралы акті немесе соның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа түрі құжат) қағаз тасығышта ұсынылады.
Төлеуге берілетін шотты қалыптастыру кезінде "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде түпнұсқадан сканерленген құжаттар қоса тіркеледі.
258. Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуына байланысты шығыстар бойынша төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына қағаз тасығышта төлем шотын ұсынады ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде төлем шотының электрондық бейнесін қалыптастырады), оған осы Рәсімдерге 95-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын алу туралы өтінім қоса беріледі (тіркеледі).
Банкте алынған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге байланысты шығыстар бойынша төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына қағаз тасығышта төлем шотын, оған осы Рәсімдерге 99-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақша алуға арналған өтінімді және чекті қоса бере отырып ұсынады.
Банк қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар бойынша төлемдерді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына қағаз тасығышта төлем шотын ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде төлем шотының электрондық бейнесін қалыптастырады) растайтын құжаттарды қосымшасыз (тіркеместен) ұсынады.
259. Заңды тұлғаларға трансферттер аударуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
Аванстық (алдын ала) төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме мемлекеттік қазынашылық органына шот-фактуралардың немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын ұсынған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады (көрсетілетін қызметтерді, тауарлар мен жұмыстарды беруші резидент емес болып табылған жағдайда растаушы құжаттарда сомманы шетел валютасында, бірақ төлеуге берілетін шоттың төлемнiң мақсатында опреацияны жасау кезінде валютаның теңгедегі құнын міндетті түрде көрсетумен рұқсат беріледі).
Аванстық (алдын ала) төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін төлем жүргізу кезінде мемлекетті мекеме мемлекеттік қазынашылық органына орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.
Қағаз тасығышта төлем жүргізу кезінде аванстық (алдын ала) төлем сомасын қоспағанда, төлеуге берілетін шотқа осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен парақтап куәландырылған растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде аванстық (алдын ала) төлем сомасын қоспағанда, осы тармақта санамаланған, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның) немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның орталық атқарушы органның бухгалтерлік қызметі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның немесе мемлекеттік мекеменің бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған растаушы құжаттардың түпнұсқадан сканерленген үлгісін тіркеу.";
мынадай мазмұндағы 259-1-тармақпен толықтырылсын:
"259-1. Ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған (жеткіліксіз пайдаланылған) заңды тұлғаларға трансферттер түрінде бөлінген бюджеттік қаражаттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепті қаржы жылынан кейінгі қаржы жылының бірінші ақпанына дейін тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.";
282-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"282. Ағымдағы қаржы жылы ішінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және зейнетақы төлемдері, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жалақы, алименттер, стипендиялар және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматындағы электрондық хабарлама негізінде мемлекеттік қазынашылық органы ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есепке жатқызылады.
Кірістер бойынша түсімдердің сомаларын 902-шотқа есепке жатқызу кезінде (2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе дұрыс болмаған кезде) мемлекеттік қазынашылық органы соманы ақшаны жөнелтушіге қайтарады не деректемелерді нақтылау кезінде мемлекеттік мекеменің хаты негізінде тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызады.
Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың түсімдер бойынша 902-шотқа есепке жатқызылған сомалар 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттік мекеменің хаты негізінде деректемелерді нақтылау кезінде ақшаны алушыға есепке жатқызылады.
Ағымдағы қаржы жылының соңында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және зейнетақы төлемдері, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жалақы, алименттер, стипендиялар, жәрдемақылар, іссапарлар мен қызметтік сапарлар, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлемдерді қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген МТ-002, МТ-003, МТ-004, МТ-005, МТ-007 төлемдер форматындағы электрондық хабарлама негізінде ақшаны жөнелтушіге одан әрі аудару үшін 902-шотқа есепке жатқызылады.";
292-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"292. Инкассолық өкiм соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына, атқарушылық жазбаға сәйкес берiлген, сондай-ақ пайда болған салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi немесе әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша аударымдар, кеден органдары алдындағы берешектi өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлi түрде орындауына негiз болып табылатын құжатты бiлдiредi. Инкассолық өкiм мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемiнiң негiздiлiгiн растайтын құжат болып табылады.";
300 және 301-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"300. Операцияларды тоқтата тұру, осы Рәсімдердің 297-тармағының 2) тармақшасында қарастырылған шығыстарды қоспағанда, мемлекеттік қазынашылық органының мемлекеттік мекемелерді ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарын қабылдауды және орындауды тоқтата тұруды көздейді.
301. Мемлекеттік мекеме хабарлама хатты алып, инкассолық өкім келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей оның орындалуын инкассолық өкімнің деректері негізінде төлеуге берілетін шотты қалыптастыру және оны мемлекеттік қазынашылық органына ұсыну жолымен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, қабылданбаған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы тағайындау сомасы жетіспеген немесе болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiн инкассолық өкім қойылғаны туралы хабардар етеді және инкассолық өкiмдi орындауды мемлекеттік қазынашылық органында инкассолық өкім тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні iшiнде жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен басқа ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің пайдаланылмаған жоспарлы тағайындауларын азайту есебінен инкассолық өкім шығарылған мемлекеттік мекеменің жоспарлы тағайындауларын арттыру рәсімдерін жүзеге асырады.
Инкассолық өкімдердің орындау жиырма жұмыс күнi iшiнде қамтамасыз етiлмеген жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органы осы Рәсімдердiң 297-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодын және жеке тұлғаларға трансферттер беруге, сондай-ақ соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларды қоспағанда, барлық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұруды жүзеге асырады.";
311-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қазынашылық органына ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғамен қол қойылған, елтаңбалық мөрімен расталған шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімі қағаз тасығышта не электронды құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түскен кезде, мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Рәсімдердің 310-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, өкімінде көрсетілуі бойынша мемлекеттік қазынашылықта ашылған кодтар мен шоттар бойынша мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің барлық төлемдері мен аудармаларын жүргізуді тоқтатады.";
313-тармақтың жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттері, қарыздары, гранттары, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттері қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды), осы тармақтың төртінші бөлігін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылында бiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) шеңберiнде және бір облыстың шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдарына аталған соманы жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:
облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті бюджет комиссиясының қарауысыз бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу арқылы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының;
ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауынсыз бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу арқылы облыстың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының;
аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратымен келiсiм бойынша және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен соманы ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруына рұқсат берiледi.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жергілікті атқарушы органдар ұсынған бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бір жыл ішінде қалыптасқан үнемді қайта бөлу нәтижесінде өзгерген жылдық сомалары бар инвестициялық жобалар тізбесі келісілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны тиісті бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға жібереді.";
336-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"336. Мемлекеттік қазынашылық шетел валютасын түрлерi бойынша мемлекеттiк мекеменiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетелдiк валютадағы тиiстi шоттарына есептеген күнi мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттiк мекеменiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірмелерді қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштi мемлекеттiк мекеменiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының одан әрi ұсынуы үшiн қағаз тасығышта бередi, сондай-ақ мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысының белгiсi соғылған және шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнiн көрсетiп, қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы мемлекеттік қазынашылық органында қалады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар осы Рәсімдерге 56-қосымшаға сәйкес 8-17-нысан бойынша үзiндi көшiрменi қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн үзiндi көшiрменi дербес жасайды.";
337-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"337. Шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті мемлекеттік қазынашылық органына осы Рәсімдерге 75-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрде сағат 16.00 (он алты) дейін ұсынады (жібереді). Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған іссапар шығыстарына арналған шотқа шетел валютасын аудару үшін ағымдағы валюталау күнімен шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтінішті сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган және/немесе Қазақстан Республикасының заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органының қызметін қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме сағат 12.00 (он екі) дейін ұсынады. Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш қағаз тасығышта екі данада ұсынылады.";
341 және 342-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"341. Мемлекеттік мекеменің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы шоттары бойынша үзінді көшірме қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысы оларды мемлекеттік мекемеге, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға қағаз тасығышта ұсынады және жауапты орындаушының және мемлекеттік қазынашылық органының жауапты орындаушысының белгісі бар қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасындағы ақша аударымына өтініштің бір данасын қайтарады. шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығару күнін көрсету. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасындағы ақша аударымына өтініштің екінші данасы мемлекеттік қазынашылық органында қалады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар осы Рәсімдерге 56-қосымшаға сәйкес 8-17-нысан бойынша үзiндi көшiрменi қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн үзiндi көшiрменi дербес жасайды.
342. Төреліктердегі соттың тиісті шешімі күтілетін дауларды реттеуге бағытталған қаражатты қоспағанда, айырбасталған шетел валютасын, мемлекеттік мекеме және мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мақсатқа сай пайдалануы тиіс.
Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім аяқталғаннан соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қазынашылық органы шетел валютасын қайта айырбастауға өтінім беру қажеттігі туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар береді.";
348-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"348. Іссапар шығыстарын төлеуге алынған пайдаланылмаған қолма-қол шетел валютасының қалдығы мемлекеттік мекеменің кассалық шығыстарын одан әрі қайта айырбастау мен қалпына келтіру не тиісті бюджет кірісіне есепке жатқызу үшін Ұлттық банкі филиалының кассасына үш жұмыс күні ішінде (сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды және Қазақстан Республикасының заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органының қызметін қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемені қоспағанда) қайтаруға жатады.";
372-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"372. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде еншілес, бағынысты және онымен үлестес болып табылатын өзге де ұйымдардың жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарын) төлеуге арналған жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны аудару, сондай-ақ осы ақшаның шегіндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты, не пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) шеңберінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін жүзеге асыруға пайдалануына, төлемдер мен аударымдарды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік қазынашылық органында ашылған шоттар арқылы квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асырады.";
375-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"375. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, тікелей инвестициялар қорлары және (немесе) венчурлік қорлар арқылы инвестициялауды жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайту, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен мөлшерде қалыптастыру кезінде жағдайларын қоспағанда, олардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру немесе ұлғайту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдануға, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты, пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін жүзеге асыруға байланысты жобаларды іске асыруға пайдалану үшін шығыстарды жүргізуге мемлекеттік қазынашылық қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жеті мәнді код береді.";
382-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"382. Мемлекеттік қазынашылық органдары тиісті мемлекеттік кіріс органдарын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық қолдау операторларына, дербес білім беру ұйымдарына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторға кодтардың және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының ашылғаны туралы оларды мемлекеттік қазынашылық ашылған күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.";
387 және 388-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"387. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:
1) ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың және техникалық-экономикалық негіздемелердің және (немесе) қаржы-экономикалық негіздемелердің негізділігі;
2) пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) және (немесе) оны басқару бойынша міндеттемелерді орындау үшін;
3) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігі;
4) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығы;
5) ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындаудың уақытылығы мен толықтығы;
6) жасалған операциялардың дұрыстығы;
7) мемлекеттік қазынашылық органына төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды: тауарларды жеткізу туралы шот-фактураны немесе жүкқұжатты (актіні) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрін ұсыну;
8) Салық кодексінің талаптарына сәйкес жазып берілген электрондық шот-фактураны алған кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы төлем тапсырмасын қалыптастыру;
9) басшының және бас бухгалтердің қолдарының заңды тұлғаның құжаттар жинағына сәйкестігі қамтамасыз етеді.
388. Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын қалыптастыру кезінде квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы басшысының немесе заңды тұлғаның бұйрығына сәйкес бірінші қол қоюға құқығы бар уәкілдің, қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес жеке қолымен және қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес заңды тұлғаның мөр бедерімен әр парағы расталған растайтын құжаттардың (шот-фактура, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрі) көшірмелері ұсынылады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде төлем жүргізу кезінде төлем тапсырмасының электрондық бейнесіне түпнұсқадан сканерленген, осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған растайтын құжаттары бар файлдар тіркеледі және квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы басшысының, немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның және бас бухгалтердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеде жазылған электрондық шот-фактураны алған кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы интеграциялау жолымен оның негізінде "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде төлем тапсырмасының электрондық бейнесін қалыптастырады және оған квазимемлекеттік сектор субъектісі, қаржылық қолдау операторы, дербес білім беру ұйымы басшысы немесе уәкілетті тұлға және бас бухгалтер электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.";
390-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"390. Мемлекеттік қазынашылық органы квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, қаржылық қолдау операторларынан, дербес білім беру ұйымдарынан, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордан қағаз тасығышта және (немесе) "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрде төлем тапсырмаларын қабылдауды жүзеге асырады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, қаржылық қолдау операторларынан, дербес білім беру ұйымдарынан, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордан төлем тапсырмаларын қағаз тасығышта қабылдау белгіленген қызмет көрсету кестесіне сәйкес сағат 16.00 (он алты) дейін жүзеге асырылады.
Қағаз тасығышта төлем тапсырмасы және (немесе) "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрде келіп түскен төлем тапсырмалары мемлекеттік қазынашылық органы оны қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күні ішінде орындалады не орындалмай қайтарылады.";
397 және 398-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"397. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік қазынашылық органына:
1) жарғылық капиталды ұлғайту/қалыптастыру кезінде – бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігін не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару кезіндегі басқару органдарының тиісті шешімін, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы қоса берілген қаржы-экономикалық негіздемесін;
2) аванстық төлем сомасын қоспағанда, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен интеграцияланған немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатты (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрін ұсынады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бұрын бөлінген қаражат есебінен шығыстарды және/немесе тартылған қарыз қаражатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан өтеу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік қазынашылық органына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шығыстарды өтеу жөніндегі қаулысының көшірмесін және қосымша, қарыз қаражатын тартқан кезде - кредиттік шарттың көшірмесін ұсынады.
Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде қаржы-экономикалық негіздемеге және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың болуына сәйкес шарт сомасынан:
барлық инвестициялық жобалар бойынша – отыз пайыздан аспайтын мөлшерде;
жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша – елу пайыздан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлеуге жол беріледі.
Астық сатып алуды жүзеге асыру кезінде астық нарығы жөніндегі оператордың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді көктемгі-жазғы қаржыландыруға аванстық (алдын ала) төлемді аударуы жасалған шарт сомасынның жетпіс пайыздан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Қалған соманы аудару шот-фактура негізінде жасалған қосымша келісімге сәйкес астықты күзгі сатып алғаннан кейін жүргізіледі ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде төлем тапсырмасы интеграцияланған электрондық шот-фактура негізінде қалыптастырылады);
3) аванстық төлем сомасын қоспағанда, мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде электрондық шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен интеграцияланған немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрін ұсынады.
Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік тапсырманы орындау және мемлекеттік тапсырманың мақсатына қол жеткізу кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің келісімімен жасалған шарттың талаптарына сәйкес осы қаражатты Ұлттық пошта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына орналастыруына шоттарда орналастыруды қоспағанда, мемлекеттік қазынашылық органындағы өзінің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражаттың қалдықтарын екінші деңгейдегі банктегі өзінің есеп шотына аударады;
4) бюджет қаражатын үнемдеу түрінде олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша қалыптасқан қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы пайдаланылмаған қалдықтарды бюджетке қайтару кезінде – төлем тапсырмасы және мемлекеттік мүлік туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңдарға сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті басқару органының (құрылтайшысының) шешімін;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражатты тиісті бюджеттің кірісіне аудару кезінде – төлем тапсырмасын ұсынады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге төлемдер жүргізу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік қазынашылық органына төлем тапсырмасын ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде қалыптастырады) ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік қазынашылық органына төлем тапсырмасын ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде қалыптастырады) ұсынады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:
1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
398. Төлемдер мен аударымдарды жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін жүзеге асыруға пайдалануына мемлекеттік қазынашылық органына төлемнің негізділігін растайтын төлем тапсырмасын және құжатты ұсынады.";
405-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"405. Қағаз тасығышта төлем тапсырмасы және "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрде келіп түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне, қаржылық қолдау операторына, дербес білім беру ұйымына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторға келесі жағдайларда:
қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарында қолма-қол ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігі;
Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысан бойынша қағаз тасығышта төлем тапсырмасын ұсыну;
түзетулері бар көріністер, соның ішінде қолмен;
осы Рәсімдерде көзделген басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен және мөрінің бедерімен (сканерленген кескінді тіркемей немесе басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылмаған сканерленген кескінді қоса бере отырып) қосымшасыз немесе қоса берілмеген ұсынымдар растайтын құжаттармен;
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен интеграциясыз шот-фактураны ұсыну;
қажетті ашық жолақтарда қолдар және/немесе мөр бедерінің болмауы;
қолдар және/немесе мөр бедерлері қағаз тасығышта төлем тапсырмасын көрсеткен кезде қолдар мен мөр бедерлерінің үлгілерімен құжатқа сәйкес келмеуі;
қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда төлем тапсырмасының барлық даналарында талап етілетін өрістерге мөр бедерінің анық емес (түсініксіз) қойылуы;
соманың сандармен сомаға жазбаша сәйкес келмеуі;
төлем тапсырмасында көрсетілген бағдарламалық тексеруге жататын деректемелердің Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне енгізілген деректемелерге сәйкес келмеуі;
төлем тапсырмасының деректемелері (жеке сәйкестендіру кодын, банктік сәйкестендіру кодын, ақша алушы банктің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген растайтын құжаттардың деректемелеріне (осы Рәсімдерде белгіленген жағдайларда құжаттарды қоса берген кезде)сәйкес келмеуі;
төлем тапсырмасын қағаз тасығышта көрсеткен кезде төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеуі;
төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асатын мерзімде ұсыну;
осы Рәсімдерге 140, 141, 142, 143 және 144-қосымшаларға сәйкес электрондық тасымалдағышта төлем форматында анықталған қателер;
төлем тапсырмасында көрсетілген төлем мақсатының қаржы-экономикалық негіздемеде көрсетілген жоспарланатын іс-шараларға сәйкес келмеуі;
растайтын құжатқа сілтеме болмауы;
төлем тапсырмасы сомасының растаушы құжат сомасынан асып кетуі;
төлем тапсырмасының нөмірін қайталау;
Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын талаптарын бұза отырып, төлем тапсырмасындағы міндетті жолдарды толтыру;
төлем мақсатының бюджет түсімдері сыныптамасының алты мәнді кодына сәйкес келмеуі (төлемдерді бюджетке аудару кезінде);
мазмұны бойынша осы Рәсімдерде көзделген растайтын және өзге де құжаттардың осы Рәсімдерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі орындаусыз қайтарылады;
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша электрондық түрде келіп түскен төлем тапсырмасындағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде пайдаланушы басшылығының жоғарыда аталған талаптары мен талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде төлем тапсырмасы осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына және пайдаланушы басшылығына сілтеме жасай отырып, ауытқудың барлық себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қазынашылық органы қайтарады.
Қабылдау кезеңінде жоғарыда аталған жағдайларға қағаз тасығышта төлем тапсырмасындағы деректер сәйкес келмесе, төлем тапсырмасы хат ресімделмей қайтарылады. Қабылдағаннан кейін, тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлем тапсырмасы мемлекеттік қазынашылық органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы қойылған жазбаша негіздемемен қайтарылады.";
406-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"406-1. Егер квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бюджеттен алынған және инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланылған қаражат қалдықтары болған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органдары бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру аяқталған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей пайдаланылмаған қалдықтардың бар екені туралы жазбаша хабарламаны Республикалық бюджет комиссиясында және/немесе астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясында қарау және тиісті бюджет кірісіне қаражат қалдықтарын аудару туралы шешім қабылдау үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және/немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және/немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған шешімді бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға жауапты бюджет бағдарламаларының әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектісі тарапынан қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат қалдықтарын тиісті бюджет кірісіне аудару бойынша шаралар қабылдау үшін жібереді.";
417-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"417. Мемлекеттік қазынашылық органдары бас мердігердің төлемдерін жүргізу кезінде осы Рәсімдерде белгіленген тәртіпте бақылауды жүзеге асырады.
Қазынашылық сүйемелдеуге жататын объектілерді салуға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік қазынашылық органдарына осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қазынашылықта ашылған бас мердігердің қолма-қол ақшаны бақылау шотының деректемелерін және аванстық (алдын ала) сомасын көрсете отырып, ағымдағы қаржы жылына қарастырылған осы Рәсімдердің 212-тармағына сәйкес азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге шарттың сомасына өтінім беріледі.
Мемлекеттік қазынашылық органдары "Бірыңғай сатып алу платформасы ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тапсырыс беруші тіркеуге қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынған қазынашылық сүйемелдеуге жататын шартты (қосымша келісімді) осы Рәсімдердің 6-тарауының 5-параграфында көзделген талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады және қосымша:
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде шартты орындау талаптарының бар-жоғына;
шарт бойынша аванстық (алдын ала) төлемді мемлекеттік қазынашылықта ашылған мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару туралы шарттың болуы;
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы шот-фактураларды жазып беру талаптарының болуы.
Мемлекеттік қазынашылық органдары осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің осы Рәсімдердің 6-тарауының 5-параграфында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде шарттар жасалған өнім берушілерге авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап қолданылмайды.";
420-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"420-1. Мемлекеттік қазынашылық органдарында 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген шарттар бойынша қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі қосалқы мердігердің төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграцияланған электрондық шот-фактура негіз болып табылады.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған ағымдағы шығындарды өтеу кезінде қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде қосалқы мердігердің төлем тапсырмасын қалыптастыруы өтелуге жататын жасалған шығындар көрсетілген төлем сертификаты ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген көшірмесі ұсынылады) негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алулардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қосалқы мердігердің екінші деңгейдегі банктегі шоттарына өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған ағымдағы шығындарды өтеуге тапсырыс беруші мен бас мердігер арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванстық төлем шарттары болмаған жағдайда ғана жол беріледі.";
428 және 429-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"428. Мемлекеттік қазынашылық пен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өтімділікті басқаруды жүзеге асырады.
429. Төлемді уақтылы және толық жүргізуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет ақшасын тиімді басқару үшін қолма-қол ақша көлемін болжамдау мақсатында бюджетке түсетін түсімдер көлемін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың күтіліп отырған атқарыуын анықтау жөніндегі үдерісі болып табылатын қолма-қол ақша тасқынның болжамын (бұдан әрі – болжам) жасайды.";
431, 432 және 433-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"431. Мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:
бюджетке түсетін ақшаның күтілетін көлемін ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында келесі айда жүргізілетін төлемдер көлемін нақтылайды.
432. Мемлекеттік қазынашылық және бюджеттерді атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингін жүргізеді;
бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
433. Мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы болжам мен ақша қалдығының негізінде алдағы айға күтілетін бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргізеді және болжамды кезеңнің соңына тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтілетін ақша қалдығын анықтайды.";
436 және 437-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"436. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында теріс сальдо болжамы немесе бір ай ішінде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган қосымша қарыз алуды жүргізу немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың жоспарлы эмиссиясын шығарылымын көшіру қажеттілігіне бастамашылық етеді.
437. Жүргізілген төлемдердің болжамдық көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер болжамдау көлемі мен тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерісін ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде, мемлекеттік қазынашылық және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Рәсімдердің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері негізінде алдағы кезеңге жоспарлы тағайындауларды ауыстыру жолымен түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгеріс енгізеді.";
439-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"439. Мемлекеттік қазынашылық бірыңғай қазынашылық шоттан Ұлттық Банкінде, Ұлттық пошта операторында және/немесе екінші деңгейдегі банктерде депозиттерге орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін айқындайды.";
441-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"441. Ұлттық Банкінің, Ұлттық пошта операторының және/немесе екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру және қайтару тиісінше мемлекеттік қазынашылық пен Ұлттық Банкі және (немесе) Ұлттық почта операторы және (немесе) екінші деңгейдегі банк арасында жасалған Келісім негізінде жүзеге асырылады.";
446-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"446. Мемлекеттік қазынашылық Ұлттық Банкімен және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Бюджет кодексінің 113-бабының 10-тармағына сәйкес осы Рәсімдерге 119-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын орналастыруға арналған өтінімі (бұдан әрі – осы Рәсімдерге 119-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім) осы Рәсімдерге 120-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердегі шоттарындағы уақытша бос қаражаты және басқа да қаржы құралдары туралы ақпарат (бұдан әрі – осы Рәсімдерге 120-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат) негізінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын Ұлттық пошта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына орналастыру мерзімдері мен көлемін келісуді жүзеге асырады.
Орналастыруға арналған осы Рәсімдерге 119-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді екі қолтаңба тобы растайды, онда бірінші топқа – мемлекеттік қазынашылықтың уәкілетті адамы, ал екінші топқа – квазимемлекеттік сектор субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.
Осы Рәсімдерге 119-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді мемлекеттік қазынашылық квазимемлекеттік сектор субъектісінің уақытша бос бюджет қаражатын орналастыру мерзімдері мен көлемдерінің сәйкестігіне үш жұмыс күні ішінде қарайды және мақұлданған жағдайда мемлекеттік қазынашылықтың уәкілетті тұлғасы қол қойып, квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі осы Рәсімдерге 119-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімде және осы Рәсімдерге 120-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратта ұсынылған деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді, алынған сыйақыны республикалық бюджеттің кірісіне аударуға кепілдік береді, сондай-ақ уақытша бос бюджет қаражатын орналастыру салдарынан квазимемлекеттік сектор субъектісінің ағымдағы міндеттемелерін орындамауға байланысты тәуекелдердің жоқтығын растайды.
Бұл ретте мемлекеттік қазынашылық квазимемлекеттік сектор субъектісінің уақытша бос бюджет қаражатын орналастыру тәуекелдері үшін жауапты болмайды.";
452-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
455-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"455. Тиісті мемлекеттік кіріс органдарын, мемлекеттік қазынашылық органдары мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға кодтар мен шоттардың ашылғаны туралы мемлекеттік қазынашылық ашылған күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.";
461-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"461. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар Бюджет кодексінің 41-бабының 14-тармағына сәйкес:
1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің анықтығын;
3) төлемдерді ақша алушының пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;
4) жасалған операциялардың анықтығын;
5) мемлекеттік қазынашылық органдарына төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды: тауарларды жеткізу туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де түрі құжат ұсыну болып табылады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген үлгісі бекітіледі.
Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының және бас бухгалтерінің электрондық цифрлық қолтаңбасының дұрыстығын қамтамасыз етеді.";
475, 476, 477, 478, 479, 480 және 481-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"475. Мемлекеттік мекеме жоспарды осы Рәсімдерге 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мынадай тәртіппен жасайды:
Кіріс белігі:
010 "Барлық кірістер" жолында кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі, ол есептіден кейінгі қаржы жылының бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақша қалдығын және жаңа қаржы жылында түсетін ақшаның жоспарланған сомасын қамтиды (011-жол+012-жол);
011 "Қаржы жылының басындағы қаражат қалдығы" жолында есептіден кейінгі қаржы жылының бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі;
012 "Ағымдағы жыл түсімдері" жолында жаңа қаржы жылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша түсімдерінің жоспарланған сомасы көрсетіледі.
Шығыс бөлігі:
020 "Барлық шығыстар, оның ішінде ерекшеліктер бойынша" жолында шығыстардың экономикалық сыныптамасының барлық ерекшеліктері бойынша және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлігіндегі жоспарланған шығыстар сомасын көрсете отырып, шығыстардың жоспарланған жалпы сомасы көрсетіледі;
021 "олардың ішінде, бюджет кірісіне аударуға жататын" деген жол бойынша анықтамалық түрде, тиісті бюджет кірісіне аударуға жататын және 020-жол шығыстарының тиісті ерекшелігі бойынша көзделген сома көрсетіледі.
Жоспардың кіріс және шығыс бөліктері әрбір тоқсан бойынша және тұтастай жыл бойынша теңдестірілуі тиіс. Бұл ретте, 010-жолдың көрсеткіші 020-жолдың көрсеткішіне теңестірілуі тиіс. Шығыстардың ерекшеліктерінің тоқсан сайынғы сомасы 011 және 012-жолдардың түсімдер сомасына тең болуға тиіс.
476. Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылының жиырмасыншы қаңтарына дейінгі мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің басшысы және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған түсіндірме жазбаны және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша кірістер мен шығыстар жөнінде негізделген есептерді қоса бере отырып, осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарды үш данада бекітуге береді.
477. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітуге ұсынылған жоспарлардың осы Рәсімдердің 473, 474, 475, 476 және 478-тармақтарында белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышына (бұдан әрі – № 219 сыныптауыш), сондай-ақ Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы айқындайтын талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітуге ұсынылған жоспарлар негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін және олардың қарамағында қалатын ақшаның түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын осы Рәсімдердің 127-қосымшасына (бұдан әрі – осы Рәсімдердің 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспар) сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітуге ұсынылған жоспарлар бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тарапынан қайтару себептері көрсетіле отырып, оларды талаптарға сәйкестендіру үшін мемлекеттік мекемелерге қайтарылады.
478. Осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспар және 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспар (оның ішінде енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) бөлшек қалдығымен, үтірден кейін бір белгімен мың теңгеде қалыптастырылады.
479. Осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарлардың жалпы сомасы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша және жоспардың әрбір көрсеткіші бойынша осы Рәсімдердің 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспардың сомасына теңестірілуі тиіс.
480. Осы Рәсімдердің 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір түрі бойынша жиынтық жоспар бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тарапынан екі данада бекітіледі және ағымдағы қаржы жылының он бесінші ақпанына дейін осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір мемлекеттік мекеме бойынша жоспарлармен, түсіндірме жазбамен және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде әрбір түсім мен шығыс түрі бойынша негізделген есептеулермен бірге мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге ұсынылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарлардың және 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспардың дұрыс жасалуын, олардың осы Рәсімдердің 473, 474, 475, 476, 477, 478 және 479-тармақтарында белгіленген, № 219 сыныптауышқа, сондай-ақ өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін тиісті саланың (аяның) тәртібінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
481. Мемлекеттік қазынашылық немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарларды және 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың осы Рәсімдердің 473, 474, 475, 476, 477, 478, 479 және 480-тармақтарында белгіленген талаптарға және № 219 сыныптауышқа сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік қазынашылық немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Рәсімдердің 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспарды екі данада келіседі, олардың бірі осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір мемлекеттік мекеме бойынша жоспарлармен, түсіндірме жазбамен және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде әрбір түсім мен шығыс түрі бойынша негізделген есептеулермен бірге мемлекеттік қазынашылықта немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органда қалады, екіншісі – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қазынашылық немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарларды, 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспарды, түсіндірме жазбаны және есептеулерді қайтару себептері көрсетіле отырып, оларды талаптарға сәйкестендіру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.";
482-тармақ алынып тасталсын;
483-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"483. Мемлекеттік қазынашылық немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Рәсімдердің 127-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жиынтық жоспарды келісу нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір мемлекеттік мекемелер бойынша жоспарды үш данада бекітеді, оның бірі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінде қалады, екеуі – мемлекеттік мекемеге беріледі.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің мемлекеттік мекемесі осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген жоспардың бір данасын өзінде қалдырады, екіншісін – осы Рәсімдерге 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада тізіліммен бірге бірінші наурызына дейінгі өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік қазынашылық органына ұсынады.
"Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік қазынашылық органына беру кезінде мемлекеттік мекеме ағымдағы жылдың бірінші наурызына дейін осы Рәсімдерге 128-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспардың қалыптастырылған электрондық түрін, сондай-ақ осы Рәсімдерге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен осы Рәсімдердің 126-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспардың түпнұсқасынан сканерленген көшірмесін қоса тіркейді және оларға мемлекеттік мекеме басшысының және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.
Мемлекеттік қазынашылық органы мемлекеттік мекемемен ұсынылған жоспарларды осы Рәсімдерге және № 219 сыныптауышта белгіленген талаптарға, қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының дұрыс көрсетілуіне, сондай-ақ бюджет шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша кірістер мен шығыстарды дұрыс көрсетілуіне сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
Осы тармақта көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органы себебін көрсете отырып жоспарды орындаусыз ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі арқылы қабылдамайды) мемлекеттік мекемеге қайтарады.";
485 және 486-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"485. Егер мемлекеттік мекемелер бойынша жиынтық жоспар ағымдағы қаржы жылының бірінші наурызына дейін мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге ұсынылмаса және келісілмесе, онда ағымдағы қаржы жылының бірінші қаңтарынан бастап бірінші наурызына дейін түскен ақша және есепті жылдан кейінгі қаржы жылының бірінші қаңтарына қалыптасқан және бірінші ақпандағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдықтары төлеуге берілетін шот негізінде бірінші наурыздан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекеме тарапынан тиісті бюджет кірісіне аударуға жатады.
Мемлекеттік мекеме ағымдағы қаржы жылдың бірінші наурызынан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің қолма-қол ақша бақылау шотындағы ақша қалдығын (ағымдағы қаржы жылының бірінші наурызына жағдай бойынша) тиісті бюджеттің кірісіне аударуға тиісті төлеуге берілетін шотты мемлекеттік қазынашылық органына ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық органы белгіленген мерзімде өткен күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей (ағымдағы қаржы жылының бірінші наурызынан кейінгі үш жұмыс күні ішінде) бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік мекеменің төлемдері мен ақша аударымын жүзеге асыруды тоқтатады.
486. Ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен, мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізеді. Банктік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар қолма-қол ақшамен операциялар жүргізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) коды бойынша шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша жоспардың шығыстар бөлігінде көрсетіледі.";
540-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"540. Бюджеттік инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша сараптамалар қорытындылары бойынша оң немесе теріс қорытынды шығарылады немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықтауға жолданады.";
543 және 544-тармақтарда орыс тіліндегі мәтіндер өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіндер өзгермейді;
546-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
548-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"548. Өтемақы төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес төлеуге берілетін шоттың негізінде жүргізіледі.";
550-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"550. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік әріптес қалыптастырады.";
554-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"554. Операциялық шығындарының өтемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес төлеуге берілетін шоттың негізінде жүргізіледі.";
559-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"559. Мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (бұдан әрі – сыйақы) жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің, техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен төленетін жекеше әріптестің табыс алу көзі болып табылады.";
561-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"561. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес маңыздылығы ерекше мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаны іске асыру кезінде "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелді) Ұлттық Банкі белгілеген ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, сыйақы төлеу жекеше әріптестің қосымша табыс алу көзі ретінде де қолданылады.";
566-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"566. Сыйақы төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес төлеуге берілетін шоттың негізінде жүргізіледі.";
569-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"569. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік әріптес қалыптастырады.";
579-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"579. Жалдау төлемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес төлеуге берілетін шоттың негізінде жүргізіледі.";
582-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"582. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік әріптес қалыптастырады.";
585, 586 және 587-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"585. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды қоса қаржыландыруды мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу, құру, реконструкциялау және жаңғырту кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
586. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың жалпы көлемдері қоса қаржыландыруды талап ететін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарымен анықталады.
587. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың жылдық көлемдері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарымен немесе облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерімен анықталады.";
588-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
589-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"589. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының талаптарын есепке ала отырып, осы Рәсімдерде белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қалыптастырады.";
612-тармақта орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
614-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"614. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын/қосымша келісімдерді тіркеу үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар органдар әрбір жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасы бойынша:
осы Рәсімдерге 136-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінімді;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын/қосымша келісімді;
тиісті бюджет комиссиясының шешімін немесе мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы облыс мәслихаты, республикалық маңызы бар қала және астана шешімін;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына, оның ішінде сараптама жүргізуге уәкілетті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар жүргізген тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бизнес-жоспарға сараптаманы (жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде) мемлекеттік қазынашылық органына "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.";
624-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"624-8. Мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің шарты/қосымша келісімі және лизинг қызметтері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер келіп түскен күннен бастап кейіннен осы Рәсімдерге 137-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу туралы куәлікті қалыптастыра отырып (шарттарды бұзу жағдайларын қоспағанда), өтінімді және растаушы құжаттарды қарау жолымен бес жұмыс күні ішінде тіркеуді жүзеге асырады.";
көрсетілген Рәсімдерге 26-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 45-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 52-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 55-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 57-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 68-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 109-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 110-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 120-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Рәсімдерге 134-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1)осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Бұйрығына 1-қосымша | |
| Бюджетті қазынашылық атқару | |
| және оларға кассалық қызмет | |
| көрсету рәсімдеріне, | |
| қазынашылық есепке алу және | |
| мониторинг рәсімдеріне | |
| 26-қосымша |
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган/тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты
Республикалық (жергілікті) бюджетке (Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджетке түсiмдерiнiң сыныптамасының коды бойынша) кірістердің түсімдері жоспарларын өзгертуге арналған №_____өтінім
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атауы | Өзгеру сомасы (+, -), барлығы | оның ішінде айлар бойынша (ағымдағы айда – жыл басындағы кезеңге өзгеріс өсу қорытындысымен, келесі айларда – өзгеріс ай сайын) | |||||||||||
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | ||
Салық, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді атқаруды
бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны
Салық, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді атқаруды
бақылау жөніндегі мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы
____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
| Бұйрығына 2-қосымша | |
| Бюджетті қазынашылық атқару | |
| және оларға кассалық қызмет | |
| көрсету рәсімдеріне, | |
| қазынашылық есепке алу және | |
| мониторинг рәсімдеріне | |
| 45-қосымша |
Мемлекеттік қазынашылық
___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға)
_____ жылғы "__" _______ № __ рұқсат
_________________________________ бюджеттен қаржыландырылатын (бюджет түрі)
____________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы және коды)
____________________________________________________________ негізінде
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші, қарыз немесе байланысты грант туралы
шарттың атауы, нөмірі және күні)
____________________________________________________________________
(валюта түрі)
__________________________________________________ ашуға рұқсат етіледі.
(шоттың атауы)
Шығыстар бағытының мақсаты: _____________________
Рұқсат _____ жылғы "__" _______ дейін әрекет етеді.
Мемлекеттік қазынашылық басшысы _______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Мөр орны
Рұқсат беруге жауапты мемлекеттік қазынашылықтың құрылымдық бөлімшесінің
басшысы ________________________________________________ (қолы)
(Тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
Екінші деңгейдегі банктің (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымның) белгілері
Шот № _______________________________________
Екінші деңгейдегі банктің(банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымның) жауапты орындаушысы
____________________________________________________________________ (қолы)
(қолының толық жазылуы)
Мөртабан орны
Рұқсат _____ жылғы "__" _______ алынды.
Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотының жағдайы туралы есеп
Өңiр: ___________________________
Бюджет түрi: ____________________
Қаржыландыру көзi: ______________
Ерекшелігі ______________________
Кезең __________________________
Өлшем бiрлiгi: __________________
Жеке сәйкестендіру коды, ішкi банктiк шоты | Сипаттамасы | Кiрiс қалдық | Дебет | Кредит | Кезеңдегi сальдо | Шығыс қалдық |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы, ақылы қызметтер шоттарындағы қалдықтар туралы есеп
Өңiр: _______________________________
Бюджет түрi: _________________________
Мемлекеттік мекеме коды: _____________
Мемлекеттік мекеме атауы: _____________
Кезең ________________________________
Өлшем бірлігі: ________________________
Күні | Операция түрі | Төлеуге берілетін шоттың нөмірі | Ақылы қызметтер шоты | Төлемді алушының/жіберушінің атауы | Дебет | Кредит | Шығыс қалдық |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Шығыс қалдық:
Жауапты орындаушы _______________ (қолы)
Мөртабан орны
Ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы қалдық
Мемлекеттік мекеме: ___________________
Қаржыландыру көзі – 3 (ақылы қызметтер)
Мекеме/бағдарлама/кіші бағдарлама | Ерекшелік | Орналасқан жері | Мемлекеттік мекеме | Жыл басынан бастап жоспар | Қабылданған міндеттемелердің сомасы | Жыл басынан бастап іс жүзінде | Тоқсандағы жоспар | Іс жүзінде бір күнде | Бос қаражат қалдықтары |
Түсімдердің бюджеттік сыныптама коды | |||||||||
Түсімдер жиыны | |||||||||
Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды | |||||||||
Шығыстар жиыны | |||||||||
Қолма-қол ақшаны бақылау шоты | |||||||||
Қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы жиыны |
Жауапты орындаушы _______________ (қолы)
Мөртабан орны
___ жылғы "___" __________ (ұсынылған күнi)
№ __ қорытынды
__ жылғы "___" ____________ |
_________________ |
____________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
өтініш бойынша ______________________________________________________
(төлеушiнiң тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) немесе атауы, жеке
сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
қайтару/есептеу туралы (бюджетке артық (қате) төлеген сомалар)
сомасы ________________________ теңге (цифрмен және қолмен таратып жазу)
Көрсетiлген сома ___________________________________ шотта жасалды
(Жеке сәйкестендіру коды, түсiмдердiң коды мен атауы, мемлекеттік кірістер органның
атауы мен бизнес –сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ аударуға жатады
(Жеке сәйкестендіру коды, түсiмдердiң коды мен атауы, бенефициар, оның жеке
сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі және шот нөмірі)
____________________________________________________________________
(бенефициар банкiнiң, мемлекеттік қазынашылық органының атауы)
Төлем белгілеу коды _____________________________
Банктік сәйкестендіру коды, бенефециар коды ________
Уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы __________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
| Бұйрығына 7-қосымша | |
| Бюджетті қазынашылық атқару | |
| және оларға кассалық қызмет | |
| көрсету рәсімдеріне, | |
| қазынашылық есепке алу және | |
| мониторинг рәсімдеріне | |
| 109-қосымша |
___ жылғы "__" ______________ шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім
Мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының атауы және коды ______
Тапсырыс бойынша: ___________________________
Пошталық мекенжайы: ___________________________________________
(мемлекеттік мекеме/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы)
Уәкілетті мәміле бойынша мәселелерді шешуге жауапты орындаушының
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
________________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеме/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы немесе
мемлекеттік қазынашылық органдары)
Мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берілген соманы қарыз алушының тартқан
шетел валютасындағы шоты: __________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі мемлекеттік қазынашылық шоты,
банктік сәйкестендіру коды _________________________
Шетел валютасындағы қаражатты пайдалану бағыты: ________________
(төлеуге берілетін шотта төлемнің мақсатында сәйкес келетін төлемнің мақсаты,
азаматтық-құқықтық мәмілені (келісімнің, келісімшарттың) тіркеу туралы
хабарламаның нөмір көрсетіледі)
Төлем белгілеу коды: _______
Төлеуге берілетін шоттың нөмір: _______
Біздің шотымыздың есебінен және біздің атымыздан төмендегідей шарттарда шетел валютасындағы ақшаны айырбастауға мәміле жасасуды тапсырамыз:
Валюта түрі | Валютаны айырбастау сомасы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi бағамы | Теңгеге айырбастау сомасы |
Өтінім іс-әрекетінің мерзімі __жылғы "__" ______ дейін
Қаржыландыру көзі: ________________________________
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының немесе мемлекеттік қазынашылық органдарының басшысы
____________ _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны
Бас бухгалтер ____________ _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөртабан орны
| Бұйрығына 8-қосымша | |
| Бюджетті қазынашылық атқару | |
| және оларға кассалық қызмет | |
| көрсету рәсімдеріне, | |
| қазынашылық есепке алу және | |
| мониторинг рәсімдеріне | |
| 110-қосымша |
___ жылғы "__" ______________ шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім
Мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының
атауы және коды: ________________________
Тапсырыс бойынша: __________________________
Пошталық мекенжайы: ___________________________________________
(мемлекеттік мекеме/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы)
Мәміле бойынша мәселелерді шешуге уәкілетті жауапты орындаушының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда): ______________________________
(мемлекеттік мекеме/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы не
мемлекеттік қазынашылық орган)
Мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының
шетел валютасындағы шоты: _________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi мемлекеттік қазынашылық шоты,
банктік сәйкестендіру коды __________________________
Төлем мақсаты: __________________
Төлем белгілеу коды: _____________
Теңгемен алатын алушының шот деректемелері (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бюджеттік сыныптама коды немесе кіріс коды) ___________________________
Біздің шотымыздың есебінен және біздің атымыздан төмендегідей шарттарда шетел валютасындағы ақшаны қайта айырбастап алуға мәміле жасасуды тапсырамыз:
Валюта түрі | Валютаны қайта айырбастау сомасы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi бағамы | Теңгеге айырбастау сомасы |
Өтінім іс-әрекетінің мерзімі __жылғы "__" ______ дейін
Қаржыландыру көзі: ________________________________
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының немесе мемлекеттік қазынашылық органдарының басшысы
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны
Бас бухгалтер ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) (қолы)
Мөртабан орны
Мемлекеттік қазынашылықпен толтырылады
| Бұйрығына 9-қосымша | |
| Бюджетті қазынашылық атқару | |
| және оларға кассалық қызмет | |
| көрсету рәсімдеріне, | |
| қазынашылық | |
| есепке алу және | |
| мониторинг рәсімдеріне | |
| 120-қосымша |
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда және басқа да қаржы құралдарына уақытша бос қаражаты туралы ақпарат
Аймақ: ______________________________
Бюджет түрі: _________________________
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауы: ________
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің коды __________________
Мерзімі: ________ бастап __________________
Өлшем бірліктері: мың теңге
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды | Квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы | Кіріс қалдығы | Дебет | Кредит | Кезеңге арналған сальдо | Шығыс қалдығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Есеп бойынша жиыны: | ||||||
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы _____________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөр орны
| Бұйрығына 10-қосымша Бюджетті қазынашылық атқару және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне 134-қосымша |
Бюджетке есепке алуға жатпайтын бюджеттік сыныптама кодтары
Өңір _________________________________
Банктік сәйкестендіру коды ________________________
Өңір | Банктік сәйкестендіру коды | Алынып тастау | Енгізу |
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысы
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
_____жылғы "__"_________
Мөр орны
Мемлекеттік кірістер органының басшысы __________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
_____ жылғы "__"_________
Мөр орны
Мемлекеттік қазынашылық органының басшысы _____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда)
_____ жылғы "__"_________
Мөр орны