Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      048 "Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      "005 Ішкі қарыздар есебінен";
      517 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      046 "Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      "005 Ішкі қарыздар есебінен";
      518 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 046 бюджеттік бағдарламасы және 005 және 015 кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
      "046 Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру
      005 Ішкі қарыздар есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:
      454 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 028 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
      "028 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру";
      мынадай мазмұндағы 023 бюджеттік бағдарламасы бар 487 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "487 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
      023 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру";
      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:
      454 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 029, 030 және 031 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
      "029 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау
      030 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру
      031 Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру";
      487 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 024, 034 және 035 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
      "024 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау
      034 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру
      035 Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру";
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 100, 102, 103, 106, 107, 108, 109, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 121, 123, 124, 125, 126, 133, 139, 148, 149, 165, 166, 167, 168 және 169 бюджеттік бағдарламалары бар 777 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "777 Облыстың туризм және инвестиция басқармасы
      001 Жергілікті деңгейде туризмді және инвестицияларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
      002 Ақпараттық жүйелер құру
      003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
      004 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      103 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
      113 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
      114 Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      121 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу
      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу
      125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, ағымдағы шығыстарға арналған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      126 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша даму шығыстарына аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері
      133 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттер
      139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу
      148 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу
      149 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттер
      165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
      166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту
      167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру
      168 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      169 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттері";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      310 "Бюджеттік субсидиялар" кіші сыныбында:
      "

 
312
Мемлекеттік кәсіпорындар болып табылмайтын заңды тұлғаларға субсидиялар
Осы ерекшелік бойынша мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларға субсидиялар беру көрсетіледі.
 

      "
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "

 
312
Мемлекеттік кәсіпорындар болып табылмайтын заңды тұлғаларға субсидиялар
Осы ерекшелік бойынша мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын заңды тұлғаларға субсидиялар беру көрсетіледі.
 

      ".
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев