Самар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 25-2/VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Самар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Мәслихат төрағасы Г. Шаймарданова