"Астана қаласының аумағында жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 433/56-VIII шешімі

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласының аумағында жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1362-01 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында:

      3-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) астананың орманды-саябақ аймағы – қала аумағын қоршап тұрған және қорғаныс, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және туристік функцияларды орындайтын аймақ;";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Жасыл екпелердің барлық түрлері:

      қаланың шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу, жеке тұрғын үй, жеке қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде және зират учаскелерінде өсетін жасыл желектерді қоспағанда;

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелердің жерсіну актісін толтыру;

      жасыл екпелер тізілімін жүргізу;

      дендрологиялық жоспарды әзірлеу;

      елорданың орманды-саябақ аймағы аумағында осы учаскедегі орман дақылдарының жалпы жай-күйін көрсететін жерлерде сынама алаңдарын салу және оларда егілген (себілген) өсірілетін тұқымды өсімдіктерді қайта санау, соңынан алаңның бір гектарына қайта есептеу арқылы орман дақылдарын түгендеуге жол беріледі.";

      38-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.";

      57-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "57. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда, өтемақылы отырғызу бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.";

      58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "58. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) бекітілген өсімдіктер дүниесін қорғау, сақтау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзумен келтірілген зиян мөлшерін есептеу үшін базалық мөлшерлемелермен көзделген өсімдіктер дүниесіне келтірілген зиянның мөлшері уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен есептеледі".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден