Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 8C-10/15 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С-39/2 шешімі

      Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 16 қарашадағы № 8C-10/15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8647-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      11-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы _________ Н. Сексенов