Күршім ауданында 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 45/3-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күршім ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін .

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады

      Күршім аудандық мәслихатының төрағасы К. Бахтияров